» » » Өлең: Ілияс Жансүгіров (Ұлы октябрь)

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Ұлы октябрь)

Өлең: Ілияс Жансүгіров (Ұлы октябрь) казакша Өлең: Ілияс Жансүгіров (Ұлы октябрь) на казахском языке
Талайғы тарих тұрқыңда
Тапты тап жеп қанаумен,
Тапты тап жеп талаумен,
Тапталған тап тарыққан.
Табына талай құрбан боп,
Талай қызыл қырман боп,
Талайдың орны зындан боп,
Талайлар қажып қамыққан.
Талайлар жаудың торында,
Талайлар жаудың қолында,
Талайлар жаудың оғында,
Талайлар талай қан жұтқан.
Ел қан жұтқан қырғыннан,
Ер зарыққан шынжырдан,
Масайратып, мәз етіп,
Қандай қамқор ағытқан?
Сақтаған кім, панаң не?
Бұрқылдаған бораннан,
Жалтылдаған жасылдан,
Қалтылдаған қайықтан?
Патшалық құрған жуандар,
Жұртты сорған жыландар
Жағасынан алдырып,
Жағасын қашан айыртқан?
Ашынған топқа азан боп,
Асқынған топқа ажал боп,
Шауып, жаншып - жаныштап,
Жауды кім бүгін арылтқан?
Қажыған таптың қамы боп,
Қараңғы шақтың шамы боп,
Әлемнің әділ таңы боп
Алдыңды айқын танытқан?
Мешел ұлтқа арба боп,
Мешеу жұртқа тұлға боп,
Жол былай, жөн мұңдалап,
Даңғылында дамытқан?
Ел жауызын тізерлеп,
Жалмауызын жүгендеп,
Зарлы жұртты жұбатқан,
Жарлы жұртты уатқан?
Еңбекші елге қуат боп,
Жарқыраған шырақ боп,
Сарқыраған бұлақ боп
Қырға қыдыр дарытқан?
Ол кім? Қашан? Октябрь?
Октябрь ұлы - СССР.
Ол ұлға дәл он бір жыл,
Туысы тұңғыш тарихтан!

Автор: nurgul95 | 88 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, ілияс жансүгіров Ұлы октябрь өлең стихи на казахском илияс жансугиров олен казакша, ілияс жансүгіров өлеңдері, илияс жансугиров олендери, илияс жансугиров стихи на казахском, Ұлы октябрь, ілияс жансүгіров Ұлы октябрь өлең стихи на казахском илияс жансугиров олен казакша ілияс жансүгіров өлеңдері илияс жансугиров олендери илияс жансугиров стихи на казахском Ұлы октябрь, Өлең: Ілияс Жансүгіров (Ұлы октябрь) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке