👈 қаріп өлшемі 👉

Бақытгүл Бабаш (Қол бұлғады бір арман....)

 Бақытгүл Бабаш (Қол бұлғады бір арман....)

Қол бұлғады бір арман, қол бұлғады мұнардан,
Шақырды да жиі үміт, шәйі көйлек киініп,
Бойтұмарым қолымда, ой мен тұман жолымда,
Кетіп едім алысқа, бата беріп ауылым.
Бір төбенің басында, тарғыл төбет қасыңда,
Сен қалып ең, бауырым!

Сағым болып серігім, тағым болып пері-күн,
Адасқанмын! Есімде...
Шаһар кезіп шаттанып, думанға еріп ұзадым,
Сен қалдың сол ескі үйде, тірлік болып тұзағың.

Шопан ата таяғы досың еді елсізде.
Жапандағы жалғыз үй жабырқайтын менсіз тек.
Жан серігің домбыра, ол да мұңлы болды ма,
Арашалап алуға апармады жол мына!

Сезінбедім әкенің тым ертерек кеткенін,
Бар-жоғымды түгендеп жүретінсің тек менің.
Кешір! Талай түндерде, қамалып ой-орманға,
Жалғызсырап жатқанда, ән сап жүрдім тойларда.

Ескі тонның етегі қиылғанша кидің сен.
Сонша азаптың ішіне қалай ғана сидың сен?
Сол кеткеннен оралмай, жанға пана бола алмай,
Алыстадым. Бал кезді ұрлады үміт, тонады ай.

Хабарыңды білуге босамадым көп достан.
Амалымды түгендеп, жеткізді ме көк аспан?
Өкінішін тізеді теңіз кешер тұста кім?
Өтті күндер кешегі, дала болып ұстазың.

Жырақ қонсам, айыбым емес шығар ол менің,
Көзіндегі әжемнің, бір мейірге шөлдедім!
Құшақтауға бойым да жетпей қалды, құлыным!
Ауыл барып, ұлыңның иіскейінші тұлымын!

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Қазақстанда қайырымдылық саласындағы тұлғаларға арнайы атақ беріледі 17.06.2022
» “Қорықпай Солтүстік өңірге көшуге шақырамын”: Солтүстіктен пәтер алған отбасылар алғысын білдірді 12.06.2022
» МӘМС бойынша жеңілдікке ие 15 санаттың тізімі белгілі болды 12.06.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы