» » » Өлең: Ілияс Жансүгіров (Социалды көмек)

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Социалды көмек)

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Социалды көмек) казакша Өлең: Ілияс Жансүгіров (Социалды көмек) на казахском языке
Eгic тақау қалды деп,
Партия ұран салды деп,
Қаулысы боп бәрінің.
Партияның дерегін
Тұқым, сайман керегін
100 процент дайындап
Бітірген кім? «Калинин».
Ол орыстың ауданы,
Талғар, Есік, Қаскелең,
Поселкелер мекені,
Алатаудың баурайы.
Ілеменен қойындас,
Іле қазақ ауданы,
Алматының маңайы.
Күш салғаны бұлардың
Үшінші егіс майданы.
«Калинин» іс бітірді.
Егіске әбден күтінді.
Мұрттарынан күлісіп,
Жарқырап тұр майданы.
«Калинин» елі өрледі.
Ер егіні мінеки:
Өз тұқымын дайындап,
Қасындағы Ілеге
Көмекке қол сермеді.
Колхоздары қаулы қып:
Социалдық көмегі!
Көтерейін кел! - дейді.
Мұқтаж, мешеу колхозға
Ортасынан шығарып
500 центнер бергені
Осылардың дүрмегі,
Социалдық көмегі
Өзге қалың колхозға
Үлгі емес пе өрнегі?
Бұрын быт - шыт болғанда,
Колхоз болмай тұрғанда
Әркім өзі «күн көрген»
Күн көргені құрысын
Кедей тозып тентіреп,
Жарлы байға жем берген.
Қолында жоқ мұқтажға
Татырды ма бір дәннен?
Өлсе де әркім тентіреп,
Біреуге біреу сатусыз
Бергенді әлі кім көрген?
Бүгін міне қараңдар,
Қолдасып түр қосылып.
«Іле» менен «Калинин»
Бүл одағын кім көрмес,
Бұл үлгісін кім алмас,
Ауыл, қыстақ, шәрінің.
Осылардың үлгісі
Болсын дейміз жұмысы
Колхоздардың бәрінің.
Үлгісімен, ісімен
Колхоз атын ақтады.
Атындағы ауданы
Қарт большевик кәрінің!
Eзгe тақау қалды деп,
Партия ұран салды деп,
Еңбекшілер тұтасты,
Социалды көмегі,
Еңбекшілер одағы,
Ауданға аудан ұласты.
Тұқым, көлік ауысты,
Егіске бел байласты.
Қол ұстасты, тұтасты,
Поселке, ауыл қайнасты.
Бригада қаулады,
Көтермелер қайнады,
Колхоз бен колхоз қолдасты.
Егер қимыл бұл болса,
Большевиктер бастаған,
Колхоз алмас қамал да
Әй, сірә де болмас-ты

Автор: nurgul95 | 128 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Ұлы октябрь)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Ұлы октябрь)
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Нұр алғаны сол шығар)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Нұр алғаны сол шығар)
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Сеп сеп сеп!)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Сеп сеп сеп!)
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Таныңдар)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Таныңдар)
Өлең: Ілияс Жансүгіров («Еңбекші қазақ»)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ілияс Жансүгіров («Еңбекші қазақ»)
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Жанды асырау)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Ілияс Жансүгіров (Жанды асырау)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Калинин ақсақалға)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Калинин ақсақалға)
Реферат: Қазақ әдебиеті | Шәкіров Астанқұл
Рефераттар жинағы
Реферат: Қазақ әдебиеті | Шәкіров Астанқұл
Реферат: Қазақ әдебиеті | Ахмедияр Дәуленұлы Хұсайынов
Рефераттар жинағы
Реферат: Қазақ әдебиеті | Ахмедияр Дәуленұлы Хұсайынов
Реферат: Қазақ әдебиеті | Тоқтаров Төлеген
Рефераттар жинағы
Реферат: Қазақ әдебиеті | Тоқтаров Төлеген
Қазақша өлең: Иса Байзақов (Егіс)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Иса Байзақов (Егіс)
Қазақша реферат: Хакімжан Наурызбаев (1925 – 2009)
Рефераттар жинағы
Қазақша реферат: Хакімжан Наурызбаев (1925 – 2009)
Қазақша өлең: Орынбай ақын Бертағыұлы (Өлген соң бай мен жарлы мал демейді)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Орынбай ақын Бертағыұлы (Өлген соң бай мен жарлы мал демейді)
Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Ел шетінде, жау бетінде)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Ілияс Жансүгіров (Ел шетінде, жау бетінде)
Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Ат - жігіттің майданы)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Махамбет Өтемісұлы (Ат - жігіттің майданы)
Қазақша презентация (слайд): Ілияс Жансүгіров
Қазақша Презентация (слайд) жинағы
Қазақша презентация (слайд): Ілияс Жансүгіров

KZ / Өлеңдер жинағы, ілияс жансүгіров Социалды көмек өлең стихи на казахском илияс жансугиров олен казакша, ілияс жансүгіров өлеңдері, илияс жансугиров олендери, илияс жансугиров стихи на казахском, Социалды көмек, ілияс жансүгіров Социалды көмек өлең стихи на казахском илияс жансугиров олен казакша ілияс жансүгіров өлеңдері илияс жансугиров олендери илияс жансугиров стихи на казахском Социалды көмек, Өлең: Ілияс Жансүгіров (Социалды көмек) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке