Әшірдің баласы Сыздық жайлы жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

 Әшірдің баласы Сыздық жайлы жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Биссимилла деп бастайын,
Әуелі сөздің басына.
Мұңымды айтып жылайын
Жан ашыған досыма.
Досыңа достық белгісі,
Жылайды бізге қосыла.
Келгенде жаңа Сыздығым
Он сегізге жасына.
Болғанжан мен Бақтылым
Алып кетті қасына.
Мезгілсіз ұшты ұядан,
Топтанып өңкей қаршыға.
Ақырзаман орнады,
Бұл күнде менің басыма.
Қоңырдың желі көл болды,
Көзден аққан жасыма.
Жан ашыған жұртымның
Бәрі келді қасыма.
«Өлгеннің өлмек артынан,
Жоқ» деген нақыл осы ма?
Құдай салса, қайтейін,
Нелер күн өтті арадан,
Нәресте өңкей үш бақы,
Алды әжет жараған.
Әсіресе Сыздықжан
Хан болып туған анадан.
Сыймай кетті маңлайға,
Асып туған қанадан.
Көзімен көрмей Күләшім,
Арманда қалды далада.
Іші бауырым өртеніп,
Күйемін де жанамын.
Сыртым жалын,ішім шоқ,
Өртеніп кетіп барамын.
Айналайын атыңнан,
Ұстыным, қалқам, Сыздықжан!
Қолдар ма екен деп едім?
Ата пірім «Қарахан»
Жағаладым жалбарып,
«Бахсайыс» ата «Қорасан».
Тура құрық салған соң,
Болмады себеп олардан.
Өлімнен жаман жоқ екен,
Жүрегім қалды жарылып.
Боламыз ба біз де, жұрт,
Басымнан тұман арылып?!
Келер ме екен сүйрігім,
Ата-ананы сағынып?!
Апта өтті, айда өтті,
Сағынбай жүрсін неғылып?!
Қалдың ба, қалқам, қатты ұйықтап,
Ақ топырақ жамылып?!
Ашылар ма екен ұйқысы
Жыласақ барып жабылып?!
Балапаным, ақсұңқарым,
Ұядан ұшқан айрылып.
Талмай ма, қалқам, қанатың,
Қонбай кетсең қайрылып!
Алтын сүйек сүйрігім,
Ізіңе кеттің зар қылып.
Ақсұңқарым, тұйғыным,
Балапанын қалдырған.
Балапаннан айрылсаң,
Құриды екен әл-дермен.
Біз бір сорлы бәндеміз
Боздағынан айрылған.
Боздап қалдық аюдай,
Шиесін теріп алдырған.
Ботасы өлген боз нардай,
Бар ма екен біздей зар қылған?!
Қарағым Күләшжанымның,
Қонысын құдай алдырған.
Өлімі құрсын, өрт екен,
Күйдіріп, өртеп жандырған.
Біздей бәнде болмас-ты,
Жалғызы үшін қайғырған.
Құдіретті күшті құдайдың
Жоқтан өзі бар қылған.
Топырақтан жаратып,
Бізді құдай жан қылған.
Отыз ұлын Дәуіттің
Бір намазда жай қылған.
Ибрақим халилді
Кәпірлер отқа салдырған.
Әзіреті Мұсаны
Сақтап шыққан тағдырдан.
Пайғамбардай Жүсіпті
Зынданға төрт жыл салдырған.
Керуенге кез келіп,
Құл орнына алдырған.
Құтылмайтын болдық біз,
Сыздық, сенің қайғыңнан.
Қияметке барғанда,
Шықпасаң келіп алдымнан.
Молдадан сөз сұрасаң,
Шариғатпен сөйлейді,
«Кебенек киген келер» деп.
Кебін киген келмейді.
Енді қайтып келер деп.
Түсіме менің енбейді,
Бала қалса артыңда,
Жоғалып орны өлмейді.
Ақ жарылқап, күн туып,
Шығар қайда мерейді.
Құлыншақтан айрылған
Көрдіңдер ме мендейді.
Біреу кәрі, біреу жас,
Уақтысы жетсе, жөнейді.
Өлімі құрсын қатты екен,
Ата мен анаң еңірейді.
Келінім келді үй тігіп,
Сыздығым неге келмейді?
Болмашы бар бір хабар,
Оған да көңілім сенбейді.
Ақырын сұрап отырмыз,
Құдайым әлде не дейді.
Ақ жарылқап, күн туып,
Шығар қайда мерейді.
Өлген адам тіріліп,
Пәленше келді демейді.
«Арыстан өлсе» деген сөз,
Тірі мысық төлейді.
Келе алмай кетті қыршыным,
Жиырманың бесіне.
Аузымның суы құриды,
Түсіп кетсе есіме.
Отауың келді, өзің жоқ,
Неге ермедің көшіне.
Қурап қалған ақ үйдің
Қуанайық несіне.
Он сегіз-ақ жыл екен
Өлшеп берген несібе.
Еш болмаса кірмедің
Жиырманың үшіне.
Қолдан келер амал жоқ
Құдайдың қылған ісіне.
Көкбар шауып бөрі әкеп,
Қуаныш еттің күшіңе.
Көрген қазақ таң қалды
Көркің менен түсіңе.
Саған берген тұлғаны
Берген жоқ құдай кісіге.
Ұйықтасам мұндай есіме,
Кірмеуші еді түсіме.
Үйрек ұшып, қаз қонған
Көлім қалды суалып.
Қызғалдақ шыққан бәйшешек
Қурай болды қуарып.
Қазан ұрды бауымды,
Ашылған гүлі қызарып.
Ауылымның көркі едің,
Сейілге шыққан бұралып.
Болып едің жұртқа еге,
Жаңа-жаңа сыланып.
Бәріміз де жүруші ек,
«Я, Құдайлап» қуанып.
Бұл күнде жүрген адам жоқ,
Тұлпар мініп, ту алып.
Баяғыдай заман жоқ,
Жау шаншып жүр, кім барып.
Артыңда құдай еңіретті,
Ақ отауың тұл қалып.
Отырып қалдық бәріміз,
Жаралы қудай ыңыранып,
Жарылған мұздай күңіреніп.
Ата менен анадан,
Бірге өлген адам жоқ,
Бәрі де кейін тұр қалып.
Иманы жолдас болғай да
Артын құдай оңғарып.
Ұшып кетті қаршығам,
Тұғырына қонар ма?!
Басыма түскен тұманым,
Ашылар күні болар ма?!
Артыңда қалған кемпір-шал,
Енді жұрт боп оңар ма?!
Мақшар күні жолығып,
Ғарып көңілім толар ма?!
Есіткен жан, бата қыл,
Құран оқып бұларға.
Иман бер деп тілейік,
Төрт жаһарир пайғамбар
Өткен екен олар да.

Күләштің жоқтағаны

Биссимилла деп бастайын,
Мінажат қылып құдайға,
Мұңлы пәндә мүсәпір,
Мұңсыз адам жылай ма?
Жыламайын десем де,
Өлімге пәнде шыдай ма?
Жалғыз қалып қаңғырдым,
Ата-анам қосқан жұбайға.
Құс алған қуда не сын бар,
Мені халқым сынай ма?
Мырзамды жұртым, жоқтайын,
Ұнамай ма, ұнай ма?!
Биссимиллаға келтіріп,
Сөз сөйлейін тілімді.
Ел-жұртыма айтайын,
Көңілімдегі мұңымды.
Ешкімге құдай салмасын,
Менің көрген күнімді.
Айдалада ақ мола,
Қылды құдай үйімді.
Әдірә қалып ақ отау,
Егесіз болып тігілді.
Солқылдап тұрған шыбығым,
Иілмей, сынбай жығылды.
Әлпештеп жүрген қарағым,
Қыршынынан қиылды.
Солқылдаған сүйрігім,
Алтын айдар тұлымды.
Еш болмаса бермеді,
Жиырма жыл жұрымды.
Болмады өңім түсім бе,
Дәуренім көрген бұрынғы.
Ылажым бар ма қайтейін,
Тағдырда болса сызулы.
Әділді-ай екен кітапта
Өмірдің қысқа ұзыны.
Құдіреті құдайдың
Бізге болды бір түрлі.
Жер мен аспан айналып,
Заманым болды бір қилы.
Жүгермек өлім кез болып,
Алып кетті қыршынды.
Тойымды құдай ас қылып,
Басыма салды шыршуды.
Бұ сықылды заманмен,
Көремін деп пе едім.
Жұртыма жаңа жеткенде,
Жеңі атамның қарынан,
Қолы сонда қырқылды.
Атадан тумай жатып-ақ,
Кісілік іздеп ұмтылды.
Опасыз деген осы екен,
Дүние жалған шіркін-ді.
Туғаннан-ақ қарағым,
Түрің болды бөп-бөлек.
Шырын болып атама,
Болып едің көп керек.
Асығып жүрді сорлы атам,
Жеткіншегім жетсе деп.
Көрген қазақ таң қалды,
«Төре ме» деп, «бек пе» деп.
Өзімен қатар балалар,
Тамаққа жүр өкпелеп.
Жүйрікті алып мінгізді,
«Көңілі өссін» деп ертерек.
Далада жүрсе, кісі боп,
Үйге келсе, еркелеп.
Тілеп еді құдайдан,
«Өмірін ұзақ берсе» деп,
Атаң да болды арғымақ,
Анаң да болды арғымақ.
Өтіп едің тайыңда,
Әниардан қарғып-ақ.
Шыңға шыққан қарағым,
Құлыныңнан ойнақтап.
Берді құдай абұйыр,
Атқа міндің бурақтап.
Бала би, Досбол датқадай,
Жас күніңнен қонды бақ.
Батасымен жұртымның
Қонып еді аруақ.
Шамал тимей, жел тимей,
Сөнді де қалды шамшырақ.
Тозаң алып шаң басты,
Ақ денеңді топырақ.
Жатқан шығар сүйрігім,
Екі көзі жалтырап.
Артыңда қалып, мен сорлы,
Отырмын, ойбай, зар жылап.
Төртқара бөз көйлегің
Киіп кеттің жалбырап.
«Қош» демедім қоштасып,
Арманым қатты жалғыз-ақ.
Орта жүзге белгілі
Нағашың да қайның да.
Даңқы жұртқа белгілі,
Жарықтық атам байдың да.
Келіп ең аттың алдында,
Атекем неден асықты,
Атқа қосып тайыңда.
Сондықтан қалдың,қарағым,
Бес,алты күн жанымда.
Сұңқар туған шырағым,
Өмірің болды тым қысқа.
Маңлайыма симадың,
Мендей бейбақ байғұсқа.
Шыдамай атам сорлы да,
Ертерек салды жарысқа.
Қойнына симай қуаныш,
Келгенге ісі дұрысқа.
Қоя берді, қосты да
Ауылнай би мен болысқа,
Замананың сазы деп,
Пристоп деген орысқа.
Бәріміз де мәз болдық,
Болыс деген дабысқа.
Кетті менің басымнан
Ұят та, ар да намыс та.
Өлімнің жайын білмеуші ем,
Емес екен алыста.
Несін айта берейін,
Есепсіз арман менде бар.
«Өлер бала өзгеше»,
Деген мақал сөз де бар.
Ауызға жастай іліндің,
Тілде де бар, көзде бар.
Жетім, жесір бейбақпын,
Тәуір сөзге мен де зар.
Көрмей қалған далада,
Мендей жұмыс кімде бар.
Аяғыңмен бір басқан,
Ізіңе қалқам болдым зар.
Жеткіншектен айрылған,
Жерге барып таянар.
Жолдасынан айрылған,
Отырып қалып омалар.
Жұрт кандидат сайлады,
Болыстық барып соңына.
Жұртқа ырза боп біз сорлы,
Қуаныш қылдық соны да.
Ағасы кетті болыс қып,
Ісін беріп қолына.
Өзімнен кейін болма деп,
Отырғызып орнына.
Жүре берді боздағым,
«Бала болыс» болды да.
Жастай-ақ тапты боздағым,
Ақылды да айды да.
Болғанда мұндай сұм өлім,
Бар ма еді менің ойымда.
Өлімі құрсын, өрт екен,
Кез келді менің сорыма.
Көкірек қайғы, көзде жас,
Жолықтым істің зорына.
Аяғын ас қылды,
Көкешім қылған тойында.
Нағашың «Божбан» сүйрігім,
Алдаберген-Сапарбай.
Үлкендердің отырмын,
Атын айтып атамай.
Пәленше «датқа» дегелі,
Әруақтан бата алмай.
Төркінім «Найман»Үншібай,
Бәрі де шынжыр қатарды.
294
295
ЕЛ ТҰЛҒАЛАРЫН ЖОҚТАУ
Үш
жүзге ешкім болған жоқ,
Өзімнің марқұм атамдай.
Көшкен күні ақшаны
Түйеге жүрді арта алмай.
Өңкей нәкән кез келді,
Сеңгерлі тұмсық тау таудай.
Көлден көлге қонсам деп,
Жағалады шалқардай.
Құдай мені сорлатты,
Дегеніме апармай.
Далада қалдым қаңғырып,
Құлжасын атқан арқардай.
Кеней тігіп күмістен,
Ойнаған алтын сақамдай.
Болалған жоқ еш бала,
Кешегі менің қалқамдай.
Нәресте кеткен шырағым,
Күнәға артық бата алмай.
Орасан туған қарағым,
Түнде жанған гауһардай.
Шырағымнан айрылып,
Далада қалдым қаңғырып.
Мойныма бұршақ салсамшы,
Әулиеге жалбарып.
Болалмай қалдым армансыз.
Жан үшін жөндеп айналсам,
Мен сорлыға жұртымды
Көрсетпеді апарып.
«Ертең» деді хабары,
«Кетті» деп мырзаң аттанып.
Көзімді ашып-жұмғанша,
Кетіпті құдай демде алып.
Қол ұстаспай, қоштаспай,
Арманда қалдым, мен ғаріп.
Тумай жатып Аллаға,
Қалдық екен не жазып?!
Ақыретке қыршыным,
Алалмай кетті жол азық.
Маған да, жұртым, берсейші,
Қасынан ғана көр қазып!
Талшыбықтай бұралып,
Жаңа-жаңа өскенде,
«Ойбай» шықты ауылымнан,
Төбемнен жасыл түскендей.
Батыл туған шырағым,
Еш нәрседен сескенбей.
Айтушы еді бұлар деп,
Шиелгенді шешкендей.
Уақытына келгенде,
Асылғанды кешкендей.
Көзге түстің жастай-ақ,
Құрбыңнан артық сескенбей.
Туғаннан-ақ қарағым,
Қолғанатқа жараған.
Үш атасы бек өтсе,
Хан көтерсе қарадан.
Ақ сүйектей бек болып,
Үш ата өтсе арадан.
Ортасы жіп бола ма,
Екі басы тазадан.
Бай болар құдай қаласа,
Би болар жұрты қалаған.
Көтермейді жер нені,
Не түспейді ауадан.
Сұңқарымды ұшырдым
Көлеңкелі саядан.
Болушы едің базарым,
Ауылға келсең қаладан.
Артық еді сәулетің
Өзің қатар баладан.

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий

Отан үшін құрбандыққа шалынған қыз-жігітер!

1961 жылы Оңтүстік Корея Азия елдерінің ішінде дамысы мен байлығы тұрғысынан артынан санағанда екінші орында болды. Ол кезде оларда байлық та, ақша да болған жоқ, елді аштық пен жалаңаштық жайлап тұрған болатын.
Сол кезде олардың шамасы...

0 0

Бала тәрбиесіндегі Пайғамбар (с.ғ.с.) сүннеттері

Это важно!

Адамзаттың таңдаулысы (с.ғ.с.) бала өмірге келмей жатып-ақ оған қамкөңілділік танытатын. Баланың өмір есігін ашқанын қуаныш көретін. Туыла салысымен мұсылмандық тәрбие нышандарын жасайтын. Айталық, қызы Фатима (р.а.) босанып, немересі Хасанды алғаш көргенде, үстіндегі сары жаялығын шешіп, ақ жаялыққа ораған[1]. Бұл оның сәби жынысына сай түсті таңдағанын білдірсе керек.

0 0

Құқық бұзушылықтың алдын алу

Бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі - балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.

Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр, себебі өмірлік қиын жағдайға душар болған жасөспірімдердің саны азаяр емес. Бұл санатқа, көбінесе отбасылық жағдайы....

0 0

Мектепалды даярлықта оқытудың интерактивті технологияларды еңгізу

Тақырыбы: Мектепалды даярлықта оқытудың интерактивті технологияларды еңгізу


«Мектепалды даярлық тобы»

Тәрбиеші: Кенжегарина А.К.


Сабақтың тақырыбы:   «О дыбысы мен әрпі»

Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың

 мақсат-міндеттері:

 Мақсаты: О дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру.

 1Сөз ойлап   табу, сөйлем құрап айтуға үйрету.

2.Балалардың сөздік қорларын молайту, ойлау қабілетін, дүниетанымын   кеңейту, тілін  дамыту.

3.Дидактикалық ойындар арқылы ұқыптылыққа, шапшандылыққа тәрбиелеу.

0 0

Өткеніме хат

Биыл 9 мамырда Ұлы Отан Соғысының аяқталып, Жеңіс күніне 75 жыл толады. 9 мамыр күні біздер үшін ең маңызды мереке. Себебі бұл атаулы күн біздің ата-бабамыздың жеңіске жеткен күні. Бүгінгі таңда біздер үшін аянбай тер төккен ұлы аталарымыздың арқасында біз тәуелсіз , бейбіт , бақытты әрі тоқшылықта өмір сүріп жатырмыз. Аталарымыздың өз Отанына деген сүйіспеншілігі мен батырлығы бүгінгі жастарға үлгі тұтарлық іс. Осы қасиеттер аталарымыздың....

0 0

Әкесіз үй

Тұңғышпын ғой…
Тұлымшағым желкілдеп,
Туған үйге барушы едім төркіндеп,
Сонадайдан әкем қарсы алатын,
-Құлыншағым, кел, кір,-деп…

Жанарында сәулеленіп мейірі,
Анам жүрер....

0 0

Өмір жайлы 7 ақиқат!

Өмір жайлы аитар болсам ақиқат
Ендеше мен баяндайын насихат
7 ақиқат бар екен мына өмірде
Ой саларлық , тәкаппарлау көңілге


Ақиқаттың біріншісін аитайын,
Өзгелерді жазғырма....

0 0

Құдаларға тілек

Сан жылдардың жүзі болса да бір-біріңізге деген құрмет ортаймасын. Сыйластықтарыңыздың сыры кетпесін. Әрқашан құдалық жолдарыңызбен сый-құрметке бөленіп жүре беріңіз.

0 0

Анаға тілек

 Ананың аяулы алақаны мен жылы жұрегіне, шексіз мейірімі мен кіршіксіз таза көңіліне тең келер ештеңе жоқ. Сондықтан да біздің аяулы аналарымыз бен ардақты әкелерңмңз аман болсын.

0 0