БІР ЕЛ-БІР КІТАП - Бердібек Соқпақбаев


«БІР ЕЛ – БІР КІТАП»

2024 ЖЫЛ

«БІР ЕЛ – БІР КІТАП» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА

ЖЫЛ КІТАБЫ БОЛЫП ЖАЗУШЫ

Бердібек Соқпақбаевтің ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚУ БЕКІТІЛДІ.

Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары тұлғасы бөлек кейіпкерлермен ерекше.

Қарапайым тілде жазылғандықтан әңгімелерін оқу оңай, ал өзіндік ой түйіп, түсіну қиын.

2024 жылы «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында QR – код арқылы оқуды ұсынамыз!

«Менің атым Қожа»

Повесте кішкентай Қожаның мектеп жасындағы бастан кешкен әр түрлі қызықты оқиғалары жайлы баяндалады. Ол қанша бұзықтық жасаса да жақсы адам болуға талпынысы бар. Өзінің жасаған бұзықтығының бәрі әкесіз өскендігінен деп ойлайдыҚожа өзінің мінезін, тәртібін өзгертуге тырысады. Әңгімеде Қожаның балалық махаббаты да үлкен рөл ойнайды. Ол сыныбындағы үлгілі, тәртіпті әрі сабағын үздік оқитын Жанар деген қызды жақсы көреді. Тіпті кей кездері Жанарға арнап өлең де шығарады. Жанарды әрқашан көргісі келіп тұрадыҚожа жазушы болуды армандайды.

«Балалық шаққа саяхат»

Қазақтың классик жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың әйгілі шығармаларының қатарында балалық шақтың балауса күндерін бүгінгідей көз алдыңа әкелер тұғыры биік туынды - «Балалық шаққа саяхат» повесінің орны ерекше. Автор бұл кітаптың әр тарауында заманының қаталдыққа толы қиын күндерін қиыстырып суреттеген.

Қайдасың, Гауһар?

Қайдасың, Гауһар? Алматының Пастер көшесімен жүре қалсам, осынау астынғы қабаты белуардан жерге батқан ағаш үйді, осынау бір жағына қарай қыңырайып, қисая бастаған көне ағаш қақпаны көргенде, менің есіме Гауһар түседі. Сондағы бастан кешкен уақиғалар тізбектеліп көз алдыма келеді.

«Өлгендер қайтып келмейді»

"Өлгендер қайтып келмейді" романы соғыс жылдарындағы қазақ халқының ауыр тұрмыс-тіршілігін, бастан кешкен азалы күндерін суреттейтін шығарма. Үш бөлімнен тұратын шығарманы автор бірінші дәптер, екінші дәптер, үшінші дәптер деп атаған.

Романның басты кейіпкеріЕркін Мамырбаев есімді 15-16 жас шамасындағы бозбала. Оқиға Еркін арқылы баяндалып, болған жайттарға Еркіннің көзқарасымен баға беріледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
Пікір жазу