» » » Қазақша өлең: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (Тақпақ)

Қазақша өлең: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (Тақпақ)

Қазақша өлең: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (Тақпақ) казакша Қазақша өлең: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (Тақпақ) на казахском языке
Арай, арай, арай бар,
Арай толған сарай бар.
Бурылша атқа бұғау бар,
Бұғауды кесер егеу бар.
Сом темірге балға бар,
Сомсынғанға Құдай бар!
Ақ сұңқар, сен: «Ұшқырмын!» - деп, мақтанба,
Алдыңда жаюлы тұрған торлар бар.
Тұлпар, сен: «Жүйрікпін!» - деп мақтанба,
Алдыңда қазулы жатқан орлар бар.
«Басым көп!» - деп, топтанба,
«Малым көп!» - деп, шоқтанба!
«Жарлымын!» - деп, жабықпа.
«Жалғызбын!» - деп, зарықпа.
«Мұңлымын!» - деп қамықпа,
«Жаяумын!» - деп, тарықпа.
Мұңайма, жігіт, мұңайма,
Мұң тарқатар Құдай бар!
Суда жүрген сүңгуір,
Су қадірін не білсін?!
Түзде жүрген дуадақ,
Көл қадірін не білсін?!
Жарлыдан жаңа байыған,
Жалғыздан өсіп көбейген,
Ел қадірін не білсін?!
Өзі көкайыл, өзі дию, пері,
Өзі долы қатын
Ер қадірін не білсін?!
Тау белгісі тас болар,
Бай белгісі ас болар!
Төренің жаманы -
Төлеңгітімен қас болар!
Баланың жаманы -
Әкесін өлтіргенмен дос болар.
Құдайдың ең жаман жаратқан адамы
Қатынының ойнасымен дос болар!
Бұзылар елдің белгісі -
Бура тарасы бас болар!
Боларыңда болып өт,
Боз жорғадай желіп өт,
Болмасыңды білген соң,
Болған ердің қосын жек!
Өзің адам болған соң,
Аудара тастап,
Қалай кетсең, олай кет!
Бай болсаң торғыл орамалмен бетің сүрт,
Жарлы болсаң, жаныңменен көтіңді сүрт!
Бай болсаң жаның бір алтын,
Қанша сыйласаң, сыйлауыңа тұрады.
Жарлы болсаң, жаның бір күдері,
Қанша кинасаң, қинауыңа тұрады, үзілмейді.
Мырзалық - қонаққа пайда, малға қас,
Батырлық - жолдасқа пайда, жанға қас!
Өтірік сөз - дауға пайда, иманға қас!
Өткір пышақ- қолға пайда, қанға қас!
Алыс пенен жуықты -
Жортқан біледі.
Ащы менен тұщыны -
Татқан біледі.
Тірліктің қадірін -
Өліп, көрде жатқан біледі.
Денсаулықтың қадірін-
Ауырып, төсек тартқан біледі.
Жан тыныштықтың қадірін
Толғатып, бала тапқан біледі.
Сеңсең тонның қадірін
Сексенге келген қарт біледі.
Сары атанның қадірін
Ел қыдырған сарт біледі.
Тес айылдың батқанын
Иесі білмейді, ат біледі.
Ер жігіттің қадірін
Ағайын білмейді, жат біледі.
Кімнің жақсы-жаманын
Жаратушы Хақ біледі!
Қаруы ер жігіттің қылыш екен,
Қылыштың үлкен пышақ інісі екен.
Құрбының алған жары жақсы болса,
Төрт елі маңдайының ырысы екен.
Арқа, Ойылдың құба жон - ат желгендей,
Бабын тапса, құс болмас ителгідей.
Бойымда аса күшті бір дертім бар,
Бабын қыздар таппаса, кісі өлгендей.

Автор: ZHARAR | 2 293 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Қазақша өлең: Қажытай Серікжан (Сүю де болар,сүймес те болар?)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қажытай Серікжан (Сүю де болар,сүймес те болар?)
Қазақша өлең: Бұқар жырау (Ай не болар күннен соң?)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Бұқар жырау (Ай не болар күннен соң?)
Қазақша өлең: Ақтан Керейұлы (Менің сөзім қошамет)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ақтан Керейұлы (Менің сөзім қошамет)
Қазақша өлең: Ақтан Керейұлы (Мамығын төгіп қаз бен қу)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ақтан Керейұлы (Мамығын төгіп қаз бен қу)
Қазақша өлең: Ақтамберді жырау (Жағалбай деген ел болар)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ақтамберді жырау (Жағалбай деген ел болар)
Қазақша өлең: Ақтамберді жырау (Еділ, Жайық - екі өзен)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ақтамберді жырау (Еділ, Жайық - екі өзен)
Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Арай ғұмыр...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мақпал Мыса (Арай ғұмыр...)
Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Байды құдай атқаны)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Байды құдай атқаны)
Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Ата-ананың қадірін)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Ата-ананың қадірін)
Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Бақ, дәулет, мал бітерде ырыс қонар)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Бақ, дәулет, мал бітерде ырыс қонар)
Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Ақын қызға)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Ақын қызға)
Қазақша мақал - мәтел: Құлан
Мақал - мәтелдер жинағы
Қазақша мақал - мәтел: Құлан
Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Екі жасқа тілек)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Екі жасқа тілек)
Қазақша өлең: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Өнерпаз)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Өнерпаз)
Қазақша өлең: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Жүйрік ат, көңіл ашар қыран, тазы)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (Жүйрік ат, көңіл ашар қыран, тазы)
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Болашақ дәрігерге)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Болашақ дәрігерге)

KZ / Өлеңдер жинағы, мәшһүр жүсіп көпеев Тақпақ өлең стихи на казахском машхур жусуп копеев казакша олен, мәшһүр жүсіп көпеев өлеңдері, стихи на казахском языке машхур жусуп копеев, машхур жусуп копеев олендери, мәшһүр жүсіп көпеев өлеңі, мәшһүр жүсіп көпеев өлеңі, мәшһүр жүсіп көпейұлы өлеңдері, машхур жусуп копеев казакша, машхур жусуп копеев стихи, машхур жусуп копеев стихи на казахском языке, Тақпақ, такпак туралы олен, Тақпақ туралы өлең, мәшһүр жүсіп көпеев Тақпақ өлең стихи на казахском машхур жусуп копеев казакша олен мәшһүр жүсіп көпеев өлеңдері стихи на казахском языке машхур жусуп копеев машхур жусуп копеев олендери мәшһүр жүсіп көпеев өлеңі мәшһүр жүсіп көпеев өлеңі мәшһ, Қазақша өлең: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (Тақпақ) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке