Есенғали Раушанов (Абай даңғылымен...)

 Есенғали Раушанов (Абай даңғылымен...)

Абай даңғылымен,
Жуынып сәуiрдiң жаңбырымен
Келе жаттық жыр оқып жiгiт пен қыз
Таза едiк қой күнәдан, күдiктен бiз
Тұманбайды сүйемiз екеумiз де,
Екеумiз де үкiлi үмiттермiз.

Әсем әнi, қылығы неге тұрады?!
Ару едi ол, жолында өлетiн-ақ.
Көп ұзамай тұрмысқа шығып кеттi,
Тұманбайды аяппын мен ақымақ.

Аяғам жоқ өзiмдi, жырды аядым
О, не деген қатал ед, гүл баяным.
Бiр бәйбiше жүр бүгiн Алматыда,
Сыры кетпес сынса да сырлы аяғым.

Бар мiнiмен, бар сәуле, бар мұңымен
Жастық бiзден алыста қалды бiлем.
Гүл шоғы, тал бүрiмен,
Таза ауа, таң нұрымен.
Сәуiрдiң жаңбырымен
Жуынып баяғыдай
Сендер қыдырыңдар ендi Абай даңғылымен
Мен демаламын.

1974 жыл, Алматы

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Сүйінші! Хан Кененің бас сүйегі табылды 24.08.2021, 0
» «Ата-анасы вакцина алмаған оқушылар мектепке кірмейді»: Ақпаратқа түсінік берілді 18.08.2021, 0
» Құрбан айт 2021: қашан, құрбандық шалу шарттары, дұғасы, құрбан малының жасы, жарамды мал 18.07.2021, 0

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы