» » » Өлең: Ілияс Жансүгіров (Қонақтар мен қожайын)

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Қонақтар мен қожайын)

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Қонақтар мен қожайын) казакша Өлең: Ілияс Жансүгіров (Қонақтар мен қожайын) на казахском языке
БІРІНШІ ҚОНАҚ- ҚҰДАЙЫ ҚОНАҚ
Қожайын:
− Алыңыз қонақ, алыңыз,
Сойғанымыз қартаңдау.
Қонақ:
− Бәсе, мом - мом...
Солай ғой,
Тарамыстау, қатаңдау...
Қожайын:
− Құданың жері қуаң боп,
Оңалмапты жануар.
Қылыш сырты қазысы,
Солқылдақтау жалы бар.
Қонақ:
− Қалыңға бұрын жүруші еді
Он қойға мұндай кәрі бие.
Ендігі мынау заманда,
Енді осының бәсі не?
Қожайын:
− Үкіметшілдеу құдамыз,
Өткізді маған түйе үшін.
Кім біледі, түбі не болар...
Жақтырмайды үй ішім.

II
ЕКІНШІ ҚОНАҚ- МИЛИЦИОНЕР
Қожайын:
− Алыңыз, жолдас, алыңыз,
Сойғанымыз қартаңдау.
Қонақ:
− Бәсе, мом - мом...
Солай ғой,
Тарамыстау, қатаңдау.
Қожайын:
− Жеріміз биыл қуаң боп,
Оңалмады жануар.
Қылыш сырты қазысы,
Солқылдақтау жалы бар.
Қонақ:
− Қалыңға бұрын өтуші еді,
Он қойға мұндай кәрі бие.
Ендігі осы заманда,
Енді осының бәсі не?
Қожайын:
− Ендігі бәсін кім білсін,
Қолтумам еді жануар.
Үкімет деп отырмыз,
Қалды ғой, балам, қалыңмал...
Қонақ:
− Қатты, қатпа кәрі екен
Алсаңыз да, түйе үшін,
Әдейі кеп отырмын
Сіздің осы бие үшін.
Қожайын:
− Оны сізге кім айтты?
Жаздым ба қонақасы ма?
Мұсылман қайыры басына
Жетер деген осы да.
Милиционер қонақ:
− Қалыңмалды қосшыға,
Деді үкімет, - бақыла.
Қосшы айтты, мен келдім
Кеңсаларға шақыра.
Қожайын:
− Құдай ұрды, қатын - ау,
Құдайы қонақ қосшы екен.
Жишы әрі! Жүрек лоблыды,
Тұздығы тым ащы екен

Автор: nurgul95 | 149 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, ілияс жансүгіров Қонақтар мен қожайын өлең стихи на казахском илияс жансугиров олен казакша, ілияс жансүгіров өлеңдері, илияс жансугиров олендери, илияс жансугиров стихи на казахском, Қонақтар мен қожайын, ілияс жансүгіров Қонақтар мен қожайын өлең стихи на казахском илияс жансугиров олен казакша ілияс жансүгіров өлеңдері илияс жансугиров олендери илияс жансугиров стихи на казахском Қонақтар мен қожайын, Өлең: Ілияс Жансүгіров (Қонақтар мен қожайын) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке