👈 қаріп өлшемі 👉

Ерлан Жүніс (Түн есімі – Сұлу...)

 Ерлан Жүніс (Түн есімі – Сұлу...)

Түн есімі – сұлу...
сұлу,
сұлу – күннің есімі,
Гүл есімі – сұлу,
сұлу,
сұлу – мұңның есімі!
Түн есімі – сұлу,
сұлу –
кешірім,
сатқындық та,
қызғаныш та,
жалғыздық та – есімі!
Оның сұлу есімі!
Түн есімі – сұлу,
сұлу –
құлдық,
азап,
бостандық,
Гүл есімі – сұлу,
сұлу –
ең аяулы қастандық!
Әппақ парақ – сұлу,
сұлу!
Сұлулыққа қатала!
Жалғыздыққа,
жалғыздықта
түн есімін атама!
Жанып кете жаздасын!
Сұлу –
ардың,
сұлу – зардың,
сұлу – қардың есімі!
Шимай-шимай өмір жолым – сұлулардың есімі!
Қандай азап бір әріпін өшіру,
қаныңменен жазғасын!
...Ғұмыр кешу – әйелдерді кешіру,
Кешіп барып көз жасын!..

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Қазақстанда қайырымдылық саласындағы тұлғаларға арнайы атақ беріледі 17.06.2022
» “Қорықпай Солтүстік өңірге көшуге шақырамын”: Солтүстіктен пәтер алған отбасылар алғысын білдірді 12.06.2022
» МӘМС бойынша жеңілдікке ие 15 санаттың тізімі белгілі болды 12.06.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы