Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Түнгі құлазу) » ZHARAR © 2017 | ақберен елгезек Түнгі құлазу өлең акберен елгезек стих олен , ақберен елгезек өлеңдері , ақберен елгезек сайты , акберен елгезек сайты олен стих,акберен елгезек стихи на казахском




  • »

Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Түнгі құлазу)

Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Түнгі құлазу) казакша Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (Түнгі құлазу) на казахском языке

Жүре бермей өмірдің көшіменен,
Есім кетіп, сүйді екем несіне мен?
Жұлдыздар да ендігі жұбатпайды,
...Ай жатыр шалқасынан есінеген.

Ауламда күбірлейді құлаған нұр,
Құлаған нұр, сезім бе жылаған бұл?
Түн кейде жұбататын...Ол да бүгін,
Меңірейіп неліктен тына қалды.

Жарқанат та жоғалды балкондағы,
Жалғыздық-ай жүректі талқан қылды!
Ұшқын шашып төменге, жұбататын,
Шылымым да таусылды қалтамдағы...

Маған жалған туғаннан тосын еді,
Болмысым неге нәзік осы менің?...
Мені ылғи жұбататын, әзіл айтып,
Ұйықтап жатыр үйінде досым менің...

Сезім мен шарасыздық айқайласып,
Тұрған кезде, қалайша жай табасың?
Жазшы жаным, жалқы сөз sms-пен:
«Сүйем» деген сөзіңді қайталашы...


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 420
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .