Қазақша өлең: Күләш Ахметова (Алтыбақан) » ZHARAR © 2016 | күләш ахметова Алтыбақан өлең стихи на казахском куляш ахметова казакша олен, күләш ахметова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке куляш ахметова, куляш ахметова олендери, Алтыбақан




  • »

Қазақша өлең: Күләш Ахметова (Алтыбақан)

Қазақша өлең: Күләш Ахметова (Алтыбақан) казакша Қазақша өлең: Күләш Ахметова (Алтыбақан) на казахском языке

Тамаша дәстүрімді халқыма тән,
Жоғалтпай, аялашы, алтын Отан!
Орны боп шын достықтың әуелесін
Үстінен жұлдыз жауған алтыбақаң.
Осында қыз танысса жігітпенен,
Жас жүрек сезімдерін ірікпеген,
Жүректен жүректерге жетіп жатқан
Бір ғажап дүние ғой үміт деген!
Табылмас жан байлығы сатып алса,
Арулар сәнденеді тотытларша.
Басына алтыбақан жиналады
Кімде-кім жүрегінде оты болса.
Жұлдыздар, сонда айрықша жанушы еңдер,
Бұлбұлдар, үнсіз тыңдап қалушы еңдер.
Ән төккен кемпірқосақ секілді еді
Айналған алтыбақан - карусельдер.
Жайқалса жапырағы жанып тоғай,
Байқалса жалғыздықтан жабыққан Ай,
Мүмкін бе пәк сезімді бастан кешу
Биікте осылай бір қалықтамай?!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 170
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .