Қазақша өлең: Әбділда Тәжібаев (Ақын) » ZHARAR © 2016 | әбділда тәжібаев Ақын өлең олен абдильда тажибаев стихи на казахском, әбділда тәжібаев өлеңдері , әбділда тәжібаевтың өлеңдері, әбділда тәжібаев өлең




  • »

Қазақша өлең: Әбділда Тәжібаев (Ақын)

Қазақша өлең: Әбділда Тәжібаев (Ақын) казакша Қазақша өлең: Әбділда Тәжібаев (Ақын) на казахском языке

Кеудесі шын акынның күй сарайы,
Алады төгіп-төгіп келсе орайы.
Жаңбырдай нажағайлы нөсерлеткен
Жерінде гүл шайқалар құйып өткен,
Жас дүние алдында үміт, жас ұрпағы,
Жарқылдар жаздай жасыл болашағы,
Бүгіннен ертеңіне қадап көзін
Арнайды аңсап ақын соған сөзін.
Мінезі әулиедей ел айтатын,
Құлқынға құл болуды білмейді ақын,
Жаны әзір сүйгені үшін құрбандыққа,
Бүкпесіз жүрек сырын айтар жұртқа.
Қүласа сеніммен бір кұлайды,
Аяныш сонда ешкімнен сұрамайды.
Қамыспас қас болаттай кектенгенде,
Қарғысы атқан оқтай жек көргенге.
Көрсең де осы ақынның қай мінезін
Оқушы, түсін өзің, кешір өзің.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 643
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .