Қазақша өлең: Әбділда Тәжібаев (Қыс ата) » ZHARAR © 2017 | әбділда тәжібаев Қыс ата өлең олен абдильда тажибаев стихи на казахском, әбділда тәжібаев өлеңдері, абдильда тажибаев олендери, абдильда тажибаев стихи на казахском, Қыс ата




  • »

Қазақша өлең: Әбділда Тәжібаев (Қыс ата)

Қазақша өлең: Әбділда Тәжібаев (Қыс ата) казакша Қазақша өлең: Әбділда Тәжібаев (Қыс ата) на казахском языке

Ойының, балам, омбы қар
Демейсің қолым домбығар.
Ақ мамықты ақтара
Қалайсың тынбай ақ қала.
Отырып таудың құзында,
Құлағын тосып ызыңға.
Қыс сақалын тарайды,
Қызыға саған қарайды.
Қарайды да күледі,
Үлпілдек қарды үреді.
Қояды бір дем ысқырып,
Қаласың сонда түшкіріп.
Көрдің бе қарттың мінезін,
Ермегі қазір бір өзің,
Ойынға қандай көңілді,
Серігің болды сенімді.
Үйіріп аппақ құйынын,
Секіртіп ұшқыр тиынын.
Кейде еменді сілкеді,
Төбеңнен қырау бүркеді.
Тебемін десең сырғанақ,
Үскіріп қалып бір қабат,
Жаяды жалтыр көк мұзын,
Сырғанайсың күн ұзын.
Қолыңнан ұстап қыс ата,
Күн бата үйге ұзата
Бетіңнен сүйіп қалады,
Күрсініп дем алады.
Қыс ата неткен пейілді,
Күнімен соқты-ау ойынды.
Алғасын біраз тынысын,
Бастайды түнгі жұмысын.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 35
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .