№126 Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Ф дыбысы мен әрпі (1 сынып, 6 бөлім )

 №126 Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Ф дыбысы мен әрпі (1 сынып, 6 бөлім )

Пән: Сауат ашу.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақ тақырыбы: №126 Ұлттық кейіпкерлер туралы не білемін? Ф дыбысы мен әрпі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану
1.1.4.1 мәтіннің мазмұнын тақырыбы, иллюстрациясы бойынша болжау
1.1.8.1 берілген сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту
1.3.8.1 жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу
Сабақ мақсаттары:
Барлық оқушылар:
- үлгі негізінде 3-4 буынды сөздерді буындап, 2-3 ашық және тұйық буынды сөздерді тұтас әрі түсініп оқу;
- берілген тақырып пен сурет бойынша жетекші сұрақтар көмегімен мәтін мазмұнын болжау;
- сюжетті сурет бойынша жетекші сұрақтар көмегімен шағын әңгіме құрап айту;
- жазу жолда бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі үлгі негізінде жазу;
Оқушылардың көбі:
- 3-4 буынды сөздерді буындап, 2-3 ашық және тұйық буынды сөздерді тұтас әрі түсініп оқу;
- мәтіннің мазмұнын тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша болжау;
- сюжетті сурет бойынша берілген сөз, сөз тіркестерін қолданып, шағын әңгіме құрап айту;
- жазу жолында бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі орта темппен жазу;
Оқушылардың кейбірі:
- құрылымы күрделі сөздерді буындап, 2-3 ашық және тұйық буынды сөздерді тұтас әрі түсініп оқу;
- мәтіннің мазмұнын тақырыбы мен иллюстрациясы бойынша жасаған болжамын негіздеу;
- сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрап айту;
- жазу жолында бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазу;
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.2.1.2 (Ұ, Ж, қ) «Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі.
Ойын «Әріптер әлемінде»
Мақсаты: Берілген бірнеше әріптерді қатыстырып, сөз, сөйлем ойлап табу. Саралау
Сабақ мақсатын хабарлау, бағалау критерийлерін бірге белгілеу
1.2.1.2, 1.1.4.1 Оқулықпен жұмыс. «Егер ..., онда не болар еді?» әдісі
Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, өз ойын толық жеткізе алу білігін бағалау.
«Егер ..., онда не болар еді?» әдісі бойынша оқушылар шағын топтарға біріктіріледі. Топтағы оқушылардың бірі жүйрік қиялмен бір ситуация айтады немесе дайын сұрақтар қояды. Қалғандары соның шешімін тауып жалғастыру керек. Берілген ситуациялық сұрақтар бойынша мәселелерді шешіп, талқылап, өз ойларын(идеяларын) айтады. Осылайша топта талқылау жұмыстары жүреді.
Мысалы:
«Бірде Қожанасыр келе жатып, жолдан ұялы телефон тауып алды...»
«Телефонды сен тауып алсаң не істер едің?»
«Қожанасыр телефонды иесіне береді деп ойлайсың ба?»...
Бұл тәсіл оқушылардың қиялын дамытып, мидың ойлау белсенділігін арттырады.
Дескриптор:
- сөздерді тұтас оқиды;
- мәтіннің мазмұнын болжайды;
- ойларын толық жеткізе алады;
(МК, Ө) Көркем жазу.

формула фанта факс фонтан
Мұғалім оқушылармен диктор арқылы үнтаспаға жазылған әріп бөліктерін бірге жазуды ұсынады.
• Кең жолды дәптерге жазу үлгісін көрсету;
• Дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, жолдың жоғарғы және төменгі сызығына қарап үзбей және біркелкі жазу;
Дескриптор:
- әріп бөліктерін дұрыс салады;
- әріпті танып, ажыратады;
- әріптерді бір-бірімен байланыстырып жазады;
- жазу жолының жоғарғы және төменгі сызығын сақтап
жазады;
- дыбыстарды дұрыс оқиды;
Сергіту сәті «Қамажай» биі
Бейнетаспадан би қимылдарын қайталату
1.2.1.2, 1.1.8.1 (Т,Ұ), (Ө, Қ)
Сюжетті сурет бойынша ұлттық кейіпкер Алдаркөсе туралы мәлімет беру.
Мұғалім оқушыларға «Алдаркөсе мен ұры» видеосын көрсетеді немесе оқушылар сюжетті суретке қарап, мультфильмді естеріне түсіреді және жетекші сұрақтарға жауап береді.
• Мәтінді ойша өрбітіп көр.
- Алдаркөсе деген кім?
- Ол туралы не білесің?
- Оның саған қандай қасиеті ұнайды?(сөз тапқыштық...)
Топта оқушылар пікіралмасып өз болжамдарын таныстыруы тиіс. Топ құрамындағы оқушылар бір-бірінің ойын жалғап, «Тізбек бойымен әңгімелеу» әдісі арқылы сағат тілінің бағытымен әрқайсысы мәтіннің бір сөйлемін айта береді.
Дескриптор:
- сөздерді тұтас оқиды;
- сурет бойынша шағын әңгіме құрап айтады;
- ойын анық, дәл жеткізе біледі;
1.2.1.2 оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану
Саралау: Шығармашылық тапсырма.
Өтірік өлең оқиық!
Фабрикада азып жүр,
Фонар жағып, шіл тершіп.
Фантастика жазып жүр,
Фонармен мың борсық.
• Ф дыбысынан келетін сөздерге дыбыстық, буындық талдау жаса.
• Дәптерге қатесіз көшіріп жаз.
Дескриптор:
- сөздерді тұтас, түсініп оқиды;
- әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазады;
- кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен
мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі шапшаң жазады; .....

Материалдың толық нұсқасын қалай жүктеймін?

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Қарап көріңіз 👇


Жаңалықтар:
» Әрбір украиналық балаға жер қойнауын өндірудің пайызы беріледі - Зеленский 07.06.2021, 0
» 300 мың теңгеге дейін несие кешіріледі - министрлік жауап берді 07.06.2021, 0
» ЦентрКредит Банкі баспана алуға бағытталған жаңа бағдарлама шығарды 07.06.2021, 0

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы