Қыздың сұлулығы неде? (8 сынып, III тоқсан )

 Қыздың сұлулығы неде?  (8 сынып, III тоқсан )

Пән: Қазақ тілі
Бөлім атауы: Жасөспірім және заң
Сабақтың тақырыбы: Қыздың сұлулығы неде?
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: 8.1.6.1 коммуникатив тік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу
8.3.2.1 жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай тілдік құралдарды орынды қолданып тезис құрастырып жазу
Сабақтың мақсаттары: Мәтінге өзгеріс енгізу арқылы жеке көзқарасын білдіру.
Символ мен кейіптеу түрлерін орынды қолдану.
Сабақ барысы: Оқушылар суреттерге қарап, сабақтың тақырыбын болжайды.
Сабақ тақырыбын анықтап, мақсатымен танысады
Оқылым алдындағы тапсырма
Ой толғау. «Ашық микрофон»
Оқушылар қойлған сұрақ төңірегінде ойланып, өз ойларымен бөліседі.
«Қыз сұлулығы» деген тіркесті қалай түсінесіз?
Топтық жұмыс
Төмендегі сұрақ бойынша оқушылар арасында дебат өтеді.
Мұғалім дебаттың өзара сыпайлылық қатынасты бұзатын, мәдениет нормаларына қайшы келетін бағыт алмауын қатаң қадағалауы тиіс. Оқушыларға аргументтердің нақты әрі гендерлік саясатқа қайшы болмауын алдын ала ескерту керек.
Жігіттердің көбінесе сыртқы сұлулыққа ғашық болатыны рас па?
Оқылым тапсырмасы
Жеке жұмыс
Мәтінді оқып, кейіпкерлердің әрекетіне баға береді. Жауапты ПОПС тәсілі бойынша дайындайды.
Бір сұлу қыз туралы әңгіме
Айдай сұлу бір ару көше бойымен кетіп бара жатады. Бір кезде бейтаныс жігіттің соңынан еріп келе жатқанын байқайды. Сол кезде артына бұрылып, жігіттен сұрайды: - Жігітім, сен мені неге аңдып келе жатырсың? Сонда жігіт: - О, жүрегімнің патшасы, сенің сұлулығың мені өзіне ғашық етті. Соңыңнан еруге мәжбүрледі. Жұрт мені сыбызғыда ойнап, махаббат туралы жүректі тербейтін жыр оқып, бойжеткендердің жүрегін жаулайтындығымды жарыса айтады. Ал мен саған сөз салғым келіп тұр, - деді. Ару қыз оған аз уақыт қарап тұрып: - Сен маған қалайша ғашық болдың? Жасы кіші сіңілім менен әлдеқайда әдемі әрі тартымды. Ол менің соңымнан келе жатыр, жүзіне бір қарашы, - дейді. Жігіт сәл кідіріп, артына қарайды. Сол сәтте кәрі кемпірді көреді. Артынша қашып бара жатқан аруды қуып жетуге талпынады. Оны қуып жеткен соң көзін төмен түсіріп: - Сен маған қалайша өтірік айттың? - деп сұрайды. Ару жымиып тұрып: - Досым, сен де ант-су ішіп жатқан кезде маған шындықты айтпадың. Бар болғаны махаббаттың заңдылықтарын жақсы біліп алғансың. Осы қасиетіңді өз керегіңе жаратқың келді. Өзге бойжеткенге қалайша бұрылып қарауға дәтің барды? - деп кетіп қалады.
Егер әңгіменің авторы сіз болсаңыз, сюжетке қандай өзгеріс енгізер едіңіз? Символ мен кейіптеу түрлерін қолданыңыз.
«Ыстық орындық». Оқушылар жұмыстарын «Екі жұлдыз бір тілек» техникасы арқылы өзара бағалайды.
Оқылымнан кейінгі тапсырма
«Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу» мақалды қолданып, сабақ тақырыбы бойынша қорытынды жасайды. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 870



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі