» » » Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақылшы торғай)

Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақылшы торғай)

Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақылшы торғай) казакша Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақылшы торғай) на казахском языке
Бір адам жүреді екен тұзақ құрып,
Бір торғай ұстап алды сүйтіп жүріп,
Балаларға сатайын деп ойлапты,
Торғайды жазып алып ұстап тұрып.

Сонда торғай сөйлепті адамдайын:
Босатсаң, үйретемін байлық жайын.
Азар болса сатарсың үш тиынға,
Мен саған бір пайдалы сөз айтайын.

Бұрын-дағы саттың ғой талай құсты,
Қане, сонан қаншалық пайда түсті?
Тоймақ түгіл бүйірің шыққан да жоқ,
Харекет деп ойлама мұндай істі.

Айтайын үш ауыз сөз, ұғып алсаң,
Өз обалың өзіңе ұқпай қалсаң.
Соны білсең –есепсіз бай боласың,
Мал табуға айла сол, тілге нансаң.

Алғашқы сөзді айтамын қолда жүріп,
Онан кейін қораға қой қондырып.
Екіншісін сол жерде ұқтырайын,
Ең соңғысын айтамын талда отырып.

Тұзақшы қуаныпты осы сөзге,
«Келдім ғой –деп –бақ қонар жақсы кезге».
Аузынан босатпаққа уәде берді,
Алдаса, торғай көп деп мұнан өзге.

Торғай айтты: – Әрқашан аңдағайсың,
Орынсыз өтірікке нанбағайсың.
Ойланбай алдау сөзге сене көрме,
Тегінде шынның жоғын қамдағайсың.

Бұл сөзге тұзақшының көңлі ұнады,
Торғайды бір дуалға қондырады:
Алғашқы бұл сөзіңді әбден ұқтым,
Екінші сөзің қандай? – деп сұрады.

Торғай тұрып айтады тамға қонып:
Өткен іске өкінбе ыза болып.
Кеткен қайтып келмейді кейігенмен,
Құр жүдейсің ішіңе қайғы толып.

Соны айтып ұшып-қонды биік талға:
Боламын неге тұтқын сендей шалға.
Бар еді он мысқалдай гәуһар тасым,
Айрылдың соны ала алмай алдағанға.

Гәуһарды саған бермей кеттім алдап,
Ұстауға қолың жетпес енді қармап.
Мұны алсаң әлем асқан бай болушы ең,
Ала алмай өкініште қалдың зарлап.

Торғайдың алдағанын сонда біліп,
Тұзақшы өкінеді қайғы қылып.
Құдай берген асылдан айрылдым деп,
Жылайды өз сақалын өзі жұлып.

Сонда торғай айтады:–Ей, надан, мас,
Тым ұғымсыз екенсің, ақымақ нас.
Үш мысқалдық денем жоқ, кішкентаймын,
Қай жеріме сияды ол гәуһар тас?

Әуелі қисынсызға нанба дедім,
Алдау сөзге бойыңды салма дедім.
Екінші – өткен іске уайым жеп,
Емі жоқ бос қайғыға қалма дедім.

Орынсыз өтірікке сонша нандың,
Өткен іске өкініп қайғыландың.
Үшінші сөзді саған үйретпеймін,
Алдыңғы екі сөзді ұқпай қалдың.

Соны айтып торғай кетті аспанға ұшып,
Шал қалды дел-сал болып қайғы қысып.
Сол торғай үшіншіде не айтпақ еді,
Соны тап, есті болсаң, ойға түсіп?

Автор: ZHARAR | 7 215 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өзіме)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өзіме)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Аңда жүріп шөлдеген Ашам патса)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Аңда жүріп шөлдеген Ашам патса)
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Төлегенге)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Төлегенге)
Өлең: Дәуітәлі Стамбекұлы (Отаншыл торғай)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Дәуітәлі Стамбекұлы (Отаншыл торғай)
Ертегі: Қотыр торғай
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Қотыр торғай
Ертегі: Торғай мен тышқан
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Торғай мен тышқан
Ертегі: Қарлығаш пен шөже торғай
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Қарлығаш пен шөже торғай
Ертегі: Торғай мен адам
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Торғай мен адам
Ертегі: Есірік торғай
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Есірік торғай
Ертегі: Қырғи мен бөктергі
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Қырғи мен бөктергі
Реферат: Қазақстан тарихы | Торғай, Семей, Орал және Сырдария облыстары өкілдерінің кеңесі
Рефераттар жинағы
Реферат: Қазақстан тарихы | Торғай, Семей, Орал және Сырдария облыстары өкілдерінің кеңесі
Қазақша анекдот: Түрмедегі торғай
Анекдоттар мен әзілдер жинағы
Қазақша анекдот: Түрмедегі торғай
Қазақша өлең: Саят Әбенов (Торғайлықтарды қайрау)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Саят Әбенов (Торғайлықтарды қайрау)
Қазақша диктант: Қазақ тілі | Көз көрген
Қазақша Диктанттар жинағы
Қазақша диктант: Қазақ тілі | Көз көрген
Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Бір уыс мақта)
Әңгімелер жинағы
Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Бір уыс мақта)
Қазақстан өңірлері Назарбаевты 92-жылы қалай қарсы алды? (видео)
Qazaqstan жаңалықтары
Қазақстан өңірлері Назарбаевты 92-жылы қалай қарсы алды? (видео)

KZ / Өлеңдер жинағы, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңі Ақылшы торғай, шакарим кудайбердиев стихи на казахском языке, шакарим кудайбердиев стихи на казахском, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері әдеби әлем, шәкәрім құдайбердіұлының барлық өлеңдері, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, стихи на казахском языке шакарима кудайбердиева, шакарим кудайбердиев стихи на казахском языке шакарим кудайбердиев стихи на казахском шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері әдеби әлем шәкәрім құдайбердіұлының барлық өлеңдері шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері стихи на казахском языке шакарима кудайбердие, Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақылшы торғай) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке