👈 қаріп өлшемі 👉

Абай Құнанбаев (Қыздарға)

 Абай Құнанбаев (Қыздарға)

Қойдан қоңыр, жылқыдан торы Бәкең,
Адалдыққа бар елдің зоры Бәкең.
Ұры-қары көбейіп, к... шөмейтіп,
Неге болды бар елдің қоры Бәкең?
Лекер, Бітімбай мен Аталықты,
Жанқожадан кім көрген қапалықты?
Байұзақ одан соңғы адамы еді,
Бәрі де кісі-ақ еді хасалықты103.
Дауылбай Қыздар менен айпар-жайпар,
Екеуі бітім десе басын шайқар.
Екі елерме бітімге жөн келер ме,
Ақылы болмаған соң артын байқар?
Сөзіңнің басы ыржаң, соңы қылжаң,
Жүгенсіз жүре бермек — сенің ырзаң.
Сенен күшті кісілер не боп жатыр,
Заманыңның тарлығын ойла, мырзам.
Шотқара кірсе алдап, шықса күлген,
Елірмелі Досаққа кісімсінген.
Бұл топта маған айтар кісі бар ма,
Дауылбай мен Қыздардың жөнін білген?
Айтқожаның қулығы сені елірткен,
Бір дем салса, күшіктей соңына ерткен.
Менің терім тарылып келе жатыр,
Бұрын кісім емес ең жалғыз шерткен

Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» 2023 жылдан бастап Қазақстанда қандай өзгерістер болады? 03.12.2022
» Алаяқтар IPO бойынша жалған мобильді қосымшаларды іске қосты 29.11.2022
» Айлакер-алаяқтар интернетте делдалдарды қалай және қандай мақсатпен іздейді 26.11.2022

Пікір жазу

Пікірлер 1

  1. Ханым
    Ханым 13.10.2022 09:55
    0 + 0 -
    Өлеңнің ішінде к.....шөмейтіп деген сонда бос орынға ұятсыз сөз жазылған ба сонда жаттау керек болса қалай жаттаймыз тастап кете алмаймыз ғой


Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы