» » » Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Дүйсенбі күні болғанда)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Дүйсенбі күні болғанда)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Дүйсенбі күні болғанда) казакша Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Дүйсенбі күні болғанда) на казахском языке
Дүйсенбі күні болғанда,
Ұлы сәске толғанда,
Барып едім шөп сала,
Оқыранды Қоңыр ат.
Оқыранғанда ол айтты,
Жақсы тыңда, нені айтты:

– Жапанда жалғыз жатқан шал,
Арқама менің ерді сал,
Күн ашылды көрдің бе?
Маған мін де елге бар.
Не болды екен ел мен мал?
Байқошқардың қаласы,
Оңынан аз ғой панасы.
Сен өлді деп, кейіп жүр
Еркегі, қатын-баласы.
Іздегелі жатыр ел,
Келсе бүгін шамасы.

Әуре қылмай, өзің бар,
Жазып алған сөзің бар.
Оқы да, ұқтыр сырыңды,
Сырлы өлең мен жырыңды,
Ұқпаса да баршасын,
Кейбірін ұғар данасы.
Осы сөзге құлақ сал!
Үстіме менің мініп ал,
Байқошқар мен қораның,
Аяңдап жүрген адамға,
Үш ақ сағат арасы.

Сөзін қабыл алдым да,
Тамға құлып салдым да,
Байқошқарға жөнелдім.
Ауылға таяу келгенде,
Атым тоқтап бөгелді,
Бөгеліп атым сөйледі,
Сөйлегенде не деді:

– Төс айылға қатқан мұз,
Төсіме батып кетті ғой.
«Кешегі кеткен жалмауыз
Тағы да келіп жетті ғой»,–
Деп жүре ме бұл ауыл.
Кетірген шығар күйісін.
Үдіре боран, көк дауыл.

Атыма жауап қайырдым:
– «Елге қайт» деп сен айттың,
Жаман тамнан айырдың,
Мұны білсең, неге айттың?!
Жалғыз мені күтуге
Ренжімейді бұл қауым,
Жалғыз тамға жатуға,
Бұларға мәлім шыдауым.

Өз азығым өзімде,
Салмағымды салмайым.
Жатар орын болмаса,
Бір тиынын алмайым.
Шақырып қонақ қылмаса,
Тамақ іздеп бармайым.
Нәсихат өлең ойланып,
Жазбақ болсам толғанып,
Қарындаш, қағаз қолға алып,
Жаман тамға барамын,
Біржола мұнда қалмайым!

Автор: nurgul95 | 149 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Кетті келді)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Кетті келді)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өмірдің ұнап ойынын)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өмірдің ұнап ойынын)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Піскен мен шикі)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Піскен мен шикі)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Иесіз қорада)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Иесіз қорада)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Иесіз қорада)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Иесіз қорада)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бақанас Байқошқардың көп сабазы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бақанас Байқошқардың көп сабазы)
Өлең: Махамбет Өтемісұлы (Менің атым — Махамбет)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Махамбет Өтемісұлы (Менің атым — Махамбет)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Тәжібайға)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Тәжібайға)
Ертегі: Қалайша шиебөрі жолбарысты алдады
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Қалайша шиебөрі жолбарысты алдады
Ертегі: Жарлы Сүлеймен
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Жарлы Сүлеймен
Ертегі: Шал мен кемпір
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Шал мен кемпір
Ертегі: Байғыз
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Байғыз
Қазақша өлең: Кенен Әзірбаев (Менің ұстаздарым)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Кенен Әзірбаев (Менің ұстаздарым)
Қазақша презентация (слайд): Бердібек Соқпақбаев "Менің атым - Қожа"
Қазақша Презентация (слайд) жинағы
Қазақша презентация (слайд): Бердібек Соқпақбаев "Менің атым - Қожа"
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жапанда жалғыз жаттым елден...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жапанда жалғыз жаттым елден...)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Екінші күні қонғанда)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Екінші күні қонғанда)

KZ / Өлеңдер жинағы, шәкәрім құдайбердіұлы Дүйсенбі күні болғанда өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, шакарим кудайбердиулы олендери, шакарим кудайбердиулы стихи на казахском, Дүйсенбі күні болғанда, шәкәрім құдайбердіұлы Дүйсенбі күні болғанда өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері шакарим кудайбердиулы олендери шакарим кудайбердиулы стихи на казахском Дүйсенбі күні болғанда, Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Дүйсенбі күні болғанда) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке