» » » Өлең: Жамбыл Жабаев (Балаларға)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Балаларға)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Балаларға) казакша Өлең: Жамбыл Жабаев (Балаларға) на казахском языке
Балалар, аманбысың шырақтарым,
Майысып көлге біткен құрақтарым!
Жүрмесем есендесіп тұра алмаймын,
Ішінен асып кетсе бір аптаның.
Қонаққа келді міне Жамбыл атаң,
Сан жылдар жүк көтерген бүкір жотам,
Қарт бабаң дәуіріне мейірі қанған
Қуанып жастығына сендей ботам.
Білемін өмірлерің тұрған жайнап,
Күндіз, түн жастық үшін жарық сайлап.
Ай, жұлдыз, күннің көзі, жел менен су—
Бәрі де сендердікі әлемге айғақ.
Сталин — асқан дана, бабаларың,
Болмайды одан жақын аналарың.
Жайнатқан нұрын төгіп жүрегінің
Барлық ұлт, барлық тұқым балаларын.
Дүниеде барлық жаннан мейірімді ол,
Адамға бахытты өмір көрсеткен жол:
Ойыншық, мынау кітап, қағаздарды
Сендерге әдейі арнап жіберген сол.
Сталин — биік шынар бір бәйтерек,
Тамаша бойы әлемнен асқан ерек,
Гауһардай нұрын құйған сабағымен
Сендерді саясына алған бөлеп.
Күледі сендер күлсең ол да бірге,
Оқы дейд, білім алып, босқа жүрме!
Оқысаң өмір. кілті өз қолыңда
Жайнайды өмір ұқсап бейне гүлге,
Ардақтап есіңе ұста әр пионер!
Сталин — ардақты атаң, шын кемеңгер,
Данасы адамзаттың ақылгөйі
Атасы бар ұланның Сталин ер!

Автор: nurgul95 | 82 |


Загрузка...

KZ / Қазақша Өлеңдер жинағы, жамбыл жабаев Балаларға өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша, жамбыл жабаев өлеңдері, жамбыл жабаев олендери, жамбыл жабаев стихи на казахском, Балаларға, жамбыл жабаев Балаларға өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша жамбыл жабаев өлеңдері жамбыл жабаев олендери жамбыл жабаев стихи на казахском Балаларға, Өлең: Жамбыл Жабаев (Балаларға) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке