» » » Өлең: Қисса Зейне Зайуб (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Қисса Зейне Зайуб (Қазақ ауыз әдебиеті)

Өлең: Қисса Зейне Зайуб (Қазақ ауыз әдебиеті) казакша Өлең: Қисса Зейне Зайуб (Қазақ ауыз әдебиеті) на казахском языке
Қолыма қалам алдым хат жазғалы,
Бiрталай заман болды жұрт азғалы.
Бүгiн көрген таңда жоқ болып жатыр,
Азырақ хикаят қылып сөз қозғалы.
Қор болмас күнәһлi iстен пенде қашса,
Адамнан ақыл кетер қарны ашса.
Ғалам деген падишаның заманында
Болыпты дәулетi асқан бiр байбатша.
Нәсiпке Құдай берген кiмдер тасқан,
Пенде иман сақтаса құп жарасқан.
Ғалам деген падишаның заманында
Бiр байбатша болыпты дәулетi асқан.
Жiгiттiң жиырма бес деген шағы,
Сөйлейдi бұлбұл адам тiл мен жағы.
Шаһарында оған жетер жан болмады,
Тәңiрi о да болса берген бағы.
Патшаның әдiл екен жұртқа сөзi,
Халқына жағады екен һәр мiнезi.
Көрсетпей тiрi жанға сақтайтұғын
Патшаның Зейне Зайуб жалғыз қызы.
Зейненiң сөзi тәттi шекер балдай,
Тұрады көрген жанның сабыры қалмай.
Көркiн көрген жандар кетер емес,
Нұры-дүр он төртiншi туған айдай.
Мiнезiн сол сұлудың жан бiлгендей,
Жаманның маңайына кiм келгендей.
Патшадан сондай көркем бiр қыз туды,
Патшаның бала туып көңiлi тынды.
Осыған той-тамаша қыламын деп,
Патша халық билеген жұртын жиды.
Әдiлдiкпен жұрттарын қинайды екен,
Қорқытып қойдан жаман санайды екен.
Ұрлық пен қарлығын қойдырам деп,
Аптада шарбаққа елiн қамайды екен.
Патша жұртқа қылады қатты тарлық,
Қылмысты патшадан көрер зарлық.
«Шаһарда сұлу қыздарды қызыма нөкер қыл, жиып кел»,—деп,
Бады Сұлтан уәзiрiне қылды жарлық.
Бады Сұлтан сұлу қыздарды келген жиып,
Бәрi келдi атлас пен қамқап киiп.
Олардың да баршасы да сұлу екен,
Көрген жан тоқтау қылмас нәпсiн тыйып.
Зейненiң күн түседi қабағына,
Жетпейдi ай сәулесi тамағына.
Шаһардан таңлап алып келген қыздар
Һешбiрi тең келмейдi тырнағына.
Жаратқан бұл жаһанды Құдай шебер,
Құданың құдiретiне пенде көнер.
Шаһарда одан артық қыз болмады,
Қырық қызды ылажсыздан қылды нөкер.
Қырық қыздар бiр сарайда отырысты,
Тамаша қылды ойнап һәрбiр iстi.
Байбатша екi ат жегiп келе жата,
Қыздардың сарайына душарласты
Әйнектен бiрталай қыз көрiнедi,
Бәрi де басарға аяқ ерiнедi.
Қырық қыздардың бәрi де аққу құстай,
Зейне қыз тоты құстай түрленедi.
Байбатша жұрттан асқан жомарт едi,
Мырзаның күнде базар жүрген жерi.
Зейнеге ғашық болып ол байбатша,
Күзеттi сол әйнектi күнi-түнi.
Мұратқа иманды адам шапшаң жеттi,
Құдайым сүйген құлын пендем дептi.
Байбатша салтанатты адам екен,
Хан қызы үйде отырып көңiл еттi.
Хан қызы үйде отырып көңлi кетiп,
Әйнектен бiр нәрсенi тастайды ендi.
Өзi алар өзi берген аманатты,
Һәр жерде қорлық көрмес қолқанатты.
Бiлмейдi не екенiн ол нәрсенiң,
Қойнына салып алып үйге қайтты.
Жарасар мұсылманға Алла десе,
Қор болмас ақыреттiң қамын жесе.
Қойнындағы нәрсенi қолына алса,
Алтыннан қақпағы бар асыл кесе.
Байбатша келе жатып ой ойлады,
Iшiнде ойламаған ой қалмады.
Кесенi қолына алып ойлап-ойлап,
Бергенiн не жәйменен бiле алмады.

Әлқисса, байбатша қатыны «қожам неге кешiктi?» деп түн болған соң көшеге шығып тұр екен, байбатшаны көрген соң айтқаны:

—Байбатша, басы пiспей алма жеме,
Ақылы жақсылардың үлкен кеме.
Келушi ең күнде ерте сарайыңа,
Кешiктiң не жұмысқа мұнша неге?
—Шашылған малдарымды жия алмадым,
Жылаған көзiм жасын тыя алмадым.
Әйнектен хан қызына көзiм түстi,
Құрметi өзгеше екен қия алмадым.
—Душар кез Құдай Тағала қылған шығар,
Қолыңа қалағаның тиген шығар.
Әйнектен дидарыңды көрген болса,
Бiр нәрсе көңiл етiп берген шығар.
—Ендеше, бiздiң қатын Құдайға жақ,
Құдайға жаққан адам күнәдан пәк.
Қыз бердi алтын қақпақты асыл кесе,
Мiнеки, мұның, қатын, ақылын тап.
—Әйнектен дидарыңды көрген екен,
Қолыңа қалағаның берген екен.
«Әкем[нiң] алтын қақпақты құдығы бар,
Табысалық бүгiн сонда келсең» деген екен.
Дүниеден ойнап-күлмей кiм өтедi,
Адамды дәулет бiтсе түрлентедi.
Киiмiн екi ат жегiп киiп алып,
Құдығын падишаның күзетедi.
Байбатша жұрттан асқан дәулет бай-ды,
Адамға дәулетi жоқ бейнет бар-ды.
Түн ортасы болғанша отырды да,
Түн ортасы болғаннан соң ұйықтап қалды.
Ол жүрген хан қызынан үмiт етiп,
Сол түнi бек қайғырды есi кетiп.
Қызыл гүлдей жайнаған нұры балқып,
Қырық қызбен Зейне Зайуб келдi жетiп.
Келiптi уағдасына ендi батыр,
Һәр жерде хайласыз жан бейнет тартар.
Қырық қызбен Зейне Зайуб келгенiнде
Қорылдап құлдан жаман ұйықтап жатыр.
Қасына қырық қыз шулап өлең айтты,
Сонда да оянбайды—ұйқы қатты.
Бiр күмiс теңге, бiр алтынды қойнына салып,
Мырзаны оята алмай үйге қайтты.
Барады дүние өтiп баяны жоқ,
Азырақ баян қылсам көңiлiм тоқ.
Байбатша тұра келсе, күн шығыпты,
Қасында Зейне түгiл, дәнеме жоқ.
Байбатша күйме мiнiп той тойлайды,
Дүниеге бай адамдар һеш тоймайды.
«Қатыным бiреуменен ойнас екен,
Менi қулық қылып жiберген екен» деп ойлайды.
Оқиды жетiк молда жазған хатты,
Һәр жерде хайласыз жан бейнет тартты.
«Асықпай тұр, қатыным, мықтармын»,—деп,
Еркексiнiп ашуланып үйге қайтты.

Әлқисса, кешiккен соң сәскеге дейiн байбатшаның қатыны шыдай алмай көшеде тұр екен, байын көрiп айтқаны:

—Дәулеттiң қызығымен жүрдiңiз бе,
Жерiнде уағдалы тұрдыңыз ба?
Көңiлiң қараңғы көрiнедi,
Ай, ерiм, қыздың жүзiн көрдiңiз бе?
—Өзiмде аманатым, өлгенiм жоқ,
Һешкiмнiң үкiмiне көнгенiм жоқ.
Азғырдың менi неге шайтан болып,
Сүйткенмен қыздың жүзiн көргенiм жоқ.
—Дүниенi кiм ойламас еске түссе,
Сарайыңа жан келмес қолынан дәулет ұшса.
Бiлейiн Зейне қыздың келмегенiн,
Кәнеки, түрегелiп белiң шешшi.
Қандай жан құлақ қоймас мына сөзге,
Нұр сипаты жарасады қызыл жүзге.
Шешiнiп кәнеки деп тұра келсе,
Бiр алтын, түсе қалды күмiс теңге.
—Қасыңа Зейне Зайуб келген екен,
Ниетi саған кетiп жүрген екен.
«Мен жеттiм уағдаға, сен жетпедiң,
Мынадай алтын сенiң басың» деген екен.
Байбатша, ұйықтап жатып түске дейiн,
Һешнеме ойламайсыз кешке дейiн.
Зейне қыз патшадан туған болса,
Еркем деп сенi сынар үшке дейiн.
Жаяудың атты жемес несiбесiн,
Пенденiң шайтан бұзар көрген түсiн.
Көңiлi болса бiр нәрсе берер тағы,
Ап келшi бүгiн [барып] бiр белгiсiн.
Байбатша болып өткен бұл бiр шағы,
Сөйлейдi бұлбұл адам тiл мен жағы.
Киiмiн екi ат жегiп киiп алып,
Тұсына терезенiң келдi тағы.
Байбатшаны көрген соң Зейне Зайуб
Әйнектен үш дүркiн үш нәрсе тастады.
Байбатша дәулетiне болады мас,
Табылмас Зейне сынды қиылған қас.
Байбатша аттан түсiп қолына алса,
Бiр алтын тарақ, бiр топ маржан, бiр гауһар тас.
Байбатша қайта жүрiп үйге келдi,
Ақылы қатынының кемеңгер-дi.
Байбатша әлгi үшеуiн қолына алып,
Мәнiсiн қатынынан сұрайды ендi.
—Қолыңа қалағаның берген екен,
Әйнектен дидарыңды көрген екен.
«Әкемнiң алма егетiн алтын шарбағы бар,
Табысайық бүгiн сонда келсең» деген екен.
Байбатша шарбағынан қызды тосты,
Құданың бұрыс кетпес болса құсты.
Қыз келгенше шыдамай ұйықтап қалды,
Қайтып адам тоқтатар байлық масты.
Пендеге қиын жұмыс—ғашық оты,
Сүйегi Зейне қыздың мисле тоты.
Тағы да Зейне келсе ұйықтап жатыр,
Зейне қыз оята алмай толғаныпты.
Толғанып Зейне Зайуб зар илейдi,
Алланың бұйрығынан кiм қалмайды.
Тағы да қырық қыз шулап өлең айтты,
Сонда да ұйқысынан оянбайды.
Қасына қырық қыз шулап өлең айтты,
Сонда да оянбайды—ұйқы қатты.
Бiр күмiс, бiр мыс теңге қойнына салып,
Мырзаны оята алмай үйге қайтты.
Оянса күн шығыпты сәске болып,
Iшiнен нала болды қайғы толып.
Iшiнен құса болып ой ойлайды,
Менi сол алдап жүр ме қатыным деп.
Үйiне сол байбатша келедi тез,
Құдайдан тiлегiнiң қылады кез.
—Осы [қыз] алдап жүр ме, рас па?—деп,
Әуелi қатынынан сұрайды сөз.
—Мен саған бiлдiрейiн бiлмегенiң,
Нәсiбi таусылмайды өлмегеннiң.
Кәнеки, түрегелiп белiң шешшi,
Бiлейiн Зейне қыздың келмегенiн.
Қатынның бұл сөзiне құлақ салды,
Жоқ болса қылайын деп ашуланды.
Шешiнiп кәнеки деп тұрып едi,
Бiр күмiс, бiр мыс теңге түсе қалды.

Сонда қатынның байбатшаға айтқаны:

—Көңiлiң сенiң қызбен хош болыпты,
Бақытыңа Зейне Зайуб тұс болыпты.
Құп масқара болдың ғой осы жолы,
Кешегi алтын басың мыс болыпты.
Жете алмай уағдаңа болдың ғарiп,
Тым болмаса келмедiң сөзге жарып.
Көңiлi болса бiр нәрсе берер тағы,
Ап келшi бiр белгiсiн бүгiн барып.
Байбатша болып тұрған ол бiр шағы,
Сөйлейдi бұлбұл адам тiл мен жағы.
Күймеге екi ат жегiп мiнiп алып,
Тұсына терезенiң келдi тағы.
Қырық қыздар қарамайды жауап айтып,
Жоғалып байбатша тұр бейнет тартып.
Қырық қыздар күндегiдей қарамайды,
Қалыпты байбатшадан көңлi қайтып.
Ол қыздар байбатшаны көзi көрдi,
Байбатша қайтамын деп жауап қылды.
Зарықтырып күн батып түн болғанда
Әйнектен бiр нәрсенi алып бердi.
Байбатша Зейне үшiн болып жүр зар,
«Жеткiз деп мұратыма, Қадiр, Жаппар».
Байбатша аттан түсiп қолына алса,
Бiр күмiс бетiнде мың бiр ғалам жауабы бар.
Үйге қайтып жөнелдi қолына алып,
Мұратқа жете алмай жүр кейiп-налып.
Iшiнен құса болып ой ойлайды,
Жете алмай кетем бе деп құры қалып.
Үйiне қайтып келiп жылайды зар:
—Жете алмасам бойыма болады ар.
Ендi осының, қатыным, ақылын тап,
Бiр күмiс теңге бетiнде мың бiр ғалам жауабы бар.

