» » » Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өзіме)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өзіме)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өзіме) казакша Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өзіме) на казахском языке
Қолда қалам, көзде жас, толқындап ой,
Шіміркеніп, тітіреп, салқындап бой,
Тозған мола сықылды сұм көрініп,
Өткен күнде қызыққан сауық пен той.

Қаның қашып, жасаурап екі көзің,
Не болдым деп табалап өзіңді-өзің.
Өткен іс ойға түсіп ұялтады,
Қисынсызды қызық деп қуған кезің.

Және ойыңа келгенде алдыңғы жақ,
Сұм жүрегің кетеді қозғалып-ақ.
Артың анау, алдың су, көз жетпейді,
Өтетұғын қамыңды ойланып бақ.

Неңді аяйсың, отырсың кімді қимай,
Құтырдың ғой тәуір-ақ жерге сыймай.
Салып-салып сандалып отырмысың,
Жоқ, өзіңе аз нәпсіңді ерте тыймай!

Досың қайсы, қимастай елің қайсы?
Ел салмағын көтерер белің қайсы?
Аузың темір татиды бәрін татып,
Жалғанды қимайтұғын жерің қайсы?

Дүние тұр қалыбында – сен өзгердің,
Бәрін көрдің, түбіне көз жібердің.
Ешкімнен көретұғын дәнеме жоқ,
Өзіңді-өзің өлімге ұстап бердің.

Пайдасыз бен баянсыз қуған ісің,
Түпсізді толтырам деп кетті күшің.
Ентелеген еңбектің бәрі жанбай,
Ақ өлімді шақырдың, сол – шын досың.

Енді қайтып сен мықты бола алмассың,
Жас күндегі тұғырға қона алмассың.
Кейін баспай, ентелеп ілгері бас,
К... айналсаң, еш жерде оңалмассың.

Құдайдан жарылқа деп жәрдем сұра,
Сен талайды қылдың ғой біле тұра.
Аяғыңды аңдап бас – өлім таяу,
Қарсы алдыңда дайын тұр қазған ұра.

Соны ойла, өзге қызық істі ойлама,
Біреуге айла, біреуге күшті ойлама.
Кеткен қайта келмейді кейісең де,
Түнде көрген көлеңке түсті ойлама

Автор: nurgul95 | 121 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, шәкәрім құдайбердіұлы Өзіме өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, шакарим кудайбердиулы олендери, шакарим кудайбердиулы стихи на казахском, Өзіме, шәкәрім құдайбердіұлы Өзіме өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері шакарим кудайбердиулы олендери шакарим кудайбердиулы стихи на казахском Өзіме, Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өзіме) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке