Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Өміріме өкпем) » ZHARAR © 2017 | магжан жумабаев Өміріме өкпем өлең олен мағжан жұмабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлеңдері, өмір туралы өлеңдер, омир туралы олен жолдары, стихи на казахском языке про жизнь




  • »

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Өміріме өкпем)

Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Өміріме өкпем) казакша Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Өміріме өкпем) на казахском языке

Сұм өмір, сұлу дүние, алдадың ба?
Тән арып, тамырда қан қалмадың ба?
Жалған үшін жан қиып, жапа шектім,
Еңбегім, екі болып, жанбадың ба?
Жайшылықта жан қиған, жақын дүние,
Талып тұрсам, назарың салмадың ба?
Ортекедей орғытып, оққа жығып,
Жалмауыз жауыз жалған, жалмадың ба?
Арсыз нәсіп, армансыз алдадың ба?
Қайрымсыз қанжығаңды қандадың ба?
Қомағай қорқау ажал, қойның ашып,
Қапа мен қайғыға қол жалғадың ба?
Алдандым, алжастырдың, аңғырттандым,
Ақылсыз аңқау басым, андадың ба?
Қимас дос, қыспақта боп, жылаттың ба?
Қайғымен қан жұтқызып, сұлаттың ба?
Қасіретті қасапшының ешкісіндей
Құрым іліп, құдыққа құлаттың ба?
Құбылдың, құйқылжыдың, Құртқа дүние,
«Қызықпаймын» десем де, шыдаттың ба?
Ар-ұят, адамдықты арам қылып,
Бәрін саған жұмсадым, қуанттың ба?
Сен үшін жақынымды жат қылып ем,
Қайырылып, қам көңілімді жұбаттың ба?
Мелшиген, мейірімсіз, меңіреу дүние,
Алдап ап, айызыңды қандырдың ба?
Қазынаны ұрлаған қарақшыдай,
Бас салып, басқа бұғау салдырдың ба?
Жау тонаған адамдай жәудіретіп,
Адамзаттық арымды алдырдың ба?
Кетеріңе келгенде, кәззап дүние,
Түлкідей құйрығыңды шалдырттың ба?
Қапаста қан азайып, қажыр мұқап,
Қалашының итіндей қаңғырттың ба?
Әзелде алысқа ұшқан дәм мен тұзым,
Тәуекел, тасқа қондым, Тәңірім сақтар.
Жерлерге топырақ тартқан сан айналдым,
Деген жанмын: «Құнымды Құдай жоқтар!»
Адам басы - Алланың добы болса,
Тағдырдан табандатып тиді шоқпар.
Жалындым, жанталастым, жалбарындым,
Тимеді ешбір рахым Тәңірім жақтар.
Махпуздың тақтайына жазған жұмыс
Бұйрықты жерлеріне барып тоқтар.
Басқадан менің жаным бағалы ма,
Талай жан тап жолында болды көкпар!
Қиядан сөз табатын ақыл бар ма,
Тындайтын бойым балқып нақыл бар ма?
Есіл сөзім есепсіз босқа кетсе,
Обалы жаулығы жоқ қатындарға!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 1 405
Рейтинг:
(голосов: 0)

KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы, магжан жумабаев Өміріме өкпем өлең олен мағжан жұмабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлең олен стих, стихи магжан жумабаев на казахском языке, казакша олен магжан жумабаев, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери на казахском языке, магжан жумабаев стихи на казахском языке, Өміріме өкпем, өмір туралы өлеңдер, омир туралы олен жолдары, стихи на казахском языке про жизнь, магжан жумабаев Өміріме өкпем өлең олен мағжан жұмабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлең олен стих, стихи магжан жумабаев на казахском языке, казакша олен магжан жумабаев, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери на казахском языке, маг, Қазақша өлең: Мағжан Жұмабаев (Өміріме өкпем) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .