№132 Ұлттық ойын туралы не білемін? В дыбысы мен әрпі (1 сынып, 6 бөлім )

 №132 Ұлттық ойын туралы не білемін? В дыбысы мен әрпі  (1 сынып, 6 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақ тақырыбы: №132 Ұлттық ойын туралы не білемін? В дыбысы мен әрпі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.2.9.1 әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану
1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту
1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- мұғалімнің басшылығымен әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру;
- үлгі негізінде 3-4 буынды сөздерді буындап, 2-3 ашық және тұйық буынды сөздерді тұтас әрі түсініп оқу;
- сюжетті сурет бойынша жетекші сұрақтар көмегімен шағын әңгіме құрап айту;
- жазу жолда бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазу;
Оқушылардың көбі:
- әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіре дұрыс оқу;
- 3-4 буынды сөздерді буындап, 2-3 ашық және тұйық буынды сөздерді тұтас әрі түсініп оқу;
- сюжетті сурет бойынша берілген сөз, сөз тіркестерін қолданып, шағын әңгіме құрап айту;
- жазу жолында бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазу;
Оқушылардың кейбірі:
- әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру;
- құрылымы күрделі сөздерді буындап, 2-3 ашық және тұйық буынды сөздерді тұтас әрі түсініп оқу;
- сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту;
- жазу жолында бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазу;
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
(Ұ, Ж, қ) «Топтастыру» әдісі бойынша өтілген тақырыпты қайталау жұмысы жүргізіледі. Оқушылар дөңгелене тұрып, берілген сұрақтарға бірінен соң бірі кезектесе жауап береді.
Сұрақтар:
- Фуникулёр деп нені атайды?
- Қандай актёрлерді білесің?
- Телеграф сөзінді неше әріп, неше дыбыс бар?
- Я дыбысына сөздер айт.
- Шахтёр қандай қызмет атқарады?
- Тақия сөзіне дыбыстық талдау жаса.
Барлық оқушыларға ұлттық ойындардың суреттері үлестіріліп беріледі. Суреттер бойынша топқа бөлінеді. Әр топ ойын атауларына байланысты сөзге буындық талдау жасайды.
ТЕҢГЕ ІЛУ БӘЙГЕ ҚЫЗ ҚУУ
Мысалы: ТЕҢГЕ ІЛУ: тең- ге і-лу
БӘЙГЕ: бәй- ге
ҚЫЗ ҚУУ: қыз қу-у
Сабақ мақсатын хабарлау, бағалау критерийлерін оқушылармен бірге белгілеу.
1.2.9.1, 1.2.1.2 (Ұ, Ж, қ) «Ұқсастықты тап!» әдісі
Оқушылар «Ұқсастықты тап!» әдісі бойынша 13санының В әрпіне және бейнетаспаны тыңдап, В әрпінің көзілдірікке ұқсайтынын айтады.
Мұғалім оқушыларға «Әріптер мен сөздердің сиқырлы әлемі» кітабы «Шикула» баспасы бойынша әзірленген бейнетаспаны тыңдауды ұсынады.
Оқушылар диктор арқылы үнтаспаға жазылған тыңдалым жұмыстары негізінде «Вв» әрпімен толық танысады.
• «В»дыбысын хормен қайталату;
• «В»дыбысы бар сөздерді хормен қайталату;
• «В»дыбысы ұяң, дауыссыз дыбыс екенін аңғарту;
• «В»дыбысының сөздің басында, ортасында келетінін байқату;
Сонымен қатар оқушылар диктор арқылы В дыбысына байланысты суреттер мен сол сөздердің жазылуын экраннан көре отырып, есте сақтап, бірге қайталайды.
«Есіңе сақта!» әдісі
Оқушылармен бірге қайталап, есте сақтау
Дескриптор:
- әріпті таниды;
- әріпті дыбыспен сәйкестендіре айтады;
- сөздерді буындап оқиды;
1.2.9.1, 1.2.1.2, 1.3.8.1 (ЖЖ) Оқулықпен жұмыс
Оқулықтағы жасырылған текшедегі сөзді табу.
Теңге ілу, бәйге, қыз қуу топтары сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Әр топ ортада ой бөліседі. Сөздерді дәптерлеріне көшіріп жазады.
• Велосипед сөзіне дыбыстық талдау.
В- ұяң, дауыссыз дыбыс
е- жіңішке, дауысты дыбыс
л- үнді, дауыссыз дыбыс
о-жуан, дауысты дыбыс
с- қатаң, дауыссыз дыбыс
и- дауысты дыбыс
п- қатаң, дауыссыз дыбыс
е- жіңішке, дауысты дыбыс
д- ұяң, дауыссыз дыбыс
• Трамвай сөзіне дыбыстық талдау.
Т-қатаң, дауыссыз дыбыс
р-үнді, дауыссыз дыбыс
а-жуан, дауысты дыбыс
м-үнді, дауыссыз дыбыс
в- ұяң, дауыссыз дыбыс
а- жуан, дауысты дыбыс
й- дауыссыз дыбыс
• Автобус сөзіне дыбыстық талдау.
А- жуан, дауысты дыбыс
в- ұяң, дауыссыз дыбыс
т-қатаң, дауыссыз дыбыс
о-жуан, дауысты дыбыс
б- ұяң, дауыссыз дыбыс
у- дауысты дыбыс
с- қатаң, дауыссыз дыбыс
Мәтінді оқы. Ұлттық ойынның атын тап!
Әр топ өзара ақылдаса келе ұлттық ойынның атын тауып, айтады. (Бәйге немесе Ат жарысы)
Сонымен қатар топта ат жарысының жеңімпаздарына берілген заттың не екенін жұмбақты шешу арқылы табады.
Шешуі: Аквариум
Дескриптор:
- әріпті таниды;
- әріпті дыбыспен сәйкестендіре айтады;
- сөздерді буындап оқиды;
- сөздерді калиграфиялық талапқа сай жазады;
1.2.9.1, 1.2.1.2, 1.3.8.1 (МК, Ө) Көркем жазу.
В әрпін жазып үйренейік!

Мұғалім оқушылармен диктор арқылы үнтаспаға жазылған әріп бөліктерін бірге жазуды ұсынады.
• Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету;
• Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, жолдың жоғарғы және төменгі сызығына қарап үзбей және біркелкі жазу;
Дескриптор:
- әріп бөліктерін дұрыс салады;
- әріпті танып, ажыратады;
- әріптерді бір-бірімен байланыстырып жазады;
- жазу жолының жоғарғы және төменгі сызығын сақтап
жазады;
- дыбыстарды дұрыс оқиды;
Ой сергек. «Қай буында?» әдісі.
Мұғалім оқушыларға үнтаспадан диктордың «В» дыбысына байланысты айтылған сөздерін (В дыбысы буынның басында немесе ортасында келетінін) екі сандықшаның біріне салу керектігін ескертеді.
1.2.1.2, 1.1.8.1, (Т,Ұ), (Ө, Т, Қ) «Сиқырлы қобдиша» әдісі
«Ханталапай» ұлттық ойыны
«Сиқырлы қобдиша» әдісі арқылы алдымен бірінші топ сурет мазмұны бойынша жетекші сұрақтарды сандықшаға салады.
Оқушылар сюжетті суретке қарап, онда кімдердің бейнеленгенін, балалардың іс-әрекетіне байланысты сұрақтар қояды. Араластырылған сұрақтар еркін түрде қатысушыларға таратылып беріледі. Екінші топ сұраққа жауап береді. Ары қарай, екінші топ оқушылары бірінші топтың қойған сұрақтарына жүйелі, толық жауап береді. Мұғалім оқушылардың іс-әрекетін бақылап, бағыт беріп тұрады. Сұрақтарға жауап беру барысында оқушылар көп мәлімет алады. Соңында әр топ тірек сөздерді қолдана отырып өз мәтінін құрастырып айтады, ой бөліседі.
Жетекші ықтимал сұрақтар:
- Ойынға неше бала қатысады?
- Ойыншы «Талапай-ау, талапай, табылды ойын алақай» -деп, қоржындағы асықтарды кімдерге береді?
- Хан асығын ұтып алған баланы кім дейміз?
Тірек сөздер:асықтар, балалар, таласып, бес асық, хан асығы, асық ату, жеңімпаз, бүк, шік асықты
Ықтимал мәтін үлгісі:
«Талапай-ау, талапай, табылды ойын алақай» -деп, қоржындағы асықтарды балалардың алдына шашады. Балалар «Ханталапай» деп айқайлап,асықтарды бөліп алады. Жинаған асықтардың ішінен әр бала ойынға бес асықтан тігеді. Хан асығы қолына түскен бала ойынды бастайды. Балалар бүк асықпен, шік асықты ату арқылы асық жинайды. Хан асығын ұтып алған бала жеңімпаз атанады.
Дескриптор:
- сөздерді буындап, тұтас оқиды;
- сурет бойынша мәтін құрайды;
Сергіту сәті Ұлытау. «Жұмыр қылыш»
Бейнетаспадан би қимылдарын қайталату
1.2.9.1, 1.2.1.2 (Т, Ж) Шығармашылық тапсырма
«Ойлан, тап» әдісі
Көп нүктенің орнына қандай әріпті қоятындарын ойласып, топ алдында жария етеді. Сонымен қатар шығармашылық тапсырмадағы в әрпі бар сөздерді атайды.
Дескриптор:
- әріпті таниды, ажыратады;
- сөздерді тұтас оқиды;.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 624



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі