» » » Қазақша өлең: Жұбан Молдағалиев (Өлкем жайлы ойласам)

Қазақша өлең: Жұбан Молдағалиев (Өлкем жайлы ойласам)

Қазақша өлең: Жұбан Молдағалиев (Өлкем жайлы ойласам) казакша Қазақша өлең: Жұбан Молдағалиев (Өлкем жайлы ойласам) на казахском языке
Жем қайда, Жайық қайда, Сағыз қайда?
Ескі өлең еске түсті бағызда ойға.
Ашылып үрпілері, әне өзендер,
Далаға дән тасқынын ағызған ба?
Тіл білсе толғар еді тұмса Нарын -
Куәсі газ түздердің, құм сонардың.
Қысы жұт, жазы жалақ жылдар өтті,
Тартпады тауқыметін кім солардың?
Шөлдетті Исатай мен Махамбетті,
Құмар боп құмаршыққа атам да өтті.
Күй қылып кісен үнін Құрманғазы,
Қарғаған топан дертті, жапанда орны...
Осындай сыр шертеміз баламызға,
«Төркіндеп» туған жерге барамыз да. -
Білмеймін, сене ме олар, сенбей ме не,
Ұқсайды бәрі ертегі, бәрі аңызға.
Сақтайды есте сәби көз көргенін,
Ұқпас та қай жер қалай өзгергенін.
Бүгінше «әзір асқа тік қасық» ол,
Ертең-ақ егесе де ез бермегін.
Ол үшін бәрі дайын - жатыр алда,
Жер алда, даяшы алда, батыр алда.
Сол үшін мыңғырған мал қаймақ-майы,
Балық та сол үшін жүр Атырауда.
Көріп ол думан өмір паң даланы,
Күледі, қызығады, таң қалады.
Ішінде бойшаң егін адасады,
Шарлайды түзде туған сән қаланы.
Есінде қалады Ембі суреттері,
Шалқыған каналдардын сулы өткелі.
Күйіндей Құрекеннің күмбірлейді
Толқыған Ақ Жайықтың ну көктемі...
Қазақтың осындай бір байтақ елі
Жыр болып көз алдыма қайта келді.
«Еңку-еңку жер шалған ердің ісі
Тынды» деп Махамбет те айтар еді.
Бүгінде өлкесінің өзі өлең,
Батырдай ерлік ерен, сөзі берен.
Танисың тағы да бір кереметін.
Қарасаң егіншінің көзіменен.
Жем қандай, Жайық қандай, Сағыз қандай!
Нағыз бай - маңыз қандай, аңыз қандай!
Толқыннан түлеп өсіп
Шығанақтар
Дауылдап дән тасқынын ағызғандай.
Өлеңім - өрендерің, өркендерің,
Жаңарған жомарт жерің, көркем көлім.
Даламның даңқындай боп тұршы биік.
Қадірлі, қасиетті өлкем менің!

1962

Автор: ZHARAR | 1 748 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Қадыр Мырза Али (Не қалады?)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қадыр Мырза Али (Не қалады?)
Өлең: Қалижан Бекқожин (Асығыс адам)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қалижан Бекқожин (Асығыс адам)
Өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Танктер)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Әбіш Кекілбайұлы (Танктер)
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Мен білмеймін нe болады күні ертең)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Мен білмеймін нe болады күні ертең)
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Көлің қайда туған елім?)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Көлің қайда туған елім?)
Өлең: Абай Құнанбаев (Қажымас дос халықта жоқ)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Абай Құнанбаев (Қажымас дос халықта жоқ)
Әңгіме:  Сүлеймен Баязитов | Махаббат лирикасы
Әңгімелер жинағы
Әңгіме: Сүлеймен Баязитов | Махаббат лирикасы
Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ДҮНИЕ КЕРУЕН)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Серікбай Маханов (ДҮНИЕ КЕРУЕН)
Қазақша өлең: ҰБТ
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: ҰБТ
Қазақша өлең: Оразақын Асқар (Жақсылық алда)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Оразақын Асқар (Жақсылық алда)
Қазақша өлең: Доспамбет Жырау (Айналайын Ақ Жайық)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Доспамбет Жырау (Айналайын Ақ Жайық)
Қазақша өлең: Жанкелді Немеребай (Жаңбырлы түн...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Жанкелді Немеребай (Жаңбырлы түн...)
Қазақша өлең: Жұбан Молдағалиев (Орал туралы ойлардан)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Жұбан Молдағалиев (Орал туралы ойлардан)
Қазақша өлең: Жұбан Молдағалиев (Сағындым, жайық)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Жұбан Молдағалиев (Сағындым, жайық)
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Дастарқан үстінде)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Дастарқан үстінде)
Қазақша Анекдот: БӘРІ БІР АЙТПАЙМЫН !!!
Анекдоттар мен әзілдер жинағы
Қазақша Анекдот: БӘРІ БІР АЙТПАЙМЫН !!!

KZ / Өлеңдер жинағы, жұбан молдағалиев Өлкем жайлы ойласам өлең казакша олен жубан молдагалиев стихи на казахском, жұбан молдағалиев өлеңдері, жубан молдагалиев олендери казакша, стихи на казахском жубан молдагалиев, Өлкем жайлы ойласам, жұбан молдағалиев Өлкем жайлы ойласам өлең казакша олен жубан молдагалиев стихи на казахском жұбан молдағалиев өлеңдері жубан молдагалиев олендери казакша стихи на казахском жубан молдагалиев Өлкем жайлы ойласам, Қазақша өлең: Жұбан Молдағалиев (Өлкем жайлы ойласам) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке