Қазақша өлең: Жеңеше мен қайын сіңлі диалогы » ZHARAR © 2017 | Жеңеше мен қайын сіңлі диалогы, тақпақтар жеңеше, жеңешеңе, келді, менің, Жеңеше, Ашуланып, өзгерді, сізді, жүретін, тәтті, түнді, қанша, үніңді, «Жеңешелеп», қылығыңды, қаламын, сізге, өткіздік, санайын, Еркелігің, құрбымдайсың




  • »

Қазақша өлең: Жеңеше мен қайын сіңлі диалогы

Қазақша өлең: Жеңеше мен қайын сіңлі диалогы казакша Қазақша өлең: Жеңеше мен қайын сіңлі диалогы на казахском языке

Жеңеше,
Сіз білесіз бе?
Ағам сізді біздің үйге әкелерде,
Бақытқа қадам басып жетелерде,
Мен қарсы болғам
Ең жаманы пенденің деп ойлағам.
Болар бәлкім келіні үйдің ең жаман.
Мүмкін болар қызғаншақта сараңда,
Өзі үшін қу айлакер бола ма?
Өтірікші, арам пиғыл болып ап
Алданды ма менің байғұс ағам да?
Ағам бірақ құптамады ойымды,
Тыңдағысы келмеді бұл сөзімді.
Ашуланып, кетті дағы бұлданып,
Алып келді мына отырған өзіңді.

Бұрын сезгем осында келгенімде,
Ашуланып бұлтиып жүргеніңде.
Көп тырыстым қызындай болу үшін,
Алтындай асыл болған ата - енеме.
Досыңдай болғым келді бір өзіңе,
Ойлағам бауыр басар жүре келе,
Еркетай, айтшы маған бұл сөздерің,
Бағытталып өзге жаққа өзгерді ме?
Әлде мені соншама жек көрдің бе?

Жо - жоқ жеңге,
Сол күні орамалды таққаныңда,
Пейішім босағаны аттағанда,
Ойым - дағы өзгерді сізді көріп,
Періштедей ақ көңіл, жылы жүзді.

Еркем, сен менің құрбымдайсың бала күнгі,
Сырласпастан өткіздік қанша түнді,
«Жеңешелеп» жүретін тәтті үніңді,
Еркелігің санайын қылығыңды.

Жеңеше, мен сізге таң қаламын,
Қалайша тез үйрендің салт алабын.
Орысша білім алып оқысаң да,
Қазақтың салт дәстүрін аттамадың.

Күлімдеп жүрші жеңеше әр күн сайын,
Татулықта жүрейік біз әрдайым.
Ақылыңнан айналдым еркетайым,
Қызғалдақтай құлпырып жүр әр дайым.

Ұмытылып кетеді өткен күнде,
Сіңлім, жеңешеңе бақыт тіле.
Асты - үстіне түсетін жан ағаңның,
Еш бір адам жетпейді жеңешеңе!

Автор: Ергалиева Динара


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 1 997
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .