y=√x функциясы, оның қасиеттері мен графигі 4-сабақ (Б-бөлімі) (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)

 y=√x функциясы, оның қасиеттері мен графигі 4-сабақ (Б-бөлімі)  (Алгебра, 8 сынып, I тоқсан)

Пән: Алгебра
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Квадрат түбір және иррационал өрнектер
Сабақ тақырыбы: y=√x функциясы, оның қасиеттері мен графигі 4-сабақ (Б-бөлімі)
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 8.4.1.1 y=√x функциясының қасиеттерін білу және оның графигін салу;
8.4.1.4 аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табу және функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табу.
Сабақ мақсаттары: y=k√(x+m)+n функциясының графигін салу;
y=k√(x+m)+n функциясының анықталу облысын табу;
y=k√(x+m)+n функциясының функциясының мәндер облысын табу;
аргументтің берілген мәндері бойынша y=√x функциясының мәндерін табу;
y=√x функциясының берілген мәні бойынша аргументтің мәнін табу;
теңдеулерді графиктік тәсілмен шешу.
Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.
Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

Қайталау.
Мұғалім ауызша сұрау арқылы оқушылардың өткен сабақта меңгерген y=√x функциясы туралы білімдерін, оның қасиеттерін қайталайды.
3. Есеп шығару. Жеке жұмыс.
Мұғалім оқушыларға тапсырмаларды жеке орындауды ұсынады. Бұл тапсырмалар функциясының графигін салу, оның анықталу облысы мен мәндер облысын табу дағдысын дамытуға бағытталған.
Мұғалім оқушыларға қиындық туған сәтте көмек береді, оларға сұрақтар қойып, бағыт-бағдар береді. Оқушылардың типтік қателері бүкіл сыныппен талқыланады. Оқушылар жұмысты аяқтаған соң, жұптарда өзара бағалау жүргізеді, сонымен қатар, мұғалім оқушылардың жұмысын белгіленген критерийлерге сәйкес бағалайды.
Бағалау критерийлері:
Оқушы
y=k√(x+m)+n функциясының графигін салады;
y=k√(x+m)+n функциясының анықталу облысын табады;
y=k√(x+m)+n функциясының мәндер облысын табады.

Жұмысты аяқтаған соң, оқушылар мұғаліммен бірге қорытынды жасайды.

4. Тест.
Оқушыларға жеке жұмыс ретінде тест тапсырмалары ұсынылады, олар оқушыларға y=√x функциясы туралы барлық өтілген материалды жан-жақты қайталауға көмектеседі.
Тест тапсырмаларының жауаптарының әрбір нұсқасына белгілі бір әріп сәйкес келеді. Егер оқушы барлық тапсырмаларды дұрыс орындап, барлық тиісті әріптерді жазып берсе, кілт сөз пайда болады.

Дұрыс жауап: ОКЕАНАРИУМ.
Океанариум — ғылыми-ағарту мекемесі, әдетте, коммерциялық емес, тірі теңіз табиғаты мұражайы. Әдетте, океанариумдарда әртүрлі көлемді бірнеше бассейндер бар. Шағын океанариумдарда ұсақ балықтар мен омыртқасыздар бар, ал оларды бақылау үшін бассейннің бүйір қабырғаларының бірін мөлдір етеді. Ірі океанариумдарда үлкен балықтар, тасбақалар, киттер бар.
Астанада әлемдік мұхиттан ең алыс орналасқан океанариум бар. Теңізден алыс жерде теңіз түбіне түсіп, түрлі балық пен мұхит тереңдігін тамашалау шын мәнінде таңқаларлық....


Ұқсас мақалалар:
0 + 0 -

Іздеп көріңіз:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу

Келесі мақала ашылудa...