» » » Қазақша өлең: Есенғали Раушанов (Менің драмам)

Қазақша өлең: Есенғали Раушанов (Менің драмам)

Қазақша өлең: Есенғали Раушанов (Менің драмам) казакша Қазақша өлең: Есенғали Раушанов (Менің драмам) на казахском языке
- Қош бол, - дедім құмдарға, -
Есен жүрсем, бір келермін, мұңданба.
Ат тағалап, атан қомдап ер жеткен
Ең соңғы ақын мына мен ем бұл маңда.

Мен кетем.
Мұнартады төңірек,
Жетім шиді сыңсытады жел үдеп.
Алматыға түйе мініп бармайды,
Маған бұлай қарамаңыз, кер үлек.

Қоштасатын күн бүгін,
Қара құнан шайнайды-ай бір сулығын.
Ең соңғы рет алып шықтым қорадан,
Басың азат, бар, бара ғой, құлдығым.

Көзім алды бұлдыр-бұлдыр тұман кіл,
Айналшықтап кетпей қойды құнан бір.
Аз дей ме екен жүрегімде шер-нала,
Heгe мені жылатуға құмар бұл?!

Heгe мені қинайды бұл жау сынды?
Жас жоқ менде!
Біткен бәрі!
Таусылды!
- Жамалдатқыр, жоқ бол! - дедім ақырып,
Жел ап қашып тарғылданған даусымды.

Сөйтіп елден кеткенмін,
Қырсауды да, жүйрікті де көп көрдім.
Қаба жалды қара құнан боп мені
Түн ішінде оятады Өткен күн.

Баурайында сонау Келінтөбенің
Селтиіп бір тұрады үнсіз серегім.
Ер-тұрманын, тұрқын тұтас көремін,
Басы қайда, басы неге жоқ оның?!

Басы қайда, басы қайда, қорлық-ай,
Менен неге қашады аулақ ол бұлай?
Жосып ағып көзімнен жас, оянам
Жол ортада жолдасы өлген сорлыдай.

Шошаяды құранды ердің қасы кеп,
Қара тасты қарш-қарш турап, шашып от,
Баратады баба дала үстінде
Қаба жалды қара құнан.
Басы жоқ...



Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жан денеден жалықты)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жан денеден жалықты)
Өлең: Қадыр Мырза Али (Саулық берсін жасыңа)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Саулық берсін жасыңа)
Өлең: Қалижан Бекқожин (Менің момын жеңешем)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қалижан Бекқожин (Менің момын жеңешем)
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Сен менің)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Сен менің)
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Несіне асығады?!)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Несіне асығады?!)
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Майданның бәйгесіне)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Майданның бәйгесіне)
Ертегі: Тазша бала
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Тазша бала
Қазақша өлең: Тәтіқара ақын (Қамыстың басы майда, түбі сайда)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Тәтіқара ақын (Қамыстың басы майда, түбі сайда)
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Неге осы мен елпілдеп қуанбаймын)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Неге осы мен елпілдеп қуанбаймын)
Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Келмеді бүгін тағы да ақталғым....)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Келмеді бүгін тағы да ақталғым....)
Қазақша өлең: Жұматай Жақыпбаев (Ләйләң қайда?)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Жұматай Жақыпбаев (Ләйләң қайда?)
Қазақша өлең: Есенғали Раушанов (Абай даңғылымен...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Есенғали Раушанов (Абай даңғылымен...)
Қазақша өлең: Есенғали Раушанов (Жаз не деп еді)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Есенғали Раушанов (Жаз не деп еді)
Қазақша өлең: Есенғали Раушанов (Мен осынау жүрегіммен, жаныммен)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Есенғали Раушанов (Мен осынау жүрегіммен, жаныммен)
Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Іші тарлар)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Іші тарлар)
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ей, Бауырым!)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ей, Бауырым!)

KZ / Өлеңдер жинағы, есенгали раушанов Менің драмам стихи на казахском олен есенғали раушанов өлең, есенғали раушанов өлеңдері, есенғали раушановтың өлеңдері, есенгали раушанов стихи на казахском олен, есенгали раушанов Менің драмам стихи на казахском олен есенғали раушанов өлең есенғали раушанов өлеңдері есенғали раушановтың өлеңдері есенгали раушанов стихи на казахском олен, Қазақша өлең: Есенғали Раушанов (Менің драмам) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке