» » » Өлең: Ілияс Жансүгіров (Сеп сеп сеп!)

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Сеп сеп сеп!)

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Сеп сеп сеп!) казакша Өлең: Ілияс Жансүгіров (Сеп сеп сеп!) на казахском языке
Бозбала:
Жеке - жеке құлданып,
Жеген бізді бай құрсын.
Қыз бала:
Ауылым колхоз болған соң,
Қаңғырсын бай, қаңғырсын.
Бозбала:
Большевиктер, басшылар
Бастап егін салдырсын.
Қыз бала:
Социалистік еңбегім
Жер мерейін қандырсын.
Екеуі бірге:
Сеп, сеп, колхоз, Сеп, колхоз!
Большевикше ек, колхоз!
Бозбала:
Ленин туын жоғары
Тіккен ауыл қай ауыл?
Қыз бала:
Ескі ауылды қиратқан
Біздің колхоз жаңа ауыл.
Бозбала:
Жаңа жерге - жаңа ірге
Теуіп жатқан қай ауыл?
Қыз бала:
Көлігі көп машина,
Біздің колхоз - қала ауыл.
Екеуі бірге:
Сеп, сеп, ауыл, Сеп,ауыл!
Тракторды жек, ауыл!
Бозбала:
Жоспарымыз жасаулы,
Орындауды жеделдет!
Қыз бала:
Бес миллион, бес жүз мың
Гектарыңды кемелдет!
Бозбала:
Ленинше сеп!
Ленинше ек!
Екпін! Қарқын!
Кел өрлет!
Қыз бала:
«Бес жылдықты төрт жылда!»
Большевиктік біздің серт!
Екеуі бірге:
Сеп, сеп астық! Сеп астық!

Автор: nurgul95 | 95 |


Социальные комментарии Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, ілияс жансүгіров Сеп сеп сеп! өлең стихи на казахском илияс жансугиров олен казакша, ілияс жансүгіров өлеңдері, илияс жансугиров олендери, илияс жансугиров стихи на казахском, Сеп сеп сеп!, , Өлең: Ілияс Жансүгіров (Сеп сеп сеп!) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке