y=√x функциясы, оның қасиеттері мен графигі 2-сабақ (Б-бөлімі) (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)

 y=√x функциясы, оның қасиеттері мен графигі 2-сабақ (Б-бөлімі) (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Квадрат түбір және иррационал өрнектер
Сабақ тақырыбы: y=√x функциясы, оның қасиеттері мен графигі 2-сабақ (Б-бөлімі)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.4.1.1 y=√x функциясының қасиеттерін білу және оның графигін салу;
8.4.1.4 аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табу және функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табу.
Сабақ мақсаттары: y=√(x+m)+n функциясының графигін салу;
y=√x функциясының қасиеттерін қолдану;
аргументтің берілген мәндері бойынша y=√x функциясының мәндерін табу;
y=√x функциясының берілген мәні бойынша аргументтің мәнін табу.

Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.
Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

Қайталау.
Мұғалім ауызша сұрау арқылы оқушылардың өткен сабақта меңгерген y=√x функциясы туралы білімдерін, оның қасиеттерін қайталайды.
3. Тақырыпты тереңдету.
Мұғалім оқушыларға y=-√x функциясының графигін салуды және осы функцияның қасиеттерін y=√x функциясының қасиеттерімен салыстыруды ұсынады.
Жұмысты аяқтаған соң, оқушылар мұғаліммен бірге қорытынды жасайды.

Содан соң мұғалім оқушыларға функциясының графигін қалай салуды көрсетеді және де салудың әрбір кезеңін түсіндіреді.

Оқушыларға келесі тапсырмаларды орындау ұсынылады:
функциясының 0-ден 4-ке дейінгі кесіндідегі ең кіші және ең үлкен мәндерін табыңыз.
функциясының 3-тен 11-ге дейінгі кесіндідегі ең кіші және ең үлкен мәндерін табыңыз.

Жұмысты аяқтаған соң, оқушылар мұғаліммен бірге қорытынды жасайды.
4. Өтілген тақырыпты бекіту.
Мұғалім оқушыларға тапсырмаларды жеке орындауды ұсынады. Бұл тапсырмалар y=√(x+m)+n функциясының графигін салу дағдысын дамытуға бағытталған.
Мұғалім оқушыларға қиындық туған сәтте көмек береді, оларға сұрақтар қойып, бағыт-бағдар береді. Оқушылардың типтік қателері бүкіл сыныппен талқыланады. Оқушылар жұмысты аяқтаған соң, жұптарда дайын жауаптар көмегімен өзара бағалау жүргізеді, сонымен қатар, мұғалім оқушылардың жұмысын белгіленген критерийлерге сәйкес бағалайды.
Бағалау критерийлері:
Оқушы
y=√(x+m)+n функциясының графигін салады;
y=√(x+m)+n функциясының анықталу облысын табады;
y=√(x+m)+n функциясының мәндер облысын табады.

5. Теңдеуді графикалық әдіспен шешу алгоритмі.
Оқушылар мұғаліммен бірге теңдеулерді графикалық тәсілмен шешу алгоритмін талқылайды. Содан кейін осы алгоритмді қолдану мысалын талдайды.

6. Жұптық жұмыс.
Мұғалім оқушыларға тапсырмаларды жұптарда орындауды ұсынады. Мұғалім оқушыларға қиындық туған сәтте көмек береді. Оқушылардың типтік қателері бүкіл сыныппен талқыланады. Мұғалім қажеттілігінше тақта алдында жұмысты орындауды ұйымдастыра алады және сол кезде шешімді дұрыс жазуға назар аударылады.
Мұғалім оқушылардың жұмысын белгіленген критерийлерге сәйкес бағалайды, сонымен қатар, жұптық жұмыс кезінде әрбір оқушының үлесін бақылайды.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 582



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі