Мерекелерді тойлау мәдениеті мен спорттық ойындар (Дүниетану, 3 сынып, IV тоқсан)

 Мерекелерді тойлау мәдениеті мен спорттық ойындар (Дүниетану, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Демалыс мәдениеті. Мерекелер»
Сабақ тақырыбы: Мерекелерді тойлау мәдениеті мен спорттық ойындар
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.6.1 Зерттеу негізінде Қазақстанда тұратын халықтардың мерекелеріне шығармашыл көзқараспен қарау.
3.1.4.2 Спорт түрлерін топтау, спорт түрлерінің қайсысына өзінің қарым-қабілетінің жететінін анықтау.
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
- Қазақстанда аталып өтілетін мерекелердегі спорттық ойындардың маңызын түсінеді.

1. «Шаттық шеңбері» (ұжымда)

Оқушылар шеңберге тұрады, допты бір-бірлеріне беру арқылы өздері білетін мерекелердің барлығын атап шығады. Мұғалім оларды тақтаға жазып отырады. Аталған мерекелерді атап өту маңыздылығы сұралады.
Сұрақтар арқылы сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтайды.

2. Сабақ мақсатын анықтау(ұжымда)
• Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
• Сабақ мақсаты ұсынылады:
- Қазақстанда аталып өтілетін мерекелердегі спорттық ойындардың маңызын түсінеді.

3. «Мен қай мерекемін?» ойыны (ұжымда)

Оқушыларға «Мен кіммін?» ойыны желісімен «Мен қай мерекемін?» ойынын ойнау ұсынылады. Оқушылар бастарына киген тәжге карталарды тағып, әр түрлі сұрақтар қою арқылы қай мереке туралы айтылып тұрғанын табулары тиіс.

Бағалау критерийлері:
-Қазақстанда тұратын халықтардың мерекелерін біледі;
- Қазақстанда аталып өтілетін мерекелерді сипаттай алады;


4. «Екі сандық» стратегиясы (топпен, ұжымда)
Мұғалім тақтадағы мерекелерде қандай спорттық ойындар өтетін талдауға тапсырма береді.
Таңдалған спорттық ойындарды топтау үшін әрбір топқа екі сандықтан (жәшіктен) беріледі:
1-топ: Ұлттық, олимпиадалық;
2-топ: Жазғы және қысқы ойындар;
3-топ:Интеллектуалды ойындар, дене қозғалыс ойындары;
4-топ: Командалық, жеке.

Осы жәшіктерге оқушылар спорт түрлерін жазып (немесе дайын тізімнен таңдап) әрбір жәшікке салу керек.
Спорт түрлерін топтап болғаннан кейін, әр топтан бір көшбасшы шығып, өз жәшіктеріндегі спорт түрлеріне сипаттама беріп, олардың маңыздылығын айтып береді.

Бағалау критерийлері:
- Мерекелерде ұйымдастырылатын спорттық ойындарды топтай алады.
- Мерекелерде ұйымдастырылатын спорт ойындарының маңыздылығын түсінеді.........


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 374



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі