» » » Өлең: Күләш Ахметова (Сағыныш туралы жыр)

Өлең: Күләш Ахметова (Сағыныш туралы жыр)

Өлең: Күләш Ахметова (Сағыныш туралы жыр) казакша Өлең: Күләш Ахметова (Сағыныш туралы жыр) на казахском языке
Іздейді адам бақытын, аңсағанын,
Зарығу бар үздіккен үнді әнінде.
Жапырақтар да сағынып таң самалын,
Бөленетін сияқты мұңға күнде.
Бұлбұл әнін тыңдашы ояуыңда,
Тіршілікке, құдай-ау, бәрі құштар.
Батар күннің қып-қызыл бояуында
Мәңгілікке бітпейтін сағыныш бар.
Аңсау керек есегісіз бәрімізге,
Сағынғанда адамның жалын іші.
Көмектесіп келеді әлі бізге
Бір кездегі Шопеннің сағынышы.
Өзгереді ортаның аты әр кезде,
Өмірдегі бақыттың бәрі қысқа.
Тағы құсқа тұзақ бар қатал кезде,
Түрмеңіз де түк емес сағынышқа.
Бұл тірлікте адамның бәрі арманда,
Сағынғанда есіңе түсер ескі ән.
Құрманғазы түрмеге қамалғанда
Сағынышы емес пе "Кісен ашқан".
Аңсағанын іздейді жел де түнде,
Сағынышқа толады орман әні.
Қасіреттің біреуі — жер бетінде
Сағынатын адамың болмағаны.
Сағынғанда бауырдай маған бәрі,
Сезімдердің патшасы —
ол, жарығы үстем.
Ыстық өлке, Оңтүстік адамдары,
Өздеріңе келдім мен сағынышпен.
Өз-өзінен көргенде жыр өрілді,
Құшақ жайып кең өлке алғаш маған.
Қуантады көзімді, жүрегімді
Таза шағы шалғынның шаң баспаған.
Шақырғанда шалғының, бидайларың,
Махаббатпен жыр жаздым бәрің үшін.
Мен қайтармын ортаңнан қимай бәрін,
Кең далаңды аралар сағынышым.
Сағынышы сияқты Фарабидің
Күйі қандай Оңтүстік өңірінің.
Бір домбыра төрінде бар әр үйдің,
Біреуінде қалады қоңыр үнім.
Жұлдыздардай сыңғырлы әрі күшті,
Әрі нәзік гүліндей өріктердің.
Көкірегіме сыймаған сағынышты,
Самалыңа кетерде бөліп бердім.
Бұлағыңмен кезіктім көзі мұңды,
Бұлбұлыңмен аралап тау арасын,
Өзеніңе қостым мен өз үнімді,
Кең, далаңды сыңғырлап араласын!

Арманына жетпесе, налиды ақын,
Қол созыппын биікке, дариға, тым.
Қасарғанда қайсармын сексеуілдей,
Ұқсаған-ау далама табиғатым.
Кімді сүйем, далама сүйінбесем,
Сүйінбесем қайыңдай иілмес ем.
Борышымды ойласам, шыр-шыр еткен
Бозторғайдың мазасыз күйін көшем.
Бұл даламен арманым егіз менің,
Қаңтарда қар, күзде дән тәрізді едім.
Ұйқасымда үйіріліп құйындары,
Шумағымда шулады теңіздері.
Шеңгелді де балама гүл дегіздім,
Далам жүрді ішінде жыр — лебіздің:
Қобыз айтса мен айта алмағанды,
Айтпағанын мен айтам қылқобыздың.
Қолыма алып өлеңнің қоңырауын,
Қақтым мен де, біледі оны қауым.
Көктемдегі даладай мейірлендім,
Уыз сүтке толғанда омырауым.
Жаз гүлдері жанымда желбіреді,
Жаңбырымның барын да ел біледі.
Менің шағын бойыма қалай сыйған
Байтақ, дарқан даланың белгілері?

Автор: nurgul95 | 307 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, күләш ахметова Сағыныш туралы жыр өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша, күләш ахметова өлеңдері, кулаш ахметова олендери, кулаш ахметова стихи на казахском, Сағыныш туралы жыр, күләш ахметова Сағыныш туралы жыр өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша күләш ахметова өлеңдері кулаш ахметова олендери кулаш ахметова стихи на казахском Сағыныш туралы жыр, Өлең: Күләш Ахметова (Сағыныш туралы жыр) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке