Қазақша өлең: Есенғали Раушанов (Мен осынау жүрегіммен, жаныммен) » ZHARAR © 2016 | есенгали раушанов Мен осынау жүрегіммен жаныммен стихи на казахском олен есенғали раушанов өлең, есенғали раушанов өлеңдері, есенғали раушановтың




  • »

Қазақша өлең: Есенғали Раушанов (Мен осынау жүрегіммен, жаныммен)

Қазақша өлең: Есенғали Раушанов (Мен осынау жүрегіммен, жаныммен) казакша Қазақша өлең: Есенғали Раушанов (Мен осынау жүрегіммен, жаныммен) на казахском языке

Мен осынау жүрегіммен, жаныммен,
Алау ыстық қаныммен,
Бойымдағы барыммен,
Ақ қаймағы бір қасықтай фәнидің
Табынамын күлкісіне сәбидің.

Сәбиі үшін тілемеп ем мың бақыт,
Орай мені мәңгі ерімес тоң-мұзға,
Өзге жанның жыры болған сол қызға.

Кейде анама бесік жырын жырлатып,
(Бұл сырымды еш бүкпесіз айта алам)
Сәби болғым кеп кетеді қайтадан.

Әзілдейді әз жеңгем:
«Жұрт ұлына өбектейсің сонша кеп,
Қайтер едің бұл өз балаң болса» деп.

Қам көңіл көл секілденіп қаз келген,
Бір серпіліп қалар мынау кең кеуде,
Жасы кіші інім сәлем бергенде.

Менің әкем әл үстінде жатқанда,
Бір сүйді де немересін алдырып,
Қалғып кетті мәңгілік.

Қара мая ақ ботасын тапқанда,
Жылағанын алғаш рет көргенмін
«Бедеу әйел» атанған сол жеңгемнің.

Жігіт болдық ел сенер,
Алға тартты бақыт деген бір кеме,
Сәуле шашар жақұт берем түнге де.

Сәби болғым келсе егер,
Бәрін қайта бастасам деп жүр деме,
Жыр есігін ашпасам деп жүр деме.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 711
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .