Қазақша өлең: Мәриям Хакімжанова (Роза Мұхаметжан қызының өліміне) » ZHARAR © 2017 | мәриям хакімжанова Роза Мұхаметжан қызының өліміне өлең стих мариям хакимжанова олен, мәриям хакімжанова өлеңдері, мариям хакимжанова стихи, мәриям хакімжанова




  • »

Қазақша өлең: Мәриям Хакімжанова (Роза Мұхаметжан қызының өліміне)

Қазақша өлең: Мәриям Хакімжанова (Роза Мұхаметжан қызының өліміне) казакша Қазақша өлең: Мәриям Хакімжанова (Роза Мұхаметжан қызының өліміне) на казахском языке

Роза десе роза гүлдей балғыным,
Көзді жұмып мәңгі ұйқыға қалғыдың.
Ушықтырып жүрегімнің жарасын,
Бір көруге дидарынды зар қылдың.
Роза десе роза гүлдей жайнаған,
Тәтті тілің таң бұлбұлы сайраған.
Сені иіскеп сүйгенімде басылып,
Калушы еді іштегі дерт кайнаған.
Роза десе роза гүлдей түрлеген,
Бал бөбегім балғын денең бүрленген.
Қанбай мейір, калдық құмар тарқамай,
Соларыңды қыршыныңнан кім білген.
Жібек шашың желкілдеген желбірей,
Қара көзің төңкерілген мөлдірей.
Жүрегімді езгендей нәқ тас түсіп,
Кетті бүгін сені естіп елжіреп.
Жер қойыны болды мәңгі бесігің,
Бұл дүниенің жаптың қатты есігін.
Жығылғанға дегендейін жүдырық,
Сілдем құрып калдым шаршап осы күн.
Тура келсе ажал шіркін жоқ айла,
Ата-ана, туысқаннан не пайда.
Қош қарағым, қарақат көзді Роза жан,
Төрт жасында өледі деген жоқ ойда...


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 559
Рейтинг:
(голосов: 2)

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .