Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Түнгі диалог) » ZHARAR © 2016 | ақберен елгезек Түнгі диалог өлең акберен елгезек стих олен , ақберен елгезек өлеңдері , ақберен елгезек сайты , акберен елгезек сайты олен стих,акберен елгезек стихи на казахском




  • »

Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Түнгі диалог)

Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Түнгі диалог) казакша Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Түнгі диалог) на казахском языке

Мен сенен сұрадым:
Талдар сөйлей ме деп,
Түн ішінде ырғалып билей ме деп.
Бұтақтарда сырғадай тербетілген,
Жапырақтар бір күні сирей ме деп?

Сен сұрадың:
Жұлдыздар жылай ма деп,
Себепсізден-сепебсіз құлай ма деп?
Ғарыштағы бос қалып ұялары,
Өлген жұлдыз ешқашан тумай ма деп?

Мен сұрадым:
Ақ гүлдер күлмей ме деп,
Үзілерін қай күні білмей ме деп.
Көктемеде қуантқан бәйшешектер,
Күзде бізді ұмытып жүрмей ме деп?

Сен сұрадың:
Бұл күндер өтпей ме деп,
Бұлттай көшіп жыраққа кетпей ме деп.
Сағыныштың тұманы сейіле ме,
Мұнарлана құласа беткейге кеп?

Мен сұрадым:
Азап пенен шаттықтың арасында,
Сен мендік мәңгілік боласың ба?
Түнге қарай осылай ұша бермей,
Бір күні кеп қолыма қонасың ба?

Мен сұрадым, өзімнің биігімнен,
Сен жыладың: «Сүйем ғой! Сүйемін!» деп...


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 1 969
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .