Өлең: Күләш Ахметова (Отанды сүю)

Отан!
Басайын сенің барлық жолдарыңды,
Қосайын құстар салған хорға әнімді.
Бұлбұлдың әуезіне араласып,
Бұл әнім араласын орманыңды.
Қалдырмай байтақ елдің сай-қырларын,
Тарасын май айында майда ырғағым.
Шөптерің шөпілдесіп, бұл ырғаққа
Билесін бұлақтарың, айдындарың.
Қарасам, қазынаның табам түрін,
Күнбағыс — табақ-табақ сары алтының.
Әр тасың жай тас емес, гауһар маған,
Жақсы әтір — жалбызың мен қалампырың.
Жоқ дегем сүюімде демалыс түк,
Бағынар сағынышқа бар алыстық.
Сүйкімді құмың, шыңың, шыңырауың,
Бар бедер, бар дидарың маған ыстық!
Бар ма екен кәусарыңды қанып ішкен,
Айтамын іңкәрліктің әнін іштен.
Әрбір тал шөбіңді де, шөліңді де
Сүйемін сағынышпен, сағынышпен.
Өзіңнің келбетіңнен күнді көрем,
Мен үшін өзеніңнің сыңғыры — өлең.
Көкте емес, көкірегімде көшеді әсем
Бұлттарың үлбіреген, үлбіреген.
Үп еткен еркін самал лебің — өлең,
Өңімде, түсімде де сені көрем.
Гүлдерің, жұлдыздарың — жүрегімде,
Біргесің меніменен, меніменен!
Басайын сенің барлық жолдарыңды,
Қосайын құстар салған хорға әнімді.
Бұлбұлдың әуезіне араласып,
Бұл әнім араласын орманыңды.
Қалдырмай байтақ елдің сай-қырларын,
Тарасын май айында майда ырғағым.
Шөптерің шөпілдесіп, бұл ырғаққа
Билесін бұлақтарың, айдындарың.
Қарасам, қазынаның табам түрін,
Күнбағыс — табақ-табақ сары алтының.
Әр тасың жай тас емес, гауһар маған,
Жақсы әтір — жалбызың мен қалампырың.
Жоқ дегем сүюімде демалыс түк,
Бағынар сағынышқа бар алыстық.
Сүйкімді құмың, шыңың, шыңырауың,
Бар бедер, бар дидарың маған ыстық!
Бар ма екен кәусарыңды қанып ішкен,
Айтамын іңкәрліктің әнін іштен.
Әрбір тал шөбіңді де, шөліңді де
Сүйемін сағынышпен, сағынышпен.
Өзіңнің келбетіңнен күнді көрем,
Мен үшін өзеніңнің сыңғыры — өлең.
Көкте емес, көкірегімде көшеді әсем
Бұлттарың үлбіреген, үлбіреген.
Үп еткен еркін самал лебің — өлең,
Өңімде, түсімде де сені көрем.
Гүлдерің, жұлдыздарың — жүрегімде,
Біргесің меніменен, меніменен!
Автор: nurgul95 | 194 |
Загрузка...
Рекомендуем:

Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Менің музыкам)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Алтын жаңбыр)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Ақпан айы)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Перзенттік парыз)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Сағыныш туралы жыр)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Үшарал)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Ауылды аңсағанда)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Алатау)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Орал кеші)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Оқырманмен әңгіме)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Балкондағы гүл мұңы)

Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Табиғат даусы)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Қажытай Серікжан (Сағыну)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Бақытгүл Бабаш (Қаңтар, сені жек көрем!)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Күләш Ахметова (Жан дала – жәннат дала)

Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Ақ кимешек көрінсе)