Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Сені сүйдім...) » ZHARAR © 2017 | акберен елгезек Сені сүйдім... стих олен ақберен елгезек өлең, ақберен елгезек өлеңдері , ақберен елгезек сайты , акберен елгезек сайты олен стих,акберен елгезек стихи на казахском




  • »

Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Сені сүйдім...)

Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Сені сүйдім...) казакша Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Сені сүйдім...) на казахском языке

Сені сүйдім...
Өліп қалмау үшін бе,
Бір түннен соң көру үшін бір күнді?
Мен әйтеуір, теріп жүрем түсімде,
Көз жасымның түбіндегі күлкіңді.

Мазақ қылды әрбір түннің түнегі,
Жүректегі сезімімді қинап ап.
Өзім болып Ай аспанда жүреді,
Өзің үшін жұлдыздарды жинап ап.

Сол баяғы Жер мен Аспан бұрынғы,
Тек ішкі әлем - өзгерістің құрбаны.
Жарқыраған неге аңсаймын түріңді,
Неге күтем түнішіндік сұлбаны?

Махаббаттың мұңы қандай тәтті еді,
Махаббаттың шаттығы да азапты.
Тәңірім-ай сының неткен қатты еді,
Аямайтын жаны нәзік қазақты?!.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 784
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .