Қазақша өлең: Мәриям Хакімжанова (Жол әсері) » ZHARAR © 2017 | мәриям хакімжанова Жол әсері өлең стих жол асери мариям хакимжанова олен, мәриям хакімжанова өлеңдері, мариям хакимжанова стихи




  • »

Қазақша өлең: Мәриям Хакімжанова (Жол әсері)

Қазақша өлең: Мәриям Хакімжанова (Жол әсері) казакша Қазақша өлең: Мәриям Хакімжанова (Жол әсері) на казахском языке

Кең құшақ, жазық дүние жайнап жатқан,
Күлімдеп күміс көлдер кайнап жатқан.
Жайқалып қарағай, қайың қарай қалса,
Сылқылдап тас бұлақтар таңдай қаққан.
Саяда бүлбүл қүстар тұрды сайрап,
Қойғандай көлеңкеге жіпсіз байлап.
Ішінде жұмсақ вагон өлеңдетіп,
Келемін алдымдағы өмірді ойлап.
Құбылып көрінеді Қара теңіз,
Шетіне көз жетпейді, көкшіл кеңіс.
Тамсанып таза ауасын сіміремін,
Жегендей алма бақтан теріп жеміс.
Жібек жел қарсы алдымнан есіледі,
Мұнартып түн пердесі кесіледі.
Самсаған көк жұлдызы күле қарап,
Нені іздеп жер бетіне тесіледі?..
Бұрқылдап болат тұлпар келеді ағып,
Маздатып, мандайынан шырақ жағып.
Отырмын түн қойынын тінте қарап,
Таңырқап, табиғаттың сырын бағып.
Ағарып келе жатыр таң да атып,
Кеудесін дуниенің жадыратып.
Каласына Севастополь келіп калдық,
Теңізге етек-жеңі тұрған батып.
Күн көзі күле қарап нұрын шашты,
Гүл бәйшешек құлпырып қойнын ашты.
Айлықты алты басып, шыңнан асып,
Жеттік-ау тесіп өтіп тау мен тасты.
Каласын емін-еркін араладық,
Тарихи орындарын сараладық.
Теңіздің түбіне де сүңгіп шықтық,
Кауіп-қатер бар дегенге қарамадык,
Каланың шет жақтарын көрдік барып,
Табиғат көркінен ләззәт алып.
Жарқабаққа салынған елді мекен,
Карай бердік бәріміз, кайран қалып.
Каймақшып Кара теңіз жатты қайнап,
Жағасында отырдым ойға бойлап.
Севастополь, Симферопольға ескерткіш деп,
Өлеңімді қайығына кеттім байлап.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 485
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .