Халқым менің қонақжай (Дүниетану, 3 сынып, IV тоқсан)

 Халқым менің қонақжай (Дүниетану, 3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Дүниетану
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Демалыс мәдениеті. Мерекелер»
Сабақ тақырыбы: Халқым менің қонақжай
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 3.1.1.3 Отбасылық құндылықтарды анықтау
3.1.1.4 Өз шығындарын жоспарлау және дәлелдеу
3.1.1.5 Өз шығындарын тиімді етудің жолдарын ұсыну
Сабақ мақсаттары: Оқушылар
- Қонақжайлықты отбасы құндылығы ретінде анықтайды;
- Өз шығындарын жоспарлайды, негіздейді және үнемдеу жолдарын ұсынады.

1. Starter «4Т ережесі» (ұжымда)
Оқушылар сыныптың бос алаңына шығып, бір-бірлеріне тілек айтып, жақсы көңіл күй сыйлайды. Барлығы бірге бүгінгі сабаққа сынып ережесін құрады.
Мысалы:
тәртіп,
талап,
тазалық,
татулық.

2. Сабақ мақсатын анықтау (ұжымда)
• Сабақ тақырыбы мен мақсаты жайлы оқушылардың болжамдары айтылады.
• Сабақ мақсаты ұсынылады:
- Қонақжайлықты отбасы құндылығы ретінде анықтайды;
- Өз шығындарын жоспарлайды, негіздейді және үнемдеу жолдарын ұсынады.

3. «Мақал-мәтелдердің мағынасын анықта» тапсырмасы (жұппен, ұжымда)
Әр жұпқа отбасы, достық, қонақжайлық, ақша туралы мақал-мәтелдер таратылады. Оқушылар мақал-мәтелдердің мағынасын сұрақтар қою арқылы талқылайды.
Талқылау сұрақтары:
-Мақал – мәтелдердің мағынасы неде?
-Мақалдардың бір-бірімен байланысы бар ма?

Бағалау критерийлері:
- Мақал-мәтелдердің мағынасын ашады.

4. «Қонақ күтеміз» ойыны

Оқушылар екі топқа бөлінеді: бірінші топ - «Қонақтар», екінші топ -«Үй иелері». Ойын түрінде қонақты қалай күту керек екендігін көрсету ұсынылады.
- қонақпен амандасу;
- үйге кіргізу;
- төрге шығару;
- дастархан жайып, қонақ күту;
-шығарып салу.

Бағалау критерийлері:
- қонақжайлықты келген қонаққа таныта алады; ......



Іздеп көріңіз:

Қарап көріңіз:

Пікір жазу

Келесі мақала ашылудa...