Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Бозбалалық романс)

Бозбала күні сүйгені,
Жадынан ердің кетсін бе,
Сәлеметсіз бе, миледи,
Қалқатай, сәлеметсің бе?!
Нәби де нәркес, жан нұрлы,
О, қайдан теңеу таппақпыз?!
Қызыл гүл – қыз тағдырлы,
Гүл тағдырлы аппақ қыз!
Сарғалдақ гүлді сүйгенсің,
Көктемі ме еді ол ойыңның,
Алқызыл көйлек кигенсің,
Жеткені ме еді ол бойыңның.
Сыйладым ақ гүл – достық па,
Алқызыл көйлек – қызғаныш?
Тағдырды ойша қостық па,
Аштық па жаңа біз ғарыш?
Жо-жо-жоқ, аңғал ой аз ба,
Сезімге сұлу арбалып,
Сүйіскен жоқпыз аязда,
Нөсерде жазғы қалмадық.
Есейе бердік ашылмай,
Есейген сайын жабыла.
Сары, қызыл қосындысындай,
Бір бояу сіңді жаныңа.
Сол бір түс маған тым бөтен,
Бейтаныс етті сені де,
Сол бір түс маған тым бөтен,
Бейтаныс етті мені де.
Уақыт бәрін биледі,
Бәріне уақыт жетсін бе?
Сәлеметсіз бе, миледи,
Қалқатай, сәлеметсің бе?!.
Жадынан ердің кетсін бе,
Сәлеметсіз бе, миледи,
Қалқатай, сәлеметсің бе?!
Нәби де нәркес, жан нұрлы,
О, қайдан теңеу таппақпыз?!
Қызыл гүл – қыз тағдырлы,
Гүл тағдырлы аппақ қыз!
Сарғалдақ гүлді сүйгенсің,
Көктемі ме еді ол ойыңның,
Алқызыл көйлек кигенсің,
Жеткені ме еді ол бойыңның.
Сыйладым ақ гүл – достық па,
Алқызыл көйлек – қызғаныш?
Тағдырды ойша қостық па,
Аштық па жаңа біз ғарыш?
Жо-жо-жоқ, аңғал ой аз ба,
Сезімге сұлу арбалып,
Сүйіскен жоқпыз аязда,
Нөсерде жазғы қалмадық.
Есейе бердік ашылмай,
Есейген сайын жабыла.
Сары, қызыл қосындысындай,
Бір бояу сіңді жаныңа.
Сол бір түс маған тым бөтен,
Бейтаныс етті сені де,
Сол бір түс маған тым бөтен,
Бейтаныс етті мені де.
Уақыт бәрін биледі,
Бәріне уақыт жетсін бе?
Сәлеметсіз бе, миледи,
Қалқатай, сәлеметсің бе?!.
Автор: Ендигой Танатова | 458 | 15.03.2016
Загрузка...
Читайте также

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Менің жолым)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Түн есімі – Сұлу...)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Ұйқысыздық)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Ностальгия)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Күнім)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Қайырым)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Оянған)

Қазақша Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ерлан Жүніс (Ақын қызға)