Қатынның берген жауабы:

—Жетедi мұратына ердiң ерi,
Сөз сөйлесе ашылар көңiл кiрi.
Табысайық бүгiн сонан деген екен,
Әкемнiң алтын тақыт құрған жерi.
Мен саған бiлмегенiң бiлгiзейiн,
Қолыңа қалағаның тигiзейiн.
Даладан ат алдырып өзiң мiншi,
Үйден мен киiмiңдi кигiзейiн.
Қарашы Құдай берген оған бағын,
Көтергей байбатшаның аруағын.
Бiр ақыл осылайша қылайын деп,
Тiледi байбатшадан сол қолының шынашағын.
Балапты байбатшаны қыздың бәрi,
Зейне Зайуб қыз серi сүйген жары.
Тiлген соң байбатшаның шынашағын,
Ашуы ұйықтатпайды, жақты дәрi.
—Шынашақ, ұйқы келсе ашығайсың,
Ұйықтаса өне бойға шашылғайсың.
Қыз келiп амандасып тұрған шақта
Сертiмше сахат тауып басылғайсың.
Дүниеден ойнап-күлмей кiм өтедi,
Адамды дәулет бiтсе түрлентедi.
Киiмiн екi ат жегiп киiп алып,
Патшаның кеңсе үйiн күзетедi.
Тұрады түнi бойы таң атпайды,
Бойына һеш пәленi жолатпайды.
Ұйықтайтұғын мезгiлi болғанында,
Дуылдап шынашағы ұйықтатпайды.
Ол жүрген хан қызынан үмiт етiп,
Ол жерде бiраз тұрды есi кетiп.
Шыдамай шынашаққа тұрғанында,
Қырық қызбен Зейне Зайуб келдi жетiп.
Адамға гауһар иман—жан жолдас-ты,
Бергейсiң ата-анаңа ықыласты.
«Байбатша не асыл, не жасық емессiз»,—деп,
Көрiсiп Зейне Зайуб амандасты.
—Шаһарың алыс емес күнде барсаң,
Жаһанда дәулетiң мол жұрт аларсың.
Жаһанда дәулетiң мол жаннан асқан,
Сүйегiң асыл, жасық емессiз арсаң-сарсаң.
Мұратқа сабыр қылған сонда жеттi,
Құдайым сүйген құлын пендем дептi.
Көрiсiп Зейне Зайуб тұрғанында,
Ашуы шынашақтың сонда кеттi.
Жiгiтке екi келмес жалған дүние,
Ғашық қылып шайтан салды мұндай күйге.
Қырық қыздар құрмет етiп өлең айтып,
Кiргiздi күйеулетiп оңаша үйге.
Ол дүние бұл дүниеден қатты дейдi,
Қызығы бұл дүниенiң тәттi дейдi.
Екеуi ғашық болып қосылған соң,
Екеуi түске дейiн жатты дейдi.
Жарлығы падишаның сондай қиын,
Жүрекке қорыққан болар түйiн.
Бiреудiң ат шаптырған жиын тойға,
Шақырды падишаны, болды жиын.
Бұл тойдың патша келмей қызығы жоқ,
Патшаның жұрттан бөтен бұзығы жоқ.
Патша тойда отырып билiк қылса,
Қолында мөр басатын жүзiгi жоқ.
Патша қаһарланса қылар тарлық,
Қылмысты патшадан көрдi зарлық.
«Үйдегi мөһiрiмдi алып кел»,—деп,
Бады Сұлтан уәзiрiне қылды жарлық.
Бейнеттен құтылады бұрын қашса,
Адамнан ақыл кетер қарны ашса.
Зейне қыз бiр жiгiтпен бiрге жатыр,
Бады Сұлтан бұрылып есiк ашса.
Есiктi ашуланып қатты салды,
Бiр бүлiк қылайын деп есiне алды.
Есiрiк сол жасауыл келдi дағы
Патшаға iркiлместен айтып салды.
Патша бiр ой ойлап бастайды ендi:
—Оятпай төсегiнен ұста,—дейдi.
Екеуiн оятпастан ұстап алып,
Апарып бiр зынданға таста,—дейдi.
Тастауға байбатшаны жұрт ұялды,
Мырза едi дәулетi көп қайғыланды.
Мырза едi дәулетi көп ұйықтап қалған,
Түскенде ор түбiне сонда оянды.
Бастайды һәрбiр жолға Алла Тағала,
Патшаның үкiмiне бар ма шара?!
Хан келгенше қашып кетiп қалмасын деп,
Қойыпты күзетшiге екi-үш бала.
Қыз айтады:—Әй, үш бала, сыйла-сәна,
Қиын жерде жатыр деп қылма сәна.
Сiздерге айтатұғын арызым бар,
Үшеуiң құлақ салып тыңда-сәна.
—Сенi патша қызы екен деп сыйламаймыз,
Қиын жерде жатыр деп қиналмаймыз.
Сөзiңнiң айтатұғын керегi жоқ,
Не болса да жауабың тыңдамаймыз.
Қыз айтты:—Әй, үш бала, өлемiсiң,
Патшаның үкiмiне көнемiсiң?
Сiздерге айтатұғын жауабым сол,
Үйлерiн байбатшаның бiлемiсiң?
—Күнiне екi барып келушi едiк,
Шәй iшiп самауырдан қанушы едiк.
Жаһанда қайыры мол байбатшаның
Сарайын мекен қылған танушы едiк.
—Балалар, не құп едi мұнан барсаң,
Мiскiн деп бiз ғарiптен хабар алсаң.
Үшеуiңе үш уыс алтын берер едiм,
Үйiне байбатшаның барып келсең.
—Пенде иман көрмейдi харам болса,
Бейiштен иман арзан Алла десе.
Бiреуiң қайда десе, бiз не деймiз,
Дұшпанның тыста жүрген бiрi көрсе.

Сонда баланың бiреуi айтады:

Алтынды тегiн жатқан алайық та,
Киiмдi қарақшы ғып қояйық та.
Бiрiмiздiң орнымызға киiм тұрсын,
Бiреумiз жап-жалаңаш барайық та.

Әлқисса, сонда Зейненiң жалаңаш бармақшы болған балаға айтқан сөзi:

—Тұрған қатын көңiлiн тындырғайсың,
Дүниелiгiн үйiне жидырғайсың.
Күншығыстағы әйнекте қатын отыр,
Таспен ұрып әйнектi сындырғайсың.
Әйнектi таспен ұрып сындырғайсың,
Көңiлiм менiң келiп тындырғайсың.
Қатын сонда бетiңе жалт қараса,
Бiр таспен үйдiң үстiн тағы ұрғайсың.
Ғарiп болып жатырмын сөйлеспестен,
Ғарiп адам жатады көңiлi өлместен.
Бiр тасты жерге тастап үш теп тағы,
Берi қайт онан басқа тiлдеспестен.
Адамдар аты бiрге болады адас,
Жiгiттер, халал болсаң дiнге талас.
Бар киiмiн тастады ол жас бала,
Қатынға жетiп келдi жап-жалаңаш.
Тұрған қатын көңiлiн тындырады,
Дүниелiгiн үйiнде жидырады.
Күншығыстағы әйнекте қатын отыр,
Таспен ұрып әйнегiн сындырады.
Әйнегiн таспен ұрып сындырады,
Көңiлiн қыз ғарiптiң тындырады.
Қатын сонда бетiне жалт қараса,
Бiр таспен үй шатырын тағы ұрады.
Сонда қатын «тоқта» деп жауап айтты,
Алма бердi балаға өзi тәттi.
Бiр тасты жерге тастап үш тептi де,
Алманы алмай, сөйлемей кейiн қайтты.
Қол жайса дұға қабыл батасына,
Қанбайды сөздiң қулық қатасына.
Үстiне қызыл қамқап тон жамылып,
Жүгiрiп қатын келдi атасына.
—Әй, ата, мұнша дәурен сүрдiңiз бе,
Һешкiмнiң үкiмiне көндiңiз бе?
Қу бала әлгi келген не деп кеттi,
Баланың не айтқанын бiлдiңiз бе?
—Өзiмде аманатым, өлгенiм жоқ,
Ешкiмнiң үкiмiне көнгенiм жоқ.
Балам-ау, мен кәрiден не сұрайсың,
Баланың не айтқанын бiлгенiм жоқ.
—Әй, ата, бай едiң бұл шаһарда жалғыз өзiң,
Жұртыңа нанымды едi айтқан сөзiң.
Сындырды күншығыстағы әйнегiңдi,
Шықты деп айтып кеттi жалғыз көзiң.
Жалғызың уағдада тұрды,—дейдi,
Өлiмге балаң мойын бұрды,—дейдi.
Үйiңнiң төбесiне тас тастады,
Төбеңнен сенiң Құдай ұрды,—дейдi.
Жалғызың жұрттан [асқан] батыр едi,
Қолында Бады Сұлтан жатыр,—дейдi.
Бiр тасты жерге тастап үш тептi ғой,
Жалғызың жер астында жатыр,—дейдi.
Ақылмен қатын байғұс мұны бiлдi,
Бұл неден болды екен деп iшi күйдi.
Қызыл ала орамал қолына алып,
Үш уыс алма, үш уыс алтын түйдi.
Ана емшек бередi жас балаға,
Сөз айтса құлақ қоймас масқараға.
Қызыл ала орамал қолына алып
Жүгiрiп қатын келдi үш балаға.
Қатын кеп үш балаға көзiн салды,
Үш бала шырайланып тұра қалды.
Әуелi тасты ерiткен ас едi деп,
Алманы алып алдына төге салды.
Соқпақта көрмеген жан адасады,
Дiн сақтаса пендеге жарасады.
Күнi бойы аш жүрген үш балалар
Алмаға опыр-топыр таласады.
—Әйнектен үшеуiңдi көрiп едiм,
Жасымда мен де сендей болып едiм.
Күнi бойы ыстыққа шөлдеп тұр деп,
Бiр қайыр қылайын деп келiп едiм.
Әйнектен сен үш бала қарағаным,
Құдайдан халал ниет сұрағаным.
Өзiмдей мұсылманның баласы деп,
Сiздердi бек қиналып аяғаным.
Үш бала қатын айтқан тiлiне ердi,
Жақсылық жамандықтың бәрiн көрдi.
Осылайша баланы алдайын деп,
Үш балаға үш уыс тiлла бердi.
—Әй, бәйбiше, құлағың сал мына сөзге,
Һеш жақсы адам көрмедiк сенен өзге.
Бiз тараптан қалаған нәрсең бар ма,
Арманың жеткiзелiк, айтшы бiзге.
—Пәледен қырық жыл бұрын қашып едiм,
Дәулеттiң арқасымен тасып едiм.
Жалғыз-ақ арманым бар осы күнде
Жер астын бiр көрмекке ғашық едiм.
Жер асты жаман дейдi көрген адам,
Бiзден бұрын қазадан өлген адам.
Не қылса да жер асты жаман дейдi
Кiтап Құран ашып бiлген адам.
Келдiм мен соның үшiн байқайын деп,
Жаман болса нәпсiмдi тартайын деп.
Рас па жамандығы, өтiрiк пе?
Сiздерден келдiм бiлiп қайтайын деп.
Үш бала қатын айтқан тiлге нанды,
Қатынның жауабына қайран қалды.
Қолында қырық бiр құлаш арқаны бар
Қатынды байлап алып құдыққа салды.
Хан қызын бiлмегенiн бiлгiзедi,
Жолымен өзi жүрген жүргiзедi.
Өзiндей ханның қызын қатын қылып,
Киiмiн тамам бiткен кигiзедi.
—Балалар, ендi менi тартшы,—дейдi,
Жаман-жақсы iс болса айтшы,—дейдi.
Арманым жоқ, мен көрдiм құдық түбiн,
Балалар, ендi менi тартшы,—дейдi.
Үш бала қатын айтқан тiлге нанды,
Қатынның жауабына қайран қалды.
Қолында қырық бiр құлаш арқаны бар
Зынданнан ханның қызын тартып алды.
Байбатша жер астында күңiренiптi,
Хан қызы тысқа шығып түрленiптi.
Қайдан бiлсiн, қатын деп бала қалды,
Қыз жөнiн бiлдiрместен жөнелiптi.
Дүниенiң кiм шалқымас толығында,
Дүниенi қиын көрмес жiгiт күнде.
Келдi дағы құдықтан Зейне Зайуб
Отырды қырық қызбенен қалыбында.

Әлқисса, бұлар мұнда тұрсын, патшаның тойда отырып қапа болып жылағаны:

Бастаған һәрбiр жолға Құдай дейдi,
Шәрменде пенделердi қылма дейдi.
Патша тойда отырып наза болып
Қапа болып шыдай алмай жылайды ендi.
Һауада жарқыраған жұлдызымнан,
Баста жаға, маңдайда құндызымнан,
Бiр перзент қыз да болса берiп едi,
Залал көрдiм бұ сынды жалғызымнан.
Жылында жұртымды екi қинаушы едiм,
Қорқытып қойдан жаман санаушы едiм.
Ұрлық пенен қарлығын қойдырам деп,
Аптада шарбаққа елiм қамаушы едiм.
Бүгiнде көрiп тұрмын көп қорлықты,
Атағым патша болып жұртқа шықты.
Жұртыма қаншама үгiт берушi едiм,
Бұ күнде қызым менi жерге тықты.
Патша болып тұрғанымды жұрт не қылсын,
Өзiндей болғаныма кiм күйiнсiн.
Бұрын айтқан насихатым тыңдаушы едi,
Бiр иттi харами асқан жұрт не қылсын.
Патша сонша жылап қайғы тұтты,
Қасында көп жамағат арыз еттi.
Патша тойда отырып жылап-жылап,
Айлы уақыт болғанда үйге қайтты.
Инедей қайыр болмас кей малдыда,
Ес болмас сыйласаң да кей жарлыда.
Патша тойдан үйге жылап қайтса,
Тұр екен үлкен ханым қарсы алдында.

Патша айтты:

—Ей, қатыным, қосағымсыз Құдай қосқан,
Тамам жұрт патша деп алдым тосқан.
Сарайда бар ма екен, жоқ па екен Зейне Зайуб,
Бiр дұшпан айтып жүр ме екен харами асқан.
Халалдайын харамнан татып жүр ме,
Кей адам өзiн надан етiп жүр ме.
Зейнежанды бар ма екен көрiп келшi,
Бiр дұшпан харами асқан айтып жүр ме?
Бейнеттен құтылады бұрын қашса,
Ажалдан құтылмайды малын шашса.
Қырық қызбен Зейне Зайуб бiрге отыр,
Жүгiрiп ханым келiп есiк ашса.
Есiктi қуанғаннан қатты салды,
Кiм екен мұны айтқан деп ашуланды.
Патшаны сүйiншi деп қуантқалы,
Патшаның сәлдесiн келiп жұлып алды.
Патша мұны естiп бек қуанды,
Орнынан қуанғаннан түрегелдi.
Патшаның қуанғаны сондай болды,
Қызына көремiн деп өзi келдi.
Патшаның әдiл екен жұртқа өзi,
Халқына жағымды екен һәр мiнезi.
Патша келiп есiгiн ашып едi,
Еңiреп қоя бердi жалғыз қызы.
—Перзент қылып бердi маған Алла Тағалам,
Көрсем көзiм сүйiнген сен бiр панам.
Сағынған соң көргелi келiп едiм,
Неге мұнша жыладың, жаным балам?
—Ай, ата, қызметiңе жұрт таласты,
Күн көрiп дәулетiңмен көзiн ашты.
Сол себептi жылаймын, жан ата-еке,
Бiр адам рұқсатсыз есiк ашты.

Әлқисса, патшаның қуанып үйiне келiп Бады Сұлтан илән қырық жiгiттi шақырып айтқаны:

Патша қаһарланса қылар тарлық,
Қылмысты патшадан көрер зарлық.
Құдықтағы қыз-жiгiттi алып кел деп,
Бады Сұлтан уәзiрге қылды жарлық.
Жөнелдi қырық жiгiттi ертiп алып,
Зынданда қызды алмаққа көңлi барып.
Мақтан қылып сөйлейдi қырық жiгiтке,
Бады Сұлтан уәзiрi келе жатып.
—Қандай жан құлақ қоймас мына сөзге,
Нұр сипат жарасады қызыл жүзге.
Жеткiздi Құдай менi мұратыма,
Жүрушi едiм қылайын деп осы қызға.
Зейне қыз жансыз оқтай бұлғақтайды,
Сөйлесем тiптi сөзiмдi ұнатпайды.
Менiң сөзiм тiкендей тиiседi,
Өзi тауып алыпты жақсы байды.
Пендесi Алла деген көрмес бейнет,
Көредi өлмеген құр көп ғанибет.
Жiгiттер, менi дағы осал деме,
Әкесiн баласына қылдым жендет.
Қырық жiгiт сөйлеп келiп арқан салды,
Заулатып ор түбiне жетiп барды.
Ханның қызметiне белiн бағлап,
Мырзаны қатынымен тартып алды.
Қырық жiгiт жаны тәттi өле алмайды,
Кiм өлiп, дүниеде кiм қалмайды.
Ханның қызы дегенi жазым шығып,
Қырық жiгiт не қыларын бiле алмайды.
Бес намаз және иман—жан жолдас-ты,
Бергейсiң ата-анаға ықыласты.
Ханның қызы дегенi бекер шығып,
Қырық жiгiт қырылдық деп амандасты.
Қырық жiгiт Бады Сұлтан тiлiне ердi,
Қатынын байбатшаның көзi көрдi.
Патшаның үкiмiне амал бар ма,
Мырзаны қатынымен алып барды.
Патша айтты:—Уәзiрлер, сайра,—дейдi,
Ажалың жақындады, ойла,—дейдi.
Байбатша, Зейне Зайуб демедiң бе,
Әй, иттер, менiң қызым қайда?—дейдi.

Әлқисса, «қызыңызды танымаймын» деп қырық жiгiттiң берген жауабы:

—Тақсыр-ау, адам жақсы көрiнер пұлыменен,
Халалдың жүрушi едiк жолыменен.
Бiз сiздiң қызыңызды көрмедiк—танымаймыз,
Тастадық Бады Сұлтан тiлiменен.

Анда патшаның байбатшадан жауап сұрағаны:

—Байбатша, сенiң көңiлiң әлдеқалай,
Көңiлiң жасып қалыпты жылай-жылай.
Қатыныңмен қалыпсың қолға түсiп,
Түскенiң бiздiң қолға жайы қалай?
—Бейнеттен құтылады бұрын қашқан,
Ажалдан құтылмайды қара басқан.
Жатырмын қатыныммен ор түбiнде,
Бағана түрегелiп бетiмдi ашсам.
—Мынау сенiң қосағың Құдай қосқан,
Тамам жұрт патша деп алдым тосқан.
Бар едi қырық жiгiтiм, уәзiрлерiм,
Бар ма едi осыларда саған дұшпан.

