» » » Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Иесіз қорада)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Иесіз қорада)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Иесіз қорада) казакша Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Иесіз қорада) на казахском языке
Не күшті – себеп болған тағдыр күшті,
Сол билер өмірдегі көп жұмысты.
Елсізде биылғы қыс жалғыз жатып,
Жазып ем бұрын басқа түскен істі.

Көргенді және айтайын онан басқа:
Бір күні ағайындар шақырды асқа.
Қонақ боп, оншақты күн жүріп қалдым,
Жәнібек, Қызыл өзен, Бақанасқа.

Екі күн Жәнібекте қонақ болып,
Онан соң Баймұрынга бір күн қонып,
Қабдештің Қадыры кеп шақырған соң,
Мен бардым Бақанасқа қайта шолып.

Сыйлады жүрген жерім барын асып,
Азықтан қалам демей өзі сасып.
«Мен күтем бүгін шалды, мен күтем»,– деп.
Есікте бесеу-алтау тұр таласып.

Біреуі «түстікке алып барамыз» деп,
Бірі тұр «біз қонаққа аламыз» деп.
Кейіді кейбіреуі «бұл шал өлсе,
Көре алмай, сөзін ұқпай қаламыз» деп.

Бұл елдің байынан да кедейі мәрт,
«Күн ұзай тағы кел» деп қылады шарт.
Астығы аз, соғымшасын ерте сойған,
Демейтін «ашығамыз», неткен жомарт.

Ойласам осы өмірдің сыртқы сырын,
Жәдігей ақсақ кемпір болды түрім,
Мақсатым олай емес, ел түзетпек,
Ұғар деп тым болмаса мыңнан бірін,

Сөз тыңдап әйел-еркек алды қамап,
Ойнатқан маймылдай-ақ тамашалап.
Ниет бар менде ұқтырмақ шама келсе,
Ақ ниет, адал еңбек, таза талап.

Қонақ қып, кезек алып күндіз-түні
Сыйлады күтуінде болмай міні.
«Апарып кәрі әкемді күтемін» деп,
Тұманбай алып кетті жұма күні.

Мен бардым шақырушы балаға еріп,
Қабдеш те қалбақтады, барын беріп.
Неше күн тосып жүрген Төлеу жолда,
Ол күні қонақ болдым сонда келіп.

Бөгер деп, соқпай өттім Бақанасқа,
Бармақ боп иесіз қора – Шақпақ тасқа.
Жолшыбай Байқошқарға қонып қалып,
Кез болдым кенетінен бір науқасқа.

Тарылтты тынысымды қырылдатып,
Байланды жұмыршаққа зерде қатып.
Өлем деп, қиналам деп кейігем жоқ,
Жүрекке бір арман тұр қатты батып.

Ол арман – елсіз тамға бармағаным,
Жан білмей, аулақта өліп қалмағаным
Ешкімге масыл болмай өлсем деуші ем,
Осы ма, дағдыр, маған арнағаның!

Сонда өлсем, «елге апар» деп жалынбаймын,
Аулымды көрмедім деп сағынбаймын.
Қасына жаман тамның қоя салса,
Мен соны разылықпен қабылдаймын.

Мақсатқа қиын екен қол жете алмақ,
Амалсыз мұндағы елге болдым салмақ.
Ғафыр да Ұлықызда қалған жоқ па?
Бұйырса қайдан орын, сонда қалмақ.

Болды да сегіз күндей дертім ауыр,
Еріксіз Ғылымбайды қылдым жауыр.
Миғраж Қазбаладан дәрі әкеліп,
Сонымен іш жүргізіп, болдым тәуір.

Біржола жазылғам жоқ әлі бұдан,
Бұзылды шірік өкпе бұрынғыдан.
Күш кетіп, ет арылып, әлсіретіп,
Қалып тұр көтерем боп құр шыбын жан.

Дағдыр-ау, елсізде алмай, саған не еттім,
Кездейсоқ әркімге бір масыл еттің!
Арқасы Ғылымбайдың босасын деп,
Адым жер Кәрімқұлға азар жеттім.

Жазам не мұнша қаңғып, сенделгендей,
Біреуге міндет артып, емделгендей.
Қалымжан ауру шалды күтіп отыр,
Көтерем, арық малға жем бергендей.

Сау болсам, мұнда бүйтіп қалар ма едім,
Мазасын әркімнің бір алар ма едім?
Дариға-ай! Денсаулығым қайта келіп,
Қорама елсіздегі барар ма едім!

Жүрсем-ау су әкеліп, отын тасып,
От жағып, шай қайнатып, етімді асып.
Әркімге «ренжіді-ау» деп бір жалтақтап.
Қан жұтып отырғанша, қайғы басып.

Орнымнан үш ұмтылып тұрам азар,
Қарбанып, қайратым жоқ азық табар.
Қасымда жұмсайтұғын балам да жоқ,
Келмей тұр тым болмаса елден хабар.

Жақын деп, кейбіреуге айтсам ымдап,
Ойлаймын кете ме деп, жүре тыңдап,
Иесіз жалғыз атым жапанда жүр,
Кісім жоқ көріп келер астыртындап

Автор: nurgul95 | 231 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ана жыл әскер шығып оңнан-солдан)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ана жыл әскер шығып оңнан-солдан)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ескіден қалған сөз теріп)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ескіден қалған сөз теріп)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қатты ауырғанда)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қатты ауырғанда)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қайтқан шал)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қайтқан шал)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Наушеруан аңда жүріп киік атқан)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Наушеруан аңда жүріп киік атқан)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Шыннан өзге Құдай жоқ)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Шыннан өзге Құдай жоқ)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Алты әңгіме)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Алты әңгіме)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Иесіз қорада)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Иесіз қорада)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Дүйсенбі күні болғанда)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Дүйсенбі күні болғанда)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Аңда жүріп шөлдеген Ашам патса)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Аңда жүріп шөлдеген Ашам патса)
Әңгіме:  Ілияс Жансүгіров | Байсарының өтірігі
Әңгімелер жинағы
Әңгіме: Ілияс Жансүгіров | Байсарының өтірігі
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жер жүзіне қарасам...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жер жүзіне қарасам...)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Екінші күні қонғанда)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Екінші күні қонғанда)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бай мен қонақ)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бай мен қонақ)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақылшы торғай)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақылшы торғай)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Адамшылық)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Адамшылық)

KZ / Өлеңдер жинағы, шәкәрім құдайбердіұлы Иесіз қорада өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, шакарим кудайбердиулы олендери, шакарим кудайбердиулы стихи на казахском, Иесіз қорада, шәкәрім құдайбердіұлы Иесіз қорада өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері шакарим кудайбердиулы олендери шакарим кудайбердиулы стихи на казахском Иесіз қорада, Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Иесіз қорада) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке