» » » Өлең: Жамбыл Жабаев (Кавказға сәлем)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Кавказға сәлем)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Кавказға сәлем) казакша Өлең: Жамбыл Жабаев (Кавказға сәлем) на казахском языке
Ақсақал Жамбыл келед жанаттанып,
Қиялы қияға өрлеп қанаттанып,
Жазылып бүкіш белі қуаттанып,
Туған ел сәулетімен санаттанып!
Қолға алып домбырасын жаны жайнап,
Сталин дәуірінде талаптанып,
Ән шырқап шарықтаған сағатында,
Жыр арнап, шың Кавказға қанат қағып,
Ардақты ел, ер туғызған алтын бесік,
Бөленіп сенен ақын Шота да өсіп, —
Ертеде тау тербенте төккен жыры,
Еліне Қазақстан желдей есіп
Жетті де, сазына оның қосылды ауыл
Сталин дәуірінде гуілдесіп;
Жайнаған қуанышты, нұрлы өмірде,
Грузиннің ұлы халқы күлімдесіп.
Келемін ұшып Кавказ асқарына,
Теңіздей бахыт берген астанаға.
Жайнатып жылағанды жадыратып,
Ұшырған баулып қыранды аспанына.
Сталин халықтарды достастырған,
Мейрімді кәріге де, жас балаға.
Сұңқардай түлеп ұшып тауға жаным,
Аңқыған асқарына Дағыстанның.
Ақын дос Сүлеймандай құрдасымның,
Саңқылдап ауылына жетсін әнім;
Өлген жоқ Сүлейманның отты өлеңі,
Өшіре алған жоқ ажал оның әнін.
Ащы әні өткен оның таудан, тастан,
Жырыма оның жыры көп ұласқан,
Құлпырып Қаскелеңнің көлеміндей,
Әсем ән Алатаудан шыңнан да асқан.
Жасасын советтенген сүйікті Отан,
Күндей боп ұлы Сталин нұрын шашқан,
Құп алсын Кавказ халқы сәлемімді,
Шыңының шынар тасын сүйген аспан

Автор: nurgul95 | 119 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, жамбыл жабаев Кавказға сәлем өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша, жамбыл жабаев өлеңдері, жамбыл жабаев олендери, жамбыл жабаев стихи на казахском, Кавказға сәлем, жамбыл жабаев Кавказға сәлем өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша жамбыл жабаев өлеңдері жамбыл жабаев олендери жамбыл жабаев стихи на казахском Кавказға сәлем, Өлең: Жамбыл Жабаев (Кавказға сәлем) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке