Өлшеу нәтижесін өңдеу (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

 Өлшеу нәтижесін өңдеу  (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Физикалық шамалар және өлшеулер
Сабақ тақырыбы: Өлшеу нәтижесін өңдеу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 10.1.2.2 - зертханалық жұмыстарды жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалау және ескеру;
Сабақ мақсаттары: Оқушылар сабақ барысында физикалық шамалар түрлерін біледі. Және физикалық тәуелді, тәуелсіз және өзгермейтін шамаларды ажырата алады.

- Ұйымдастыру
- Үй тапсырмасын жеке фронтальды сұрақтар қою арқылы шолып шығу.
- Сабақтың мақсатын сұрақтар қоя отырып айқындату.

1. Эксперимент жасау – өзгермейтін шамалардың тұрақты болған жағдайларында тәуелсіз шаманың тәуелді шамаға әсерін практикада зерттеу.
Тәуелсіз физикалық шаманы экспериментатор өзі өзгертеді.
Тәуелді физикалық шама тәуелсіз шаманың өзгерісіне тәуелді өзгереді.
Өзгермейтін шамалардың тұрақтылығын экспериментатор өзі қадағалап отырады.

2. Оқушыларда жұппен немесе жеке қысқаша зерттеу жүргізу үшін кем дегенде, тағы бір мүмкіндік болуы тиіс. Оны, аздаған зерттеу тапсырмасын беру және шамамен 40 минут бөлу және жоспарлауға үй жұмысын беріп жасаған дұрыс, осыдан кейін кем дегенде, эксприменттік жұмысқа 80 минут бөлу, одан кейін үй тапсырмасын – қорытындылар мен бағалаудан тұратын баяндаманы жазу.
Сонымен қатар олар үшін сыныптың алдында өзінің нәтижелері туралы есеп жасау жақсы мүмкіндік болар еді – әсіресе әртүрлі топтарда әртүрлі тапсырмалар белгіленген кезде.

3. Оқушылар жұмыс тақырыбына сай керекті құрал-жабдықтарды жинақтап, жұптасып, тапсырманы орындайды.
4. Бағалау критерийлері
Жұмыс мақсатын айқындайды «1»
Тәуелді және тәуелсіз шаманы ажырата алады «1»
Өзгермейтін шаманы табады «1»
График тұрғызады «1»
Грфиктен градиент пен интерсеп табады «1»
1 тапсырма
Жұмыс барысында массасы мен серпімділік күші өзгеріп отыратын, екі серіппеге ілінген жүктің тепе-теңдік күйін зертте.
2 тапсырма
F-тің m –ға тәуелді графигін сызып, градиент пен интерсеп анықтаңыз.

Тапсырма және сабақ бойынша қорытынды жасау. Сабақ барысында пайда болған қиындықтарды талқылау......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 431



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі