Қазақша өлең: Есенғали Раушанов (Осы жазда...) » ZHARAR © 2017 | жаз туралы олен жолдары , жаз туралы өлең шумақтары , есенгали раушанов Осы жазда... стихи на казахском олен есенғали раушанов өлең, есенғали




  • »

Қазақша өлең: Есенғали Раушанов (Осы жазда...)

Қазақша өлең: Есенғали Раушанов (Осы жазда...) казакша Қазақша өлең: Есенғали Раушанов (Осы жазда...) на казахском языке

Осы жазда ауылға тағы бардым,
Тағы оянды ауырлау мәні бар мұң.
Сәрідегі жұлдыздың жарығындай
Әрідегі жайттарды жадыма алдым.

Осы жазда ауылға тағы бардым,
Тағы оянды ауырлау мәні бар мұң.
«Көкқасқалар» танаптан оралуда,
Оралмайтын шағымды жадыма алдым.

Келінтөбе бауырына жағып алау,
Таң көрінді.
Таңымды сағынам-ау.
Тау күрішті ана жыл бірге аударған
Тау тұлғалы қарт диқан танымады-ау.

Жерге сіңіп жатқандай үні барып,
Газик әрең ілбиді ыңыранып.
Жіңішке арық құйрығын
бұлғаңдатты,
Басын біздің атызға тығып алып.

Күндер де жоқ баяғы, дүрмек те жоқ,
Кімге кінә артамын, кімге өкпелеп.
Саяқсыған мен құсап
сан досымнан
Ну тоғайдан қалыпты бір кек терек.

Сирей берді сағымы барқыт белдің,
Жолға түсіп, үн-түнсіз тартып бердім.
Жалғыз ағаш нені айтып сыңсиды деп
Toп шеңгелден сұрауды артық көрдім.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 579
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .