Қазақша өлең: Иса Байзақов (Қадірлі қонақтар)

Қазақша өлең: Иса Байзақов (Қадірлі қонақтар) казакша Қазақша өлең: Иса Байзақов (Қадірлі қонақтар) на казахском языке

Тасыды көңілім, шалқыды,
Сүйінді мың сан балқыды.
Келе жатыр қалың топ,
Ту, ту, сонау, сонадан,
Қияда қиыр даладан,
Шаттана, шалқи шықты топ.
Электрлі жұлдыздай,
Гудогі күйлі андыздай,
Заводтан шықты қайнасып,
Алтын, металл кен атқан,
Коксті көмір таратқан,
Шахтыдан шықты жайнасып.
Қисынын тауып қибаттан,
Қиындықты қиратқан,
Ерлер шықты колхоздан,
Ат-айғырын кісінеткен,
Жүйрігін баптап есінеткен,
Ерінбес шықты совхоздан.
Түкпірден сонау бұрыштан,
Жайнаған жаңа құрылыстан,
Келе жатыр жас маман,
Жымыңдаса күлісіп,
Есебін ала білісіп,
Қызметкер де қаладан.
Айда поезд сыпылдат,
Тарт тамырын солқылдат,
Жетсін тобың жеріне,
Даярмыз біз де дайындат,
Қарсы ал музыка қоңыраулат,
Қадірлі қонақ еріңе.
Бұл топ кімдер тым қымбат.
Болар ма бұлар делегат.
Кеңес қайта сайлайтын.
Марқабат қалың табысын,
Өрлеп өмір барысын,
Шаттана келіп санайтын.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, иса байзаков Қадірлі қонақтар туралы олен иса байзақов өлең стихи на казахском языке иса байзаков, иса байзақов өлеңдері, иса байзақовтың өлеңі, иса байзаков олендери, стихи на казахском языке иса байзаков, Қадірлі қонақтар, қонақ туралы өлеңдер, конак туралы олен, иса байзаков Қадірлі қонақтар туралы олен иса байзақов өлең стихи на казахском языке иса байзаков, иса байзақов өлеңдері, иса байзақовтың өлеңі, иса байзаков олендери, стихи на казахском языке иса байзаков, Қадірлі қонақтар, қонақ туралы өлеңдер, конак ту, Қазақша өлең: Иса Байзақов (Қадірлі қонақтар), Қазақша өлең: Иса Байзақов (Қадірлі қонақтар) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке

  • Анализ сайта www.zharar.com