Абайдың Баянға берген бағасы (8 сынып, III тоқсан )

 Абайдың Баянға берген бағасы (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлімі: Жасөспірім және заң
Сабақтың тақырыбы: Абайдың Баянға берген бағасы
Сабақтың мақсаты:
8.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып мақала құрастырып жазу.
Сабақ барысы: Қызығушылықты ояту:
Берілген үзіндіні қалай түсінесіз? Ол үзіндіге өз ойыңызды үш сөйлеммен білдіріңіз.
...Бақытсыздыққа осы себеп болды деп ұйғарады. Қозы әкесіне: "Батаңды бермесең де, жол сілте" дейді. Әкесі: "Қырық бір күнде Аягөз барасың, сонда бір кемпір кез келер", - деп жауап береді. Кемпірге келсе, ол:
- Атың арық, жүзің сарық, жол болсын, балам! - дейді.
- Ерні сетік сары атан көрдің бе? - дейді Қозы.
- Ерні сетік сары атан қайын атаң Сарыбай болмасын?
- Сылаң аяқ құба інген көрдің бе?
- Сылаң аяқ құба інгенің қайын енең Құба кемпір болмасын?
- Жез бұйдалы нар тайлақ көрдің бе?
- Ол сүйген жарың Баян шығар? - дейді кемпір.
Сабақ мақсаттары мен бағалау дескрипторы таныстырылады.
Мағынаны тану кезеңі.
1-тапсырма: Берілген үзіндіні оқып, қыз сипатын көрсететін тұстарын теріп жазыңыз. Автор қандай көркемдегіш құралдарды қолданғанына тоқталыңыз.
Тал шыбықтай бұралған ол бір керім,
Мінеки, оны айтар келді жерім.
Аппақ бет, жүзі қызыл, көзі қара,
Қиғаш қара қасы бар сондай керім.
Аппақ керік маңдайлы, қолаң шашты,
Шашының ұзындығы тізе басты.
Аузы гүлдің басындай, тісі меруерт,
Мұндай сұлу жаһанда жаралмас - ты.
Тоты құстай жүрісі, қылығы бар.
Малың түгіл басыңды берсең де аз.
Сыртынан күлімсіреп сөйлеседі,
Көңілі еш, кімді менсінбес, жанмен араз.
Жұрт айтатын темірлі күймесі бар,
Қозы Көрпеш дегенде дүниесі тар.
Анда-санда болмаса көрінбейді
Жалғыз жатып жары үшін қылады зар.
Мұғалімнің кері байланысы мен бағалауы.
2-тапсырма: Абайдың Баянға берген бағасын оқып, бүгінгі күні осындай махаббаттың барына сеніп немесе сенбейтіндігіңізді дәлел келтіре отырып айтыңыз.
Ойлашы солар шене дос емес пе?
Өзге доспын дегендер бос емес пе?
Ақ ашық, алла қосқан осы емес пе?
Жарын көріп жан беріп сап-сау Баян,
Үлгі болған кейінгі ұрпақтарға.
Мұғалімнің кері байланысы мен бағалауы
3-тапсырма:
Екі үзіндінің бірін таңдап, өз пікіріңізді білдіріп жазыңыз. Сөз көлемі-80.
Бағалау критерийлері:
1. Жанр ерекшелігін сақтап жазады;
2. Үзінділерден аргументтер келтіріп жазады. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 708



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?