» » » Өлең: Күләш Ахметова (Шымылдық)

Өлең: Күләш Ахметова (Шымылдық)

Өлең: Күләш Ахметова (Шымылдық) казакша Өлең: Күләш Ахметова (Шымылдық) на казахском языке
Айрықша аққудай боп дара тұлғаң,
Арулар арасында таң атырған,
Той күні тұтылған соң ұсталған жоқ
Жеңеше, ақ шымылдық сен отырған.
Көркемдеп кестелеген көйлегін зер —
Ұмытты шымылдықты кей келіндер.
Сусылы жүрек қозғар шымылдықта
Отырған еді-ау Тоғжан, Әйгерімдер.
Өзгеріп кеттік біздер мұнша қалай?
Жүрегіңді ашық-шашық мін санамай,
Қыздары біздің жаңа уақыттың
Ұстайды денелерін тұмшаламай.
Біздерге не бар бұдан, шынында, ұтқан?
Жеңеше, боларсың сен сырымды ұққан.
Шықпаған шырын сезім сыртқа шашау
Желпейлі, әшекейлі шымылдықтан...
Жеңеше, есіңде ме керім күнің?
Даланың елестетем өрім гүлін,
Шымылдық ашылмаған ауылдастар
Бергенше байғазысын, көрімдігін.
Уақыт — дарияның ағынындай.
Жүргенде жоғалтқанды әлі ұғынбай...
Көрінбей кете барды ақ шымылдық
Даланың алыстаған сағымындай.
Саналы салт-дәстүрді сағынасың.
Қойылған қонағына тәуір асы
Халықтық қасиет пен құндылықтар —
Күн нұрлы ғұмырымның мағынасы

Автор: nurgul95 | 145 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, күлаш ахметова Шымылдық өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша, күлаш ахметова өлеңдері, кулаш ахметова олендери, кулаш ахметова стихи на казахском, Шымылдық, күлаш ахметова Шымылдық өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша күлаш ахметова өлеңдері кулаш ахметова олендери кулаш ахметова стихи на казахском Шымылдық, Өлең: Күләш Ахметова (Шымылдық) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке