Өлең: Ілияс Жансүгіров (Сүйеу қылып көңіліме)

Сүйеу қылып көңіліме,
Сүйдім сені өміріме.
Саған қояр сұрауым:
Сен де «сүйдім!» дедің бе?
* * *
Жүрегімді идірген,
Ғашығымсың күйдірген.
Мен разы өмірге,
Сүйген үшін сүйдірген.
***
Сүйегімді босатқан,
Серігімсің жасатқан.
Сүйдім сені өміріме,
Сөзім, антым — осы айтқан!
* * *
Жанымды сен жаңартқан,
У өмірімнен тазартқан,
Жүрегімсің шер тартқан,
Серігімсің қол артқан.
* * *
Мен сүйген соң сүйерсің,
Мен күйген соң күйерсің,
Сүйгендіктен сыйлармын,
Сыйыңды өзің білерсің!
* * *
Ардақтармын сүйген соң,
Көңіліңе жіп салмаспын,
Өзгерермін біржола,
Мен бұрынғы болмаспын.
* * *
Ден қоярмын мен саған,
Білерсің де билерсің,
Сыйларсың да күтерсің,
«Би» осыған үйренсін!
Сүйдім сені өміріме.
Саған қояр сұрауым:
Сен де «сүйдім!» дедің бе?
* * *
Жүрегімді идірген,
Ғашығымсың күйдірген.
Мен разы өмірге,
Сүйген үшін сүйдірген.
***
Сүйегімді босатқан,
Серігімсің жасатқан.
Сүйдім сені өміріме,
Сөзім, антым — осы айтқан!
* * *
Жанымды сен жаңартқан,
У өмірімнен тазартқан,
Жүрегімсің шер тартқан,
Серігімсің қол артқан.
* * *
Мен сүйген соң сүйерсің,
Мен күйген соң күйерсің,
Сүйгендіктен сыйлармын,
Сыйыңды өзің білерсің!
* * *
Ардақтармын сүйген соң,
Көңіліңе жіп салмаспын,
Өзгерермін біржола,
Мен бұрынғы болмаспын.
* * *
Ден қоярмын мен саған,
Білерсің де билерсің,
Сыйларсың да күтерсің,
«Би» осыған үйренсін!
Автор: nurgul95 | 149 |
Загрузка...
Рекомендуем:

Өлеңдер жинағы
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Міне менде арман жоқ)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Бақыттымын)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Сені)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Елеске)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Жетерміз бе тілекке)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Алып Алтай ананың)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Бұйырмаған бақытым..

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Медеу Демеу Медеуұлы (Сен қашан келер екенсің...)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәмші Қалдаяқов (Шаттығым)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ескендір Хасанғалиев (Әдемі-ау)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Қарауыл төбе)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Тұманбай Молдағалиев (Тарыққанда табынарым - өлеңім)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Тынышбай Рақым (Жүрегім сені ойласам - тулар бірден)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Сені сүйдім...)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қалқаман Сарин (Сағындың ба?)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Қыз сыры)