» » » Өлең: Жамбыл Жабаев (Бесік жыры)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Бесік жыры)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Бесік жыры) казакша Өлең: Жамбыл Жабаев (Бесік жыры) на казахском языке
Ұйықтасын деп бөбегін,
Домбыраның қос шегін
Жамбыл бабаң қағады,
Қаққан сайын өлеңі
Бұлақтайын ағады.
Қағады Жамбыл қос шегін
Өсуің үшін өсуің.
Ұйықтасын деп бөбегін,
Тербелсін деп бесігің.
Көкте де жұлдыз ұйықтады
Жайлауда жусап малдағы.
Мамық жүнді жас лақан,
Ұйықтап қырда ботақан,
Алтын жалды құлыншақ,
Жұмып көзін бұзауқан,
Сыйда сирақ қошақан
Төлдің бәрі ұйықтады,
Ұйықта сен де балақан!
Шегіртке ұйықтап шөбінде,
Бақа жусап келінде,
Қалғып құрақ өзенде
Балықтағы ұйықтады
Амудария түбінде.
Ұйықта сәулем, бөбегім!
Болды сенің дегенің,
Баулап саған нұсқаған
Мейірімді атаң. Сталин,
Терезеден қараған,
Көрінеді кезіне
Қараса оған бар әлем.
Сені де сәулем көріп тур,
Сүйіп, мейірім төгіп тұр;
Мәпелеп баулып бар елдің
Тәрбиесін беріп тұр!
Отаныңның сүйікті
Бөбегінің бірісің,
Бәрінен де сен сұлу,
Бәрінен де ер сұлу,
Біздің жердің құлпырған
Жас өспірім өрісің!
Бәрінен жақсы өссін деп,
Бөбегім сені қолдаған
Кремльден жан атаң
Сталин сені ойлаған.
Балалық, жастық шағыңды,
Өсірді елің дарынды.
Еліңменен бір көрдің
Жарқыраған бағыңды;
Бақ жұлдызы жайнатты
Жас бөбегім жаныңды,
Өмірің кең шалқыған,
Жолық ашық андаған,
Сен үшін бақша бұлбұлы
Сұлу әнін сайраған.
Сайдың сұлу гүлдері
Сенің үшін жайнаған,
Аққан күміс арнадан.
Көзің жарық жұлдыздан,
Шашың жібек құндыздан,
Сен бір артық көркемсің
Биік асқар, шың-құздан.
Қара көз, сәби бөбегім
Аса берсін өнерің,
Батыр болып өсе бер
Жанарыңды жанғызған.
Бала күнде өзіміз
Сендей болып өспедік,
Сұм өмірдің бұрынғы
Не бір уын кешпедік?
Май айында ұранын,
Салып, қолда флагың
Шыққаныңда көшеге,
Қуанғаннан көзіме
Жастар келіп, егіле
Түсіп кетед менің де
Балалық шағым есіме.
Жігіт болып өс жылдам!
Өмірге жассын сен керек,
Пионер және комсомол
Боласың өсіп жас бөбек.
Комсомолдан өскен соң
Боласың жігіт — большевик
Ұйықта бөбек, жас қазақ!
Бесігін балғын толған нұр,
Көзіңді жұм, деміңді ал
Күзетте қызыләскер тур.
Туған елдің туында
Кәріге, жас буынға
Бахыт нұры жанып тұр

Автор: nurgul95 | 227 |


Социальные комментарии Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, жамбыл жабаев Бесік жыры өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша, жамбыл жабаев өлеңдері, жамбыл жабаев олендери, жамбыл жабаев стихи на казахском, Бесік жыры, жамбыл жабаев Бесік жыры өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша жамбыл жабаев өлеңдері жамбыл жабаев олендери жамбыл жабаев стихи на казахском Бесік жыры, Өлең: Жамбыл Жабаев (Бесік жыры) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке