![]() |
|
![]() |
Фариза Оңғарсынова (Көсемдікке тапшымыз кеңдікке де)

Көсемдікке тапшымыз, кеңдікке де,
адамдыққа, мәртікке, елдікке де,
сөйте тұра дүниені тындырғандай
баса алмаймыз аяқты кергіп неге?
Басымызға ой кірмей, кірмей міндет,
көлігімен мансаптың күндей жүрдек
зуылдаймыз, бас шайқап шытынамыз:
«Абайды ақын деседі… білмеймін», - деп.
Өрісінің көрсетіп кем-тарлығын,
жыр тағдырын шешеміз, ел тағдырын.
Жарымжан күй қалады-ау, енді қанша
сылығанмен жүректің шел-қалбырын.
Таланттарды «құлқы жоқ жағымды», - деп,
жол бойынан тастаймыз бәрін күреп.
Жер шарында, қарасаң, осы лаңнан
кетті өртеніп қаншама дарын жүрек…
Адамзатты жарық Күн қарсы алғалы,
ақиқаттың сөнбеді қанша арманы.
Топастардан тұтанар қиянаттың
ойлыларға түседі бар салмағы.
Заманында залым да, қу да – сері,
шындықты айтсаң, жейтіндей тура сені,
Әлде бәрі заңды ма?
Мүмкін онсыз
ұлылар да дүниеде тумас еді
адамдыққа, мәртікке, елдікке де,
сөйте тұра дүниені тындырғандай
баса алмаймыз аяқты кергіп неге?
Басымызға ой кірмей, кірмей міндет,
көлігімен мансаптың күндей жүрдек
зуылдаймыз, бас шайқап шытынамыз:
«Абайды ақын деседі… білмеймін», - деп.
Өрісінің көрсетіп кем-тарлығын,
жыр тағдырын шешеміз, ел тағдырын.
Жарымжан күй қалады-ау, енді қанша
сылығанмен жүректің шел-қалбырын.
Таланттарды «құлқы жоқ жағымды», - деп,
жол бойынан тастаймыз бәрін күреп.
Жер шарында, қарасаң, осы лаңнан
кетті өртеніп қаншама дарын жүрек…
Адамзатты жарық Күн қарсы алғалы,
ақиқаттың сөнбеді қанша арманы.
Топастардан тұтанар қиянаттың
ойлыларға түседі бар салмағы.
Заманында залым да, қу да – сері,
шындықты айтсаң, жейтіндей тура сені,
Әлде бәрі заңды ма?
Мүмкін онсыз
ұлылар да дүниеде тумас еді
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Қазақстанда қайырымдылық саласындағы тұлғаларға арнайы атақ беріледі 17.06.2022
» “Қорықпай Солтүстік өңірге көшуге шақырамын”: Солтүстіктен пәтер алған отбасылар алғысын білдірді 12.06.2022
» МӘМС бойынша жеңілдікке ие 15 санаттың тізімі белгілі болды 12.06.2022
Ілмектер: фариза оңғарсынова Көсемдікке тапшымыз кеңдікке де өлең стихи на казахском фариза онгарсынова олен казакша, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза онгарсынова олендери, фариза онгарсынова стихи на казахском, Көсемдікке тапшымыз кеңдікке де