Әр түрлі түрлерді сипаттауда бинарлық номенклатураны қолдану (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

 Әр түрлі түрлерді сипаттауда бинарлық номенклатураны қолдану (Биология, 9 сынып, I тоқсан)

Пән: Биология
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі ағзалардың көп түрлілігі. Биосфера және экожүйе
Сабақ тақырыбы: Әр түрлі түрлерді сипаттауда бинарлық номенклатураны қолдану.
Осы сабақтың көмегімен қол жеткізілетін оқу мақсаты: 9.1.1.1 әр түрлі түрлерді сипаттауда бинарлы номенклатураны қолдану
9.1.1.2 Өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін ерекшелік белгілері бойынша танып білу (анықтағыш бойынша)
Сабақтың мақсаттары: Тірі ағзалардың көптүрлілігін түсініп, бинарлы номенклатураны пайдалану
Бинарлы номенклатураның көмегімен түрлерді сипаттау (анықтағыш бойынша)
Бинарлы номенклатураның өмірдегі рөлін түсіндіру.

Сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстыру сабақты сілтемеде берілген өлеңмен бастауға болады
немесе
Өткен білімді еске түсіру сұрақтары талқыланылады:
Түрлердің көп түрлілігі дегенді қалай түсінесіз?
К.Линней туралы естідіңіз бе?
Бинарлы номенклатура ұғымын қалай түсінесіз?
Бинарлы номенклатураға мысал келтіре аласыз ба?
немесе
Сабақ басында қабыландар туысы мүшелерінің суреттерін көрсетуге болады:
Panthera leo (арыстан)
Panthera onca (теңбілшер)
Panthera pardus (қабылан)
Panthera tigris (жолбарыс). Осы суреттерді талқылау арқыл сабқ тақырыбын ашуға болады.
(I) Оқушыларға патшалық, тип, топ, отряд, тұқымдастар, туыс және түр сияқты сөздерден тұратын карточкалар таратылады.
Содан кейін олар карточкаларды дұрыс ретімен қояды.
Жануарлар:Түр---туыс-----тұқымдас------отряд------топ----тип----патшалық
Өсімдіктер: түр---туыс----тұқымдас-----қатар-----бөлім-----патшалық
Тапсырма: Берілген тізбектегі өсімдіктердің жүйелік систематикасын құру тапсырмасы беріледі.
Дүние, Тип, Бөлім, Класс, Қатар, Отряд, Тұқымдас, туыс, түр, жануарлар, өсімдіктер, жоғары сатыдағы, төменгі сатыдағы, споралы, тұқымды, ашық тұқымды, жабық тұқымды, дара жарнақты, қос жарнақты, раушангүлділер, бұршақ, асқабақ, астық, раушантәрізділер, бұршақтәрізділер, итмұрын, жабайы итмұрын.
(T) Оқушыларға бір тұқымдастардың бірнеше көптүрлілігінің бірнеше биноминалды атауларын көрсету. Оқушыларға олардың арасындағы байланысты анықтауды тапсыру.
Мысалы: Жыртқыштар отряды, мысық тұқымдасы, Азиялық қабылан, қамыс мысығы, шағыл мысық, тау сілеусіні, қар барысы.Осы сөздерді пайдаланып классификация жасауды тапсыру. Осы жануарлардың отряды мен тұқымдасы берілген, олар одан жоғары таксономиялық топтарын анықтауы қажет. (осы тапсырма бойынша құрылатын кластер сабақ жоспарының төменгі жағында бар)
Зертханалық жұмыс. Анықтауыш көмегімен жергілікті аймақтың өсімдіктері мен жануарларын анықтау үшін жергілікті хайуанаттар бағына баруды жоспарласаңыз жақсы болар еді. Бұл зертхананы орындаудың ең қызықты тәсілі болады. Оқушыларға хайуанаттар бағындағы жануарлардың биноминалды атаулары таратылады. Содан соң олар барып, жергілікті атауды табулары қажет. Хайуанаттар бағының көпшілігі экранға түрлердің жергілікті және биноминалды атауларын шығарады, бірақ мұны ең алдымен тексеріп алу қажет.
немесе оқушыларға жергілікті аймақтың жануарлары мен өсімдіктерінің суреттері, ылғалды препараттары немесе кеппешөптері таратылады. Анықтауыш оқулықтар, дихотомиялық кілттер, дайын биноминалды атаулары беріледі. Оқушылар сол түрлерді анықтайды.
Кейбір бұрын бітірген оқушыларға қосымша тапсырма беруге болады..........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 744



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!