Әлқисса, сонда байбатшаның ендi қатыны сөйлеп патшаға жауап бергенi:

Патша өзi дана ақылы кең,
Қатынның патшаменен ақылы тең.
Бады Сұлтан уәзiрдi өлтiрмекке,
Сөйлейдi сонда қатын хайламенен.
—Бұл iске жаман болған көңiлiм толмас,
Болғанда Тәңiрi—қазы, Құран—жолдас.
Бады Сұлтан бiр iске ренжiп едi,
Нәрсе емес ондай үлкен, болар-болмас.
Бады Сұлтан бiр күнi менi көрiп едi,
Қасыма қалжыраңдап келiп едi.
Бiр күнi оңаша үйде отырғанда
Нәпсiмнен тiлеп маған бер деп едi.
Көңiлiм ол iсiне ермеп едi,
«Асықпа, қылармын» деп кетiп едi.
Бiздiң ашқан бал болса, тақсыр ханым,
Бұл iс Бады Сұлтаннан болды,—дейдi.
Адам әдiл болмайды жалған бiр сөз болғанда,
Қисық ағаш жатпайды керулi тез болғанда.
Осы қылды ғой деп келедi көңiлiме,
Айтқан сөз уағдаға кез болғанда.
Патша мұны естiп ашуланды,
Семсерiн ашуланып қолына алды.
«Бұзық iс қылғанға—мiне осы» деп,
Бады Сұлтан батырдың басын алды.
—Бұл iске жаман болған көңiлiм толмас,
Болғанда Тәңiрi—қазы, Құран—жолдас.
Қосайын байбатшаға мен қызымды,
Харамға бiр шыққан соң халал болмас.
Жұртына шапан жауып ат мiнгiздi,
Және жазып қолынан хат бергiздi.
«Естiгендi өсек қылып айтпаңдар»,—деп,
Барша жұртқа аузынан ант бергiздi.
Сонда жұрт шапан киiп, ат мiнедi,
Және сызып қолынан хат бередi.
«Тақсыр-ау, сiзге өсек айтпаймыз»,—деп
Барша жұрт аузынан ант бередi.
Той қылып қырық сегiз күн дулатыпты,
Қызықпен тамам жұртты шулатыпты.
Сексен нарды толтырып қазына артып,
Сонымен Зейне қызды ұзатыпты.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

nurgul95 | 88 |


Комментарии для сайта Cackle

Рекомендуем:
"Карантинге жатқызамын": Желіде дәрігердің көлік жүргізушісін "қорқытқан" сәті тарады
"Карантинге жатқызамын": Желіде дәрігердің көлік жүргізушісін "қорқытқан" сәті тарады
Автокөлік үстіне іш киіммен шыққан астаналық жауапқа тартылды (видео)
Автокөлік үстіне іш киіммен шыққан астаналық жауапқа тартылды (видео)
Биыл мешіттерде Ораза айт намазы оқыла ма?: ҚМДБ жауап берді (видео)
Биыл мешіттерде Ораза айт намазы оқыла ма?: ҚМДБ жауап берді (видео)
"Жеті бөлімнен тұрады": Тәуекел Мүсілім тойын осы жазда дүркіретіп атап өтпекші
"Жеті бөлімнен тұрады": Тәуекел Мүсілім тойын осы жазда дүркіретіп атап өтпекші
Өлең: Сыршы молда (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Сыршы молда (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Атаны жоқтап айтқан «Теріс өлең» (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Атаны жоқтап айтқан «Теріс өлең» (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Қазақ халқының жоқтау жыры (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Қазақ халқының жоқтау жыры (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Жайық қызы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Жайық қызы (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Бұлбұл (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Бұлбұл (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Ей, бұлбұл (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Ей, бұлбұл (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Ақ сия-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Ақ сия-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Айқызыл гүл (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Айқызыл гүл (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Абай, күнім-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Абай, күнім-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Аққұм (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Аққұм (Қазақ ауыз әдебиеті)
Өлең: Міржақып Дулатұлы («Алаш» партиясына қосылмаған ақынға)
Өлең: Міржақып Дулатұлы («Алаш» партиясына қосылмаған ақынға)
Қазақша өлең: Танымайсың сен мені
Қазақша өлең: Танымайсың сен мені
Қазақша өлең: Абыл Тілеуұлы (Тойбастар)
Қазақша өлең: Абыл Тілеуұлы (Тойбастар)
Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Шербет пе екен бұл сезім.....)
Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Шербет пе екен бұл сезім.....)
Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Шербет пе екен бұл сезім....)
Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Шербет пе екен бұл сезім....)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақыл құсы адаспай аспандаса...)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақыл құсы адаспай аспандаса...)

KZ / Өлеңдер жинағы, қазақ ауыз әдебиеті Қисса Зейне Зайуб өлең казак ауыз адебиети казакша олен, қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері, олен Кисса Зейне Зайуб казак ауыз адебиети стихи, казак ауыз адебиети олендери, Қисса Зейне Зайуб, қазақ ауыз әдебиеті Қисса Зейне Зайуб өлең казак ауыз адебиети казакша олен қазақ ауыз әдебиеті өлеңдері олен Кисса Зейне Зайуб казак ауыз адебиети стихи казак ауыз адебиети олендери Қисса Зейне Зайуб, Өлең: Қисса Зейне Зайуб (Қазақ ауыз әдебиеті) